«Ілияс Жансүгіров» республикалық конкурсының облыстық кезеңінің есебі
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы» КММ-нің жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылдың 24 қаңтарында 7-11 сынып оқушыларына арналған «Ілияс Жансүгіров» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өтті. Осы конкурсқа мектебіміздің 10 «Ә» сынып оқушысы Айтмағанбет Нұрасыл «Заманның заңғар тұлғасы» номинациясы бойынша Ілияс Жансүгіровтың бір шығармасына арналған буктрейлер жасап, жүлделі 2 орын иеленді. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Алимканова Айгуль Кабденовна.
Орындаған: директордың ғылыми әдістеме жөніндегі орынбасарының м.а Нұрғали Гүлім Нұрғалиқызы
