Білім сапасын арттыру: проблемалар мен шешу жолдары
2024 жылдың маусым айының 12 күні Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің Мариям Хәкімжанова атындағы №20 жалпы білім беретін мектебінде «Білім сапасын арттыру: проблемалар мен шешу жолдары»тақырыбында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастыруымен жоспарға сай облыстық семинар өткізілді. Мақсаты: Білім беруде жалпыға міндетті оқумен қамтамасыз етуді жүзеге асыру жұмыстарының тиімділігін анықтау. М.Хәкімжанова атындағы № 20 жалпы білім беретін мектеп директорының ғылыми әдістеме жөніндегі орынбасары Маликова Акмарал Мугайдаевна семинар бағдарламасымен таныстырып, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ аға әдіскері Достанбаева Сауле Калабаевна «Мектепішілік бақылау жүйесіндегі педагогикалық диагностика» тақырыбында КВИЗ өткізді. «Қостанай қаласы білім бөлімінің Мариям Хәкімжанова атындағы №20 ЖББМ» » коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жантанушысы Атаева Қолғанат Қабдығалымқызы Арт терапия «Композиция» әдісімен тренинг өткізді. «Қостанай қаласы білім бөлімінің Мариям Хәкімжанова атындағы №20 ЖББМ»КММ директорының ғылыми әдістеме жөніндегі орынбасарлары Маликова Акмарал Мугайдаевна, оқу ісі жөніндегі орынбасары Ещанова Жанаргуль Ануарбековна «Білім сапасын арттыру: проблемалар мен шешу жолдары» шебер сынып көрсетті. Қатысушы педагогтар постер арқылы тақырыптық ой қозғап, ортаға салды. Өз кезегінде «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Новоселовка ЖББМ» КММ ДОЖЖО Теміржан Нұргүл Қанатқызы Талдау басқару функциясы ретінде» практикум тәжірибе таратты. «Арқалық қаласы Восточный ауылы Восточный ЖББМ» ДОІЖО: Жумабеков Жанибек Мейрамбекович, Аманшина Таңшолпан Қазанғапқызы «Мониторинг-оқу процесіндегі мәселелердің индикаторы» шебер сынып ұсынды.Семинар соңында «Әдістемелік орталығы» КММ аға әдіскері Достанбаева Сауле Калабаевна кері байланыс жасап, алдағы жоспарларды таныстыра отырып кері байланыс жасады.





2023-2024 оқу жылы
Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының
І қалалық кезеңінің қорытындысы
№ |
Қатысушының аты-жөні |
Пәні |
Нәтижесі |
1 |
Косанова Айжан Умиткалиевна |
Биология |
1-орын |
2 |
Бейсенова Жанат Таупкеловна |
География |
2-орын |
3 |
Купеев Ермек Сексенбекович |
Көркем еңбек |
2-орын |
4 |
Қадырбек Ақсұңқар Батырғалиқызы |
Бастауыш сынып |
3-орын |
Ұстаздарымызды жүлделі орындарымен құттықтаймыз және алдағы уақытқа сәттілік тілейміз!!!
Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Купеев Ермек Сексенбекұлының іс-тәжірибе таратуы
Күні: 16.03.2022 ж.
Тақырыбы: Музыкалық аспапты құрастыру.
Мақсаты:
5.2.3.1-Өлшем мен белгілеу негізінде орындалған бұйым дайындау үшін материалдарды қол құралдарымен өңдеу
5.2.3.2-Түрлі конструкциялық, табиғи және жасанды материалдардан қарапайым бұйым дайындау
– Қауіпсіздік техникасын қадағалап оның маңыздылығын сезініп материалдарды қолдану.
– Өзінің және өзгенің жұмыстарын жетілдіру және адаптациялау бойынша ұсыныстар білдіру.
Жұмыс барысы:
Жаңартылған білім бағдарламасына сәйкес, пәндерді оқыту, функционалдық сауаттылыққа негізделген. Пәндік тақырып мазмұнын, ой елегінен өткізіп, ақпараттық технологиялардың әртүрлі үлгідегі тәсілдерін пайдаланып, талдап ұғындыру. Оқушыларды сурет қиындылары арқылы үш топқа бөлу.
Оқушылардың өткен тақырыптарды интерактивті тақтада флепчат, слайттар, видеороликтер арқылы «Түрлі түсті сұрақтар» тапсырмаларды орындау, үрмелі, ұрмалы және ішекті аспаптарға сәйкестендәру және «Жасырын әуенді тап» айдары бойынша ойнаған музыкалық аспаптың үнін оқушылар жақсы орындады.
Жаңа тақырып видеоролик арқылы түсіндірілді. Сазсырнай жасау кезеңдерін оқушылар видеодан корип өз беттерімен қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып жасады.
Жұмыс нәтижесінде Оқушылар сазсырнайдың сыртқы көлемін жасайды, оң жақ бетін тесу арқылы үнін шырара алады және әртүрлі нотада дыбыстар шығару жұмыстарын орындады. Жұмыс соңында сазсырнайды безендіру жұмыстарымен аяқтады.
Қорытынды: Сабақты қорытындылау «quizziz» бағдарламасын қолданып өз телефондары арқылы берілген код арқылы 15 сұраққа жауап беру жұмыстарын жасады. Сабақты бағалау «quizziz» бағдарламасының қорытындысымен жасалды.
Мектебіміздің жантанушысы Ғалымқазы Ә.Ғ Қостанай қаласындағы Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтының студенттерімен кездесуінде болып, өз тәжірибесімен бөлісті, болашақ психолог мамандығының қоғамдағы алатын орны, маңыздылығы туралы өзара диалог құрылды. Кездесу соңында өзара жақсы тілектер айтылды.


География пәнінің мұғалімі Бейсенова Жанат Таупкеловнаның іс-тәжірибе таратуы














