Өнерлі бала

2024-2025 оқу жылы

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

“Танцуем все вместе” Халықаралық хореографиялық байқауында 7-9 жас аралығындағы біздің мектептің оқушылары “Ерке-наз” тобы Бас жүлдені иеленді. Жетекшісі: Гауезова С.А.  Creative fest Халықаралық шығармашылық бірлестігі мектебіміздің басшысы Ещанова Жанаргуль Ануарбековнаны Қазақстанның таланттары мен мәдениетінің музыкалық-шығармашылық тәрбиесін дамытуға қосып жатқан елеулі үлесі үшін және байқауға оқушылардың белсенді қатысып, кең пейілділігі, ұстаздық таланты, өскелең ұрпаққа жоғары кәсіби шеберлігі үшін Алғыс хатпен марапаттады. Құттықтаймыз!!!

2023-2024 оқу жылы

Республикалық  «ӘНШУАҚ»  балалар ән  фестивалінің  аясында

       қалалық  «Әншуақ»  балалалар ән  байқауы

Республикалық  «ӘНШУАҚ»  балалар  ән  фестивалінің  аясында мектебімізде  қалалық  деңгейде  «Әншуақ»  балалалар ән  байқауы өтті.

      Байқауға  Қостанай қаласы мектептерінің  өнерлі  жас таланттары қатысып, өз өнерлерін  көрсетті. Сахна шымылдығы  Құрманғазының  «Балбырауын» күйімен ашылды. Байқауға қатысушыларды мектеп  басшысы Сагымбаев М.Т. құттықтап, байқау жүргізушілері әділ- қазы алқаларымен таныстырды. Әділ- қазы алқасының  мүшелері: 

Қостанай  қаласы біім бөлімінің  әдіскері Жумагулова Ж.Д.

№ 20 М.Хәкімжаова атындағы ЖББМ директордың  тәрие ісі бойынша орынбасары  Қиябаева С.С, №115 А.Бірімжанов  атындағы ЖББМ педагогы Нургалиева  Ж.Б; № 9 Ғ.Қайырбеков  атындағы ЖББМ  музыка пәні  педагогы Шакенова Б.А  қазылық  етті. Байқау  қорытындысы  бойынша талантты   әншілеріміз жас ерекшеліктеріне    қарай екі топқа  бөлініп  орта  және  жоғары  жас  бойынша, Әділ – қазы алақаларының  шешімімен  марапатталды.

        «Әншуақ»  ән  байқауына Мектебіміздің талантты  оқушыларынан  10 сынып оқушысы  Базылханов Дияр мен 6 сынып  оқушысы Жақсылықов Нурислам қатысып жүлделі  1 және 2 орындарды  жеңіп  алды

2023-2024 оқу жылында Республикалық байқау “Creative Fest” “Ерке-Наз” би ұжымы Гран-при иегері болды.

“Ерке-Наз” би ұжымы “Тобыл Тынысы” бағдарламасында

2021-2022 оқу жылы мектебіміздегі “Еркеназ”, “Аруназ” би ұжымы облыстық, республикалық би номинациясы бойынша жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, Нұр-Сұлтан қаласында өткен “Dance maniya” халықаралық би фестивалінің жүлдегері атанды. 

Мектебіміздің “Мәриям Шамшырақтары” домбыра үйірмесінің дүлділ домбырашылары “Алтын Домбыра” қалалық байқауында Утимисов Турар орта топ бойынша 1 орын, Берікбай Ясмин 2 орынға ие болды. Мектебіміздің домбырашылары ұстазы Жасұлан ағаймен Қазақстан-Қостанай телеарнасына шақырылып, жеткен жетістіктерімен бөлісті. 

Мектебіміздің “Мәриям Шамшырақтары” домбыра үйірмесінің дүлділ домбырашылары Ожан Нұралы мен Сапаров Санжар 10 желтоқсан күні Қазақстан-Қостанай телеарнасының “Тобыл тынысы” бағдарламасында қонақ болып, өз өнерлерін паш етті. Құттықтаймыз!

           “Би толқыны” қалалық би байқауында 4 “Ә” сынып оқушылары Мінайдар Мақсат пен Маханбетова Жания жоғары деңгейде өнер көрсетіп келесі кезеңге өтті: