Ағылшын тілі пәні әдістеме бірлестігінің қалалық семинары
28.01.2025 күні М.Хәкімжанова атындағы №20 жалпы білім беретін мектебінде ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өтті.
Семинардың мақсаты: Ағылшын тілі пәні сабақтарында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» құндылықтарын қолдану арқылы оқушылардың коммуникациялық қабілеттерін дамыту жолдарын таныстыру және педагогтардың тәжірибе алмасуын ұйымдастыру.
Семинардың басында директордың әдістеме жөніндегі орынбасары Маликова Акмарал Мугайдаевна сөз сөйледі. Қалалық білім бөлімінің әдіскері Габдуалиева Дамеш Кожмухамбетовна семинар жайлы айтып өтті.
Әдістеме бірлестік жетекшісі А.Б. Кенжибаева пән мұғалімдерін таныстырды. Мектеп жайлы бейнеролик көрсетілді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Өтегенова Айгерім Қонысбайқызы «2024-2025 оқу жылындағы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жүзеге асырылуы жайлы баяндама оқыды. Баяндамасында бағдарламаның ерекшеліктері жайлы, мектептегі ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар жайлы есеп берді.
Мектеп жантанушысы Атаева Қ.Қ. «эмоционалды интеллекті дамытуға арналған тренингті өткізді.Тренингте мұғалімдердің қорқынышпен күресу үшін жасырын қорапшалар мен жасанды жануарларды қолданды.
Э.Ж.Салимжанова 4 «Ә» сыныбына «Weather» тақырыбында панорамалық бекіту ашық сабағын өткізді. Сабақтың барысында интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолданды. Сабақ барысында оқушылардың саяхат сабақ ретінде өткізді.Сабақта барысында балалар топқа бөліну үшін «киіз үй» әдісін ,қалыптастырушы бағалау үшін “Bilimclass” әдісін қолданды.Сабақ барысында жоптық, топтық және жеке тапсырмалар орындалды. Кері байланыс жасау үшін «Үйлер» әдісі қолданылды.
К.Б.Базылбекова 6 «А» сыныбына «Healthy habits» тақырыбында панораммалық ашық сабақ өткізді. Сабақ барысынды дұрыс өмір салтын ұстану жайлы, дұрыс тамақтану және пайдалы тағамдарды талқылады. Оқушылар сабақта белсенді болды. Мұғадім аудиовизуалды әдісті, wordwall платформасын, “Алма ағашы» әдісін кері байланыс жасау үшін қолданды.Сабақ барысында жұптық, топтық, жеке тапсырмалар орындалды. Оқушыларға топтық жұмыс барысынды рөлдік ойын, жағдаяттарды шешті.
К.Т.Мулдакиева 10 сыныптар арасында “The Great names of the great steppe” тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді. Іс-шара 4 кезеңнен тұрды: “ the visiting card”, “quiz”, ‘Matching cards with description”, “captain’s competition”. Оқушылар қазақ және ағылшын жазушылар, олардың еңбектеріне байланысты сұрақтарға жауап беріп, олардың өмірбаянымен танысты.
Г.Н.Нұрғали «ағылшын тілі сабақтарында инклюзивті балалармен жұмыс жасау тәсілдеріне тоқталды. Инклюзивті балалардың іріктелу топтары жайлы, олардың ерекшеліктерін, инклюзивті оқушыларға сабақ жоспарын құру жайлы шебер сыныбын өткізді. Басқа мектептен келген оқушылар есту, көру, сөйлеу кемістігі бар оқушыларға тапсырмаларды құрастырды.
Кенжибаева А.Б., Окасова Ж.К. «ағылшын тілі пәні сабақтарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы арқылы адамгершілік құндылықтарға баулу» тақырыбында шебер-сынып өткізді. Пән мұғалімдері ағылшын тілі пәні сабақтарына оқушыларға жалпыадамзаттық, рухани құндылықтарды енгізу, дидактикалық тапсырмалар арқылы оқушыларға ұлттық құндылықтарды қала дәріптеуге болатының көрсетті. Топтық жұмыс барысында басқа мұғалімдер берілген тақырыпқа құндылыққа негізделген тапсырмаларды құрастырды. Кері байланыс орнату мақсатында «Жұмыртқа» әдісі қолданылды.








2025 жылдың 23 қаңтарында «География сабағында экологиялық проблемаларды анықтау арқылы білім алушылардың ғылыми – танымдық шағырмашылықтарын арттыру» тақырыбындағы қалалық семинар Қостанай қаласының М.Хәкімжанова атындағы №20 жалпы білім беретін мектеп қабырғасында өтті.
Тәжірибе таратушы география пәнінің мұғалімі Бейсенова Жанат Таупкеловна. Мақсаты: әдістемелік нұсқау хатының негізінде білім алушылардың бойына экологиялық білім беру жолдарын көрсету, қаланың географ мамандарымен тәжірибе бөлісу. Педагог семинарды қарсы алу сәтінен бастап соңына дейін: «Басқа ұлттардың амандасуы», «Жаңбыр тамшысы», «Көңілді іздер» және т.б әдістермен жұмыс жасады.Жанат Таупкеловна «экология» бағыты бойынша өзінің жұмыс нәтижесімен таныстырып, балалардың шығармашылықтарын көрсететін «Экология және біз» балалар көзімен атты көрменің ұйымдастырылуы қала педагогтерінің көңілін аулады. «Домино» ойынына жаңа қырымен қарап, оны сабақ барысына кіріктірудің жолдарын жаңа қырынан көрсете білді. Өз еңбегінің нәтижесін, заманауи әдіс – тәсілдерін және ғаламтор платформасының сілтемелері мен мүмкіндіктерін көрсететін шағын кітапша шығарып, қала педагогтеріне сыйға тартты.Жанат Таупкеловнаның қала мұғалімдеріне ұйымдастырылған «Шебер сынып» жоғары деңгейде өтіп, мұғалімдердің алғысына кенелді.Педагогтің алда тұрған ашық сабағы мен тамыз конференциясында қорытынды шығаруына сәттілік тілейміз!!!



2024 жылдың 12 желтоқсанында «Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды жаратылыстану пәндері сабақтарына кіріктірудің тиімді жолдары» тақырыбындағы облыстық семинар Қостанай қаласының М.Хәкімжанова атындағы №20 жалпы білім беретін мектеп қабырғасында өтті.
Семинардың мақсаты: жаратылыстану сабақтарында құндылықтарды енгізе отырып білім алушылар бойында адалдық, еңбекқорлық, ұлтжандылық, патриотизмдік қасиеттерін дарыту.
Қонақтарды қарсы алу сәтінен бастап, семинардың соңына дейін жағымды атмосфера қалыптасқан болатын. Семинардың ашылуы концерттік бағдарламадан басталып, мектеп жантанушысының Атаева К.К ұйымдастыруымен өткізілген тренингтер әріптестерге жағымды эмоциялар сыйлады.
Биология, география, химия пәндерінің ұстаздары Косанова А.У, Бейсенова Ж.Т, Минайдарова З.М ұйымдастырған семинардың ашылу салтанаты, «шебер сынып», дебат клубының мүшелері мен ұстаздары арасындағы Қазақстанның өзекті мәселелерін ортаға салып талқылауы, білім алушылардың ғылыми жоба жұмыстарының таныстырылымы, «Экология және біз» балалар көзімен атты көрменің ұйымдастырылуы, «Табиғатта аялайық» тақырыбы шеңберінде «Мариям шамшырақтары» театр үйірмесінің мүшелерінің қойылымы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Семинардың жалғасы педагогтердің ашық сабақтарымен ұласты. Құндылықтарды сабақ кезеңдеріне кіріктірудің тиімді жолдарын көрсете білді, сабаққа қатысқан әріптестердің жоғары бағасына ие болды.
Бабадан мирас қалған ұлттық құндылықтарымызды қолдау мақсатында пән мұғалімдері жалпыадамзаттық құндылық элементтерін тиімді пайдалануды іс – тәжірибе жүзінде көрсете білді. Семинарды ұйымдастырған әріптестерге шығармашылық табыс пен еліміздің тұғырын берік ұстап тұра алатын, оны одан әрі дамытып, көркейтетін ұрпақ даярлай берулеріңізге тілектеспіз!











«Қазіргі заманауи теорияларды ұлттық ерекшеліктермен үйлесімді ұштастыру негізінде баланы ерте дамыту процесінің тұтастығын қамтамасыз ету» тақырыбында мектепалды сыныптарының қалалық семинары өтті.
23 сәуір 2024жылы «Қостанай қаласы білім бөлімінің М.Хәкімжанова атындағы №20 жалпы білім беретін мектебі» КММ –де «Қазіргі заманауи теорияларды ұлттық ерекшеліктермен үйлесімді ұштастыру негізінде баланы ерте дамыту процесінің тұтастығын қамтамасыз ету» тақырыбында мектепалды сыныптарының қалалық семинары өтті. Мақсаты: Заман талабына сай мектеп жасына дейінгі балалардың бойына ұлттық ерекшеліктерді сіңіре отырып, іскерлік дағдылары арқылы үйлесімді ұштастыру. Семинарға қала мектептерінен тәрбиешілер қатысты. Семинар бағдарламасы бойынша ашық сабақ, шебер сынып, тренинг өтті.
Қоршаған ортамен танысу сабағынан «Байланыс құралдары» тақырыбында Аяганова Гульшат Мендибековна ашық сабақ көрсетіп, оқытудың жаңашыл көптеген әдіс-тәсілдері қолданылып, сабақ жоғары деңгейде өтті.
Сонымен қатар, Истаева Замзагул Бериккановна «Қазіргі заман талабына сай ұлттық ойындарды ұйымдастыру арқылы балалардың қызығушылығын арттыру» тақырыбында шебер сынып көрсетті. Заман талабына сай қазақтың ұлттық ойындары туралы теориялық мағлұмат бере отырып, практика жүзінде оқушылармен бірге тәрбиешілер де ойынға қатысып, қызығушылық танытты.
Семинар соңында қатысушы әріптестер өз ойларымен бөлісіп, көптеген мағлұматтар алғандарына ризашылық білдірді. Семинар жоғары деңгейде өтті.




«Құндылықтар негізінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Бүгін М.Хәкімжанова атындағы № 20 жалпы білім беретін мектебінде облыстық деңгейде бастауыш сынып мұғалімдері мен әдіскерлерге арналған құндылықтар негізінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру және сабақтан тыс уақытта бастауыш сынып оқушыларының бойына құндылықтарды қалыптастыру тәжірибесімен бөлісу мақсатында «Құндылықтар негізінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру» тақырыбында семинар өтті. Семинарға Қостанай облысының әр өңірінен 47 ұстаз қатысты.
Әдістемелік орталықтың әдіскері Г. К. Бекмағамбетованың кіріспе сөзінен соң, мектеп директоры М. Т. Сағымбаев, ДҒӘЖЖО А.М.Маликова сөз сөйледі, директордың ДОІЖО Ж. А. Ещанова «Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингіне (ББЖМ) әдістемелік ұсынымдар» тақырыбында баяндамасын оқыды және мектеп жантанушысы Қ.Қ.Атаева «Селфи» әдісі бойынша тренинг өткізді.
Семинарға қатысқан ұстаздар топтарға бөлініп, әдебиеттік оқу, жаратылыстану, ана тілі, математика пәндері бойынша ұстаздардың: Г.К.Айгужина, Ж.С.Тажкенова, Ж.К.Шаяхметова, Н.М.Кудебаева және Ш.К.Букаеваның ашық сабақтарына қатысты. Ашық сабақ барысында ұстаздар функционалдық сауаттылықты қалыптастыру саласындағы өз тәжірибелерін көрсетті.
Семинар әрі қарай ұстаздардың «Шығармашылық әлеміне саяхат» квест ойынымен жалғасты:
«Ғылыми жобалар әлемі», Кудебаева Н.М.;
«Ұлттық қолөнер-бағалы қазыналар әлемі», Елтаева Г.А., Сакенова А.С. және Купеев Е.С.;
«Ұлттық ойындар әлемі», Исатаева З. Б. және Бралин А. Д.;
Логиканы дамытуға арналған шеберлік сабақтарын А. Б. Ансаганова мен А. Б. Қадырбек өткізді.
Семинар соңында рефлексия кезінде қатысушылар Padlet тақтайшасын қолданып, семинардан алған әсерлерімен бөлісті, ұйымдастырушылар қатысқан барлық мұғалімдерге алғыс білдірді.




«PISA халықаралық зерттеуінің жаңашылдығы» атты дөңгелек үстел М.Хәкімжанова атындағы №20 ЖББМ қабырғасында ұйымдастырылды. Мақсаты: PISA зерттеуіне енгізіліп жатқан өзгерістермен таныстыру. Дөңгелек үстелді ұйымдастырған №20 ЖББМ-нің химия – биология бірлесітігінің педагогтері Сарсенова Ардак Конакбаевна мен Косанова Айжан Умиткалиевна. Келген – қонақтарын ұлттық нақышта қарсы алып, жылы лебізбен жоспарланған іс – шараны бастап кетті.Дөңгелек үстел барысында әдістемелік бірлестік жетекшісі Сарсенова А.К бірлестік құрамы, тақырыбы, мақсаты, міндеттері мен 5 жылғы атқарылған жұмыс жүйесі мен жетістіктерімен таныстырып шықты. Екінші бөлім Косанова А.У PISA халықаралық зерттеу жұмысының мақсаты, міндеттері мен жалпы сипаттамасымен таныстырып, PISA халықаралық зерттеуінде 2025 жылға қарай жоспарланып отырған өзгерістерге тоқталып өтті. Ұйымдастырушы педагогтер практикалық бөлімді PISA тапсырмаларын сабақ барысында қолдану мүмкіндіктеріне тоқталып, әріптестер үшін құнды ақпаратпен бөлісіп, тәжірибе алмасты.Қатысушы педагогтер ұйымдастырылған іс – шараға өз ризашылығын білдірді. «Химия – биология» әдістемелік бірлесітігіне алғысымызды айта отырып, шығармашылық табыс тілейміз.






13.05.2022 жылы М.Хәкімжанова атындағы №20 жалпы білім беретін мектебінде Қалалық тарих әдістемелік бірлестігінің «Жаңартылған білім беру үрдісінде педагогтардың құзыреттілігін дамыту» эстафетасын №9 жалпы білім беретін мектебінен ресми түрде қабылдап, бүгін біздің мектебімізде тарих пәні мұғалімдерімен кезекті семинар өткізілді.
1.Директордың әдістеме жөніндегі орынбасары А.У.Сарсенбаева тарих пәні мұғалімдерімен таныстырып, сәттілік тіледі
2.Мектебіміздің жантанушысы Р.Д.Кантореева семинарға келген мұғалімдермен «Менің бақытты сәтім» психолгиялық тренинг жүргізіп, көңілді орта қалыптастырды
3.Тарих пәні мұғалімі А.М.Ержан «Өлкетану сабақтарында оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту» тақырыбында баяндама оқыды.
4.Тарих пәні мұғалімі С.А.Жансугуров «Оқушылардың тарихи нысандарға саяхаттау арқылы өлкетанымдық білімдерін тереңдету» тақырыбында өз жұмысымен таныстырып, тарих пәні мұғалімдерімен пікір таласып, ой бөлісті.
5.Практикалық бөлімінде тарих пәні мұғалімі Касымова.Г.М келген қатысушы-ұстаздарға,өлкетану сабақтарында оқушыларға берілетін тапсырмаларды орындауға ұсынды. Мұғалімдер топтарға бөлініп үш тапсырма орындады.Бірінші тапсырмада айтылған сипаттамалар бойынша Қостанайдың танымал тұлғаларын анықтады,екінші тапсырмада,берілген қағаз құрақтарынан Қостанай қаласындағы тарихи ескерткіштерді,ғимараттарды жинақтап,олардын атауын айтты. Үшінші «Менің қаламның жарқын болашағы» тапсырмада мұғалімдер шығармашылық деңгейдегі жобаларды әзірледі.
6.Тарих пәні мұғалімі Ержан.А.М мұғалімдерімен кері байланысты қағаздан адамды қиып алып, басына (қандай ойыңыз бар) ,қолына( қандай жоспарыңыз) ,аяғына( тақырып бойынша нені іске асырдыңыз) және жүрек тұсына ( жылы лебіз) ойын түрінде өткізіп Қазақстан картасына өз қалаған қалаға ілінді.
