28.01.2025 күні М.Хәкімжанова атындағы №20 жалпы білім беретін мектебінде ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өтті.
Семинардың мақсаты: Ағылшын тілі пәні сабақтарында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» құндылықтарын қолдану арқылы оқушылардың коммуникациялық қабілеттерін дамыту жолдарын таныстыру және педагогтардың тәжірибе алмасуын ұйымдастыру.
Семинардың басында директордың әдістеме жөніндегі орынбасары Маликова Акмарал Мугайдаевна сөз сөйледі. Қалалық білім бөлімінің әдіскері Габдуалиева Дамеш […]
