«География сабағында экологиялық проблемаларды анықтау арқылы білім алушылардың ғылыми – танымдық шағырмашылықтарын арттыру» тақырыбындағы қалалық семинар өтті.

«География сабағында экологиялық проблемаларды анықтау арқылы білім алушылардың ғылыми – танымдық шағырмашылықтарын арттыру» тақырыбындағы қалалық семинар Қостанай қаласының М.Хәкімжанова атындағы №20 жалпы білім беретін мектеп қабырғасында өтті. Тәжірибе таратушы география пәнінің мұғалімі Бейсенова Жанат Таупкеловна. Мақсаты: әдістемелік нұсқау хатының негізінде білім алушылардың бойына экологиялық білім беру жолдарын көрсету, қаланың географ мамандарымен тәжірибе бөлісу.

Педагог семинарды қарсы алу сәтінен бастап соңына дейін: «Басқа ұлттардың амандасуы», «Жаңбыр тамшысы», «Көңілді іздер» және т.б әдістермен жұмыс жасады.

Жанат Таупкеловна «экология» бағыты бойынша өзінің жұмыс нәтижесімен таныстырып, балалардың шығармашылықтарын көрсететін  «Экология және біз» балалар көзімен атты көрменің ұйымдастырылуы қала педагогтерінің көңілін аулады. «Домино» ойынына жаңа қырымен қарап, оны сабақ барысына кіріктірудің жолдарын жаңа қырынан көрсете білді.

Өз еңбегінің нәтижесін, заманауи әдіс – тәсілдерін және ғаламтор платформасының сілтемелері мен мүмкіндіктерін көрсететін шағын кітапша шығарып, қала педагогтеріне сыйға тартты.

Жанат Таупкеловнаның қала мұғалімдеріне ұйымдастырылған «Шебер сынып» жоғары деңгейде өтіп, мұғалімдердің алғысына кенелді.

Педагогтің алда тұрған ашық сабағы мен тамыз конференциясында қорытынды шығаруына сәттілік тілейміз!!!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.