7.Семинар аяқтау барысында «Жаңартылған білім беру үрдісінде педагогтардың құзыреттілігін дамыту» эстафетасынын кубогы салтанатты және сертификаты түрде №10 жалпы білім беретін мектебіне табысталды.
2022 жылдың 5 мамырында М.Хәкімжанова атындағы №20 жалпы білім беретін мектепте «Ұлтына ұлағат қалдырған тұлғалар» тақырыбында заңғар жазушылар Ғ.Мүсірепов пен Ғ.Мұстафиннің 120 жасқа толу құрметіне арналған қостанайлық ақын-жазушылармен тағылымды кездесу кеші ұйымдастырылды.
Қостанай облысы әкімі білім басқармасының «Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ-нің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың 5 мамырында М.Хәкімжанова атындағы №20 жалпы білім беретін мектепте «Ұлтына ұлағат қалдырған тұлғалар» тақырыбында заңғар жазушылар Ғ.Мүсірепов пен Ғ.Мұстафиннің 120 жасқа толу құрметіне арналған қостанайлық ақын-жазушылармен тағылымды кездесу кеші ұйымдастырылды.
Өткізілген іс-шараға ынтымақтастық қарым-қатынастағы Павлодар, Көкшетау облыстарының мектептері.туған жері-кеншілер қаласы Қарағандының педагогтары қашықтық форматта шақырылды.
Тағылымды кездесу кешін ұйымдастырудағы негізгі мақсат: қазақ халқының дара тұлғалы біртуар азаматтпры «Қос Ғабеңнің» өмірі мен шығармашылы -ғын насихаттау.
Қостанайлық ақын-жазушылар Серікбай Оспанов,
Ақылбек Шаяхмет, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Қостанай қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің әдіскері Жумагулова Жанар Дүйсенбаевна, №27 мектептің ЖББМ-нің директоры Мурзабекова Келбет Бермаганбетовна, қалалық білім бөлімінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын орындалуы бойынша әдіскер Иманқұлов Ермек Асқарұлы кездесу кешінің құрметті қонақтары болды.
Кеш барысында Зейнолла Әкімжановтың «Заңғар» өлеңі оқылды.
«Еркеназ» би ұжымы «Кербез» биін биледі. /Жетекшісі:Гауезова Салтанат Абаевна/
Қос Ғабеңге арналған іс-шаралардан бейне фильм көрсетілді.
Ғабит Мүсірепов кім,қандай адам?
Осы тақырыпта қостанайлық ақын-жазушылар Серікбай Оспанов ,
Ақылбек Шаяхмет ой толғап, Қос Ғабең шығармашылығын талдады. Кездесуде 2022 жылдың 6-сәуірде Ғабит Мүсірепов пен Ғ.Мұстафиннің 120 жылдығына арналған байқауда «Прозалық шығармадан үзінді оқу» номинациясы бойынша 1 –орынды иеленген БорановаГүлбаршын Көшербайқызы «АНА » тақырыбындағы шығармаларының бірі «Ананың анасы » әңгімесінен үзінді оқыды.
2022 жылдың 6-сәуірде Ғабит Мүсірепов пен Ғ.Мұстафиннің 120 жылдығына арналған байқауда 1 –орын алған №27 мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі Қасым Нұрсұлтан Мырзабекұлы «Қос бәйтерекке арнауын» домбырамен нақышына келтіре орындады.
Осы мектептің түлегі, «А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлі университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы3-курс студенті Сейтқан Рахатты ұрпақтар сабақтастығын ұштастыру бағытында арнау өлеңдерімен ортаға шақырылды.
Тағылымды кездезу соңында кеш қонақтары кезінде Ғабеңнің қалауымен жазылған «Қызқарағай» әнін музыка пәнінің мұғалімі Ибраева Гүлайым Ороновнаның орындауында әсерлі ән тыңдады.
Тарих және география әдістемелік бірлестігінің өткізген қалалық семинар
Семинар тақырыбы:
“” Рухани жаңғыру бағдарламасының негізі идеясын жүзеге асыру барысында жаңартылған білім беру мазмұнында тарих, география сабақтарында оқытудың жаңа әдіс- тәсілдерін қолдану”





