28.01.2025 күні М.Хәкімжанова атындағы №20 жалпы білім беретін мектебінде ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өтті.
Семинардың мақсаты: Ағылшын тілі пәні сабақтарында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» құндылықтарын қолдану арқылы оқушылардың коммуникациялық қабілеттерін дамыту жолдарын таныстыру және педагогтардың тәжірибе алмасуын ұйымдастыру.
Семинардың басында директордың әдістеме жөніндегі орынбасары Маликова Акмарал Мугайдаевна сөз сөйледі. Қалалық білім бөлімінің әдіскері Габдуалиева Дамеш Кожмухамбетовна семинар жайлы айтып өтті.
Әдістеме бірлестік жетекшісі А.Б. Кенжибаева пән мұғалімдерін таныстырды. Мектеп жайлы бейнеролик көрсетілді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Өтегенова Айгерім Қонысбайқызы «2024-2025 оқу жылындағы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жүзеге асырылуы жайлы баяндама оқыды. Баяндамасында бағдарламаның ерекшеліктері жайлы, мектептегі ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар жайлы есеп берді.
Мектеп жантанушысы Атаева Қ.Қ. «эмоционалды интеллекті дамытуға арналған тренингті өткізді.Тренингте мұғалімдердің қорқынышпен күресу үшін жасырын қорапшалар мен жасанды жануарларды қолданды.
Э.Ж.Салимжанова 4 «Ә» сыныбына «Weather» тақырыбында панорамалық бекіту ашық сабағын өткізді. Сабақтың барысында интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолданды. Сабақ барысында оқушылардың саяхат сабақ ретінде өткізді.Сабақта барысында балалар топқа бөліну үшін «киіз үй» әдісін ,қалыптастырушы бағалау үшін “Bilimclass” әдісін қолданды.Сабақ барысында жоптық, топтық және жеке тапсырмалар орындалды. Кері байланыс жасау үшін «Үйлер» әдісі қолданылды.
К.Б.Базылбекова 6 «А» сыныбына «Healthy habits» тақырыбында панораммалық ашық сабақ өткізді. Сабақ барысынды дұрыс өмір салтын ұстану жайлы, дұрыс тамақтану және пайдалы тағамдарды талқылады. Оқушылар сабақта белсенді болды. Мұғадім аудиовизуалды әдісті, wordwall платформасын, “Алма ағашы» әдісін кері байланыс жасау үшін қолданды.Сабақ барысында жұптық, топтық, жеке тапсырмалар орындалды. Оқушыларға топтық жұмыс барысынды рөлдік ойын, жағдаяттарды шешті.
К.Т.Мулдакиева 10 сыныптар арасында “The Great names of the great steppe” тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді. Іс-шара 4 кезеңнен тұрды: “ the visiting card”, “quiz”, ‘Matching cards with description”, “captain’s competition”. Оқушылар қазақ және ағылшын жазушылар, олардың еңбектеріне байланысты сұрақтарға жауап беріп, олардың өмірбаянымен танысты.
Г.Н.Нұрғали «ағылшын тілі сабақтарында инклюзивті балалармен жұмыс жасау тәсілдеріне тоқталды. Инклюзивті балалардың іріктелу топтары жайлы, олардың ерекшеліктерін, инклюзивті оқушыларға сабақ жоспарын құру жайлы шебер сыныбын өткізді. Басқа мектептен келген оқушылар есту, көру, сөйлеу кемістігі бар оқушыларға тапсырмаларды құрастырды.
Кенжибаева А.Б., Окасова Ж.К. «ағылшын тілі пәні сабақтарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы арқылы адамгершілік құндылықтарға баулу» тақырыбында шебер-сынып өткізді. Пән мұғалімдері ағылшын тілі пәні сабақтарына оқушыларға жалпыадамзаттық, рухани құндылықтарды енгізу, дидактикалық тапсырмалар арқылы оқушыларға ұлттық құндылықтарды қала дәріптеуге болатының көрсетті. Топтық жұмыс барысында басқа мұғалімдер берілген тақырыпқа құндылыққа негізделген тапсырмаларды құрастырды. Кері байланыс орнату мақсатында «Жұмыртқа» әдісі қолданылды.






