Коучингтер

«Білімді бақылау және бағалаудың түрлері, әдістері мен формалары»

тақырыбындағы коучинг жоспары

26.10.2015ж

Тақырыбы Білімді бақылау және бағалаудың түрлері, әдістері мен формалары
Жалпы мақсат:
  • Бағалаудың түрлерін білудің маңыздылығы туралы пікірлесу, тиімді жолдарына бағыттау, дұрыс пайдалану жолдарын үйрету
  • Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалаудың әдіс тәсілдерімен  таныстыру, оны практикада қолдануға баулу.
Оқу нәтижесі: Бағалау туралы нақты түсінік алады, оны қолдану жолдарын үйренеді, сыни көзқарастары қалыптасады, өз ойларын ортаға салады, өзгенің пікірін тыңдайды
Түйінді идеялар: Бағалау түрлерін сабақтарында пайдалану жолдарын іздейді, тиімділігін түсінеді.
Ресурстар Үлестірмелі материалдар, А4, А3 қағаздары, маркерлер, интерактивті тақта
Дерек көздері: Интернет материалдар, Мұғалімге арналған нұсқаулық
I.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу

(5 минут)

 

 

 

Топқа бөлу

Коучинг сабақтың қатысушыларымен сәлемдесу

Армысыздар, құрметті әріптестер!

Мен сіздерді көргеніме өте қуаныштымын!

Сіздерге әрі бізге, өз-өзімізге қошемет көрсетейік!

1. Мұғалімдерді стикерлер арқылы топқа бөлу.

2. Сабақтың тақырыбын ашу.(Адасқан әріптер арқылы)

3. Сабақтың мақсаты мен нәтижесімен таныстыру.

Түрткі сұрақ

1- тапсырма

 

(Еркін талқылау стратегиясы)

 

(3 минут)

Мұғалімдерге А 4 парағы таратылып беріледі.

1. «Бағалау» сөзінің мағынасын ашу.

2.Ұсынылатын сұрақтар:

1.Баға дегеніміз не?
2.Бағалау дегенді қалай түсінесіз?
3.Формативті бағалау не үшін қажет?
4.Оқушы білімін бағалауда өзіңіздің іс-тәжірибеңізге өзгеріс енгізесіз бе?

 (Өз ойларыңызды айтсаңыздар)

Сергіту сәті  
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық  109 бет

Ресурс материалдар таратылады.  Интерактивті тақтадан материалдарды шолу жасау.

(2 минут)

Бағалау /лат. “жақын отыру”/оқу үдерісі мен нәтижелерін жүйелі түрде және сыни талдау, соның негізінде ағымдағы және кейінгі оқу үдерісіне қатыстытұжырым жасап, шешім немесе ұсыным шығаруға бағытталған қызмет.

Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез-келген нысанның артында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және уәжі туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады.  /Александер, 2001/

Заманауи бағалау

Ø  Қолайлы

Ø  Түсінікті

Ø  Психологиялық жағымды

Ø  Екі аспектілі (қалыптастырушы бағалауды/оқу үшін/ және жиынтық бағалауды/оқуды/ қарастыруы)  болуы тиіс

2-Тапсырма

 

(Постер дайындау және қорғау)

 

(10 минут)

1-топ.Дәстүрлі бағалаудың артықшылықтары мен кемшіліктері.
2-топ.Кэмбридждік оқытудағы бағалаудың артықшылықтары мен кемшіліктері

3-топ. Қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалаудың тиімділігі.

Топтық жұмыс

3- тапсырма

(Ойлан-Жұптас-Бөліс стратегиясы)

(10 минут)

1-топ. Ұялы телефонын бағалау

2-топ. Гүлдің суретін салу, оны бағалау

3-топ. Қысқы етікті бағалау

(Критерий бойынша бағалау)

 

Қорытындылау кезеңі

 

 

(5 минут)

 

 

 

 

 

Төмендегі сұрақтарды қою арқылы жүзеге асады.

-Сабақ желісінде бағалауды үнемі қолданып отырған тиімді ме?

-Неліктен, неге?

-Бағалау түрлерін ажыратып айта аласыз ба?

-Сіз, өз тәжірибеңізде бағалаудың қай түрін пайдаланып жүрсіз?

-Оқыту үшін бағалаудың тиімділігі неде деп ойлайсыз?

 

Рефлексия

 

 

(5 минут)

3 топқа суреттер беріледі. (еттартқыш, қоқыс жәшігі, чемодан)

 

Бүгінгі шеберлік сабағы туралы ойларын білдіреді. ,

 

             

 

 

Бүгінгі коучинг сессиядағы қарастырылған мәселелер бойынша маған қажетті деген материалды чемоданға саласыздар, маған әлі де толықтыруым қажет дегендерді еттартқышқа саласыздар, ал қажет емес дегендерді қоқыс жәшігіне саласыздар

 

Сабақтың қандай деңгейде өткені сарапталады.