Әлеуметтік қызмет

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің М.Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебі» ММ бойынша 10 қаңтар мен 10 ақпан 2019 жыл аралығындағы «Забота» республикалық акциясының қорытындысы

№20 орта мектебінің әлеуметтік  педагогы: М.Ш.Нүрке

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің М.Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебі» ММ бойынша «Қостанай қалалық білім бөлімі» ММ 2019 жылғы 15 қаңтардағы  хатына сәйкес 2019 жылғы 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында «Забота» республикалық акциясы жарияланды.

Акцияның мақсаты-аз қамтылған, көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және көмекке мұқтаж өзге де санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету, сондай-ақ мұқтаж балалардың мәселелеріне қоғамның назарын аудару.

Хат негізінде айлық жұмыс жоспары жасалынды. Жасалынған жоспармен ұжым таныстырылып, жұмыс шаралары жүргізілді.

Акция аясында мектеп шағын ауданында тұратын, оқумен қамтылмаған кәмелетке толмағандарды анықтау мақсатында жетісіне бір рет мектеп маңына рейдтік іс-шаралар өткізілді. Рейдтік іс-шараларға мектеп мұғалімдері, мектеп жантанушысы, мектеп инспекторы, ана-аналар комитеті мүшелері тартылды. Рейдтік іс-шаралар барысында мектепке тартылмаған мектеп жасындағы балалар, бала еңбегін қанау, зорлық-зомбылық көрген мектеп жасындағы жасөспірімдер анықталған жоқ.

«Забота» қайрымдылық акциясын өткізу барысында мектеп оқушылары, оның ішінде «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» РББЖҰ мектеп комитеті мен ата-аналар комитеті көптеген жұмыстар атқарды. Атап айтсам: «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» РББЖҰ мектеп комитетінің ұйымдастыруымен аз қамтылған, көпбалалы, көмек қажет ететін оқушыларға киім-кешекпен, азық-түлікпен көмектер көрсетілді. Сондай-ақ ИП «Шинбулатов», ИП «Беркенова», ата-ана Назия Ислямовна көмек қажет ететін оқушыларға тұрмысқа қажетті химиялық заттармен, киім-кешекпен, азық-түлікпен де көмектерін аямады.  «Забота» қайрымдылық акциясын өткізу барысында мектеп оқушылары төмендегідей көмектер алды:

  • Казбеков Мерей және Меруертке 2 «а» сынып оқушыларына(қысқы шаңғы курткасы, ветровка, көйлек(бальный), шапка-шарф, анасына жазғы көйлектер берілді. Көмек сомасы-21 000теңге;
  • Арманқызы Жұлдыз 6 «а» сынып оқушысына спортивка, қара шалбар, қысқы курткалар берілді. Көмек сомасы- 8500 теңге;
  • Таймаков Жігер 5 «ә» сынып оқушысына спортивка, свитер, көйлек, джинсылар берілді. Көмек сомасы-9 500 теңге;
  • Болатов Нурбол және Жанбосынова Аруана 1 «ә» сынып оқушыларына түймелі күрте, джинсы, күртелер берілді. Көмек сомасы- 6 200 теңге;
  • Болатбекулы Жолдосбек 9 «ә» сынып оқушысына шалбар, футболка, триколар берілді. Көмек сомасы-3 500 теңге;
  • Қасымхан Жұлдыз 3 «ә» сынып оқушысына қолғап, кофта берілді. Көмек сомасы 2 000 теңге;
  • Болатбек кызы Нуркыз 7 «ә» сынып оқушысы екі бас киім, көйлек берілді. Көмек сомасы 4 000 теңге. Бұл көмектің барлығын «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» РББЖҰ мектеп комитеті мен 8 «б» сыны ата-анасы Касымова Назия Ислямовна көрсетті. Көрсетілген барлық сома 54 700 теңгені көрсетті.
  • Сондай-ақ ИП «Беркенова» 8 «б» сынып оқушысы Арманов Абаттың отбасына тұрмысқа қажетті химиялық заттармен, 6 000 теңгеге көмектесті;
  • ИП «Шинбулатов» 5 «б» сынып оқушысы Такенов Асланға 8 000 теңгеге қысқы курткамен және мектепке қажетті оқу құралдармен(2 000 тг) көмек көрсетті. Көмек сомасы-10 000 теңге;
  • ИП «Беркенова» 6 «б» сынып оқушысы Такенов Аянға 4 000 теңгеге мектепке қажетті құралдар әперді.

        «Забота» қайрымдылық акциясын өткізу барысының қорытындысы бойынша 10 оқушыға 74 700 теңгенің көмегі көрсетілді.