Кәсіптік бағдар

2023 жылдың 21 сәуірі күні 9 сынып оқушылары кәсіби бағдар беру жұмысы аясында Қостанай жоғары политехникалық колледжінің ұйымдастыруымен өткен “Ашық есік” күніне қатысты. Оқушылар колледж қабырғасындағы мамандықтардың қыр-сырымен танысты.

“Esil University” көпсалалы, мультидисциплинарлы және кәсіпкерлік ЖОО өкілдері кәсіби бағдар беру жұмысын өткізді. Университет тарихы, білім беру бағдарламалары, қолданылатын бағыттар жайлы ақпарат берді.

       17.02.23 ж Қылмыстық құқық  және  процесс кафедрасының аға оқытушы М.Х.Шалгимбаев А.Байтұсынов атындағы КРУ экономика және құқық Институтының студенттерімен бірлесіп кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.

        Бүгін 9 сыныптың оқушылары кәсіби бағдар беру жұмыс жоспары аясында Қостанай автомобиль көлігі колледжінің “Ашық есік” күніне барып, мамандықтардың қыр-сырмен таныс болып келді.

11 сынып оқушылары мен ата-аналары назарына!!!

11 сынып оқушылары мен ата-аналары назарына!!!

      А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті, А.Айтмұхамбетов атындағы инженерлік және техникалық институты, Математика және физика кафедрасының аға оқытушысы, Нургельдина Асель Ермековна 11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар жұмысын жүргізді.

       8 ақпан күні 9 сыныптардың ата-аналарымен “Мамандық таңдау-болашақты таңдау” тақырыбында кәсіби бағдар беру бойынша ата-аналар жиналысы өткізілді. 
Күн тәртібінде:
1.”Мамандық таңдау-болашақты таңдау” ДТІЖО Исмагулова Г.У.
2.”Әлеуметтік қамсызданбаған отбасылар санатындағы тәрбиеленушілерге колледждерге түсудегі жеңілдіктер” әлеуметтік педагог Салкенова Ж.Т.
3.”9 сынып оқушыларының мамандыққа бейімділіктерін анықтау нәтижесі және ата-аналарды оқушының мамандық таңдаудағы психологиялық-педагогикалық қолдау” жантанушы Ғалымқазы Ә.Ғ
Қатысқан Қостанай қаласы колледждерінің өкілдері:
1.Қостанай педагогикалық колледжі.
2. Қостанай автомобиль колледжі.
3. Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі.
4. Қостанай жоғары Қазпотребсоюз колледжі.
5. Қостанай жоғары политехникалық колледжі.
6. Қостанай құрылыс колледж  қатысты.

        Бүгін, яғни 28 қараш күні кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу мақсатында “А.Байтұрсынов атындағы Қостанай Өңірлік университеті КЕАҚ” 115 ЖББМ базасында 10-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

      2022 жылдың 23 қараша күні 17 ЖББМ базасында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу мақсатында Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы және Қазақ-Америка университеті базасында құрылған бірыңғай оқу өндірістік  кешен болып табылатын халықаралық білім беру корпорациясы кездесуіне 10-11 сынып оқушылары қатысты.

        КИНЭУ-нен кәсіби бағдар бойынша маман келіп, оқушыларға бағыт-бағдар берді.

     11 сынып оқушыларына А.Байтұрсынов атындағы өңірлік университетінен мамандар келіп кәсіби бағыт-бағдар берді.

         11 қараша күні болған  Ш.Кабылбаев атындағы Ішкі істер департаменті академиясындағы ашық есік күніне 10-11 сыныптың оқушылары қатысып. Кәсіби бағдар алды.

ДАМУ

Кәсіби бағдар беру бағыты бойынша Төтенше жағдай қызметкерлері 11 сыныптың түлектерімен кездесу өткізіп, түлектерді ақпараттандыру жұмысын жүргізді.

Қостанай гуманитарлық колледжінің мамандары келіп, 9 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді.

ЖББМ №20. 10.12.2021 күні Алматы менеджмент университетінің өкілі келіп, 11 сыныптармен кәсіби бағдар беру бойынша жұмыс атқарды. Кәсіби бағдар беру жұмысына 45 оқушы қатысып, дәріс тыңдады.