ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

«Жарқын болашақ» республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің есебі

           Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы» КММ-нің жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылдың 17 қаңтарында 7-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілінен «Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасының қалалық кезеңі өтті. Олимпиаданың мақсаты – мемлекеттік тілді қолдану мен дамыту саласын кеңейту. Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша ерекше дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету. Оқушылардың дәстүр, тарих, мәдениет, тіл және әдебиет сияқты ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырады. Қала бойынша 33 мектептен 89 оқушы қатысты.

            Атаулы олимпиадаға біздің мектептен 5 оқушы қатысып 2 оқушы  жүлделі орындарды иеленді.

  1. «Сөз шеберлері» номинациясы бойынша 11 «А» сынып оқушысы Арыстанбек Елдана Әсетқызы ІІІ орын, жетекшісі Бегалина Айгуль Болатовна
  2. «Әнші-бұлбұлдар» номинациясы бойынша 11 «А» сынып оқушысы Базылханов Дияр Саматұлы ІІІ орын, жетекшісі Ибраева Гуляим Ароновна

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.