


«Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қол сұғылмаушылық пен қорлаудың алдын алу»
Жалпы облыстық ата-аналар жиналысы қорытындысы (2 қазан,2023 ж)
Ата-аналарға арналған ұсынымдар
«Кәмелетке толмағандардың зорлық-зомбылықтан қалайша құтылуына болады»
Ø балаға көшеде немесе үйде жалғыз қалғанда мінез-құлық ережелерін түсіндіріңіз;
Ø егер балада жақын тұрған адамға қатысты күмән пайда болса, бұл адамнан аулақ кету және бұл адамды алға өткізу керек;
Ø өзінің сырларын бөлісе алатындай бала үшін дос болу;
Ø таныстар, туыстар тарапынан оған қатысты жасалған зорлық-зомбылық туралы әңгімені байыпты қабылдау;
Ø балалардың достарымен және олардың ата-аналарымен қарым-қатынас орнату;
Ø баланы жалғыз көшеге жібермеу (бала достарымен бірге жүргенде, қылмыс жасау мүмкіндігі төмендейді);
Ø ата-ана баланың теледидарда қандай бағдарламаларды, сексуалдық және зорлық-зомбылық көріністерін көруді, Интернет арқылы педофилмен тілдесу мүмкіндігін болдырмау үшін Интернетте қандай сайттарға кіретіндігін білуі керек («Қазақтелеком» АҚ «Ата-ана бақылауы» қызметін қосу мүмкіндіктері);
Ø және баланың интернетте өткізетін уақытын бақылау керек, сіздің балаңыз желіде кіммен байланысатыны туралы хабардар болу керек.
Ø Сіздің балаңызға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында мектепте тәрбиешімен, мұғалімдермен, психологпен байланыс орнатыңыз.
«Ата-аналар есте сақтауы қажет!»
Ø Балаңызды құрметтеңіз, басқалардың баланы өз еркіне қарсы бірдеңе жасауға мәжбүрлеуіне жол бермеңіз және өзіңіз жасамаңыз.
Ø Егер сіз көршілердің баласы зорлық-зомбылыққа, ата-аналардың ұрып-соғуына ұшырайтынын білсеңіз, бұл туралы дереу полицияға хабарлаңыз.
Ø Егер сіздің балаңыз күйеуіңіздің (бірге тұратын адамның) оған деген жағымсыз қызығушылығы туралы айтса, оның сөздерін тыңдаңыз, күйеуімен (бірге тұратын адаммен) сөйлесіңіз, баланы онымен жалғыз қалдырмаңыз. Егер қарым-қатынас ұзаққа созылған болса, онда бұл адаммен ажырасыңыз, өйткені сіздің балаңыздың бақытынан артық ештеңе жоқ.
Ø Әкесі баласын жыныстық өмірге қатысты қызықтыратын барлық мәселелер туралы сөйлесіп, өзін қалай қорғау керектігін түсіндіруі керек. Анасы қызға ер жынысты адаммен өзін қалай ұстау керектігін, контрацепция туралы түсіндіруі керек.
Ø Егер сіз баланың мінез-құлқындағы оғаштықты байқасаңыз, онымен не мазалайтыны туралы сөйлесіңіз. Ұл баламен тек әкесі сөйлескен дұрыс.
«Отбасында зорлық-зомбылық болған жағдайда не істеу керек?»
1. Ең алдымен, баланың заңмен қорғалатын құқықтары бар екенін есте ұстаған жөн!
2. Кез келген бала полицияға, прокуратураға, Бала құқықтары жөніндегі уәкілге жүгіне алады.
3. Заң бойынша кәмелетке толмаған баланы зорлау туралы іс, егер бұл факт басқа көздерден белгілі болса, өтінішсіз де қозғалуы мүмкін.
Сенім телефондары
37-08-58, 8-708-087-42-01 – Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы» КММ фронт-офисі жанында тегін және анонимдік негізде жұмыс істейтін сенім телефоны.
8 (7142) 226532 – Психологиялық көмек көрсету жөніндегі дағдарыс орталығы, тәулік бойы жұмыс істейтін психологиялық көмек құпиялылықты сақтайды.
Короткий номер «150» – Қостанай облысы бойынша тәулік бойы, анонимдік білікті көмек, қоңырау шалу тегін.
8 (7172) 742528 – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті.
Единый call-центр «111» – Қазақстан Республикасындағы тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефоны, қоңырау шалу тегін. Сізге білікті психологиялық көмек көрсетеді























Бірінші сынып оқушыларын бейімдеу. Психологтың ата-аналармен кездесуі.
СЛАЙДТАРҒА МӘТІН
Біз сіздермен кездескенімізге қуаныштымыз. Осы кездесуге келгендеріңізге (осы Баланың Әлеуметтік |
Бейімделу Көпшілігіңіз Бұл Не болып |
3-слайд Әлеуметтік
Қарым-қатынастағы Физикалық Алайда, Ата-ананың |
Мектеп Оған қоса
|
5-слайд
7 жастағы Жеті жаста Осындай Осындай Осы
|
6-слайд
Мысалы, Мысалы, Әлбетте, Әлеуметтік Бейімделуге |
7-слайд
Иммундық Жаңа жұмыс Егер баланың нәрестелік кезеңі қолайсыз Қазір өте Егер – – – – – онда |
ü Күн ü Баланың ü Еңбек ü Үй ü ü ü Балаға көңіл бөлу және шынайы |
Әдетте |
10-слайд «Күн
Ата–аналарға байланысты факторларға назар аудару маңызды: Сонымен қоса баланы өз мінез–құлқын Кроме |
Мектеп Салауатты Баланың Ыстық Қарны тоқ, Мектептегі Ал енді кешкі Диетологтардың Тамақтану Екінші Егер |
12-слайд Сонымен
|
Мұғалімдермен ынтмақтастық · · · · · · |
Қабылдау Таң Балаңыздың Балаңыз Бірінші Баланы Баланың Баламен Тіпті Өткен Баланы Соның
|
15-слайд
Қазір Тапсырмалар Екінші Ересектердің
|
Ең Өзіңізді Біз жиі • Не • Соған байланысты қандай сезімде екеніңізді сипаттаңыз • Баланың мақтауға лайық қылығын сол жағдайға көрінген қасиетін көрсететін сөзбен қорытындылаңыз. Мысалы: құсты айнытпай салыпсың, баламның өзіне ұнайтын іспен айналысатыны мені қуантады, өте байқампазсың. Өтінеміз, есте сақтаңыздар, мақтау ұнамды тұстарды қуаттауға және дамуға ынталандыруға бағытталған.
|
17-слайд
|
18-слайд
Осындай Тәжірибеңізбен Бірігіңіз: Осы Міне, |
19-слайд
|
|
|
|
Егер қосымша сұрақтарыңыз қалса, мектеп психологымен немесе колледж психологымен |




Мектептегі психологиялық қызметке қарасты мамандардың ұйымдастыруымен,отбасындағы жынысқа қатысты тәрбиені саналы,әдептілік тұрғыда дұрыс ақпараттандыруға оңтайлы ықпал ету.Мектеп аясындағы буллингке,негативті топтың жағымсыз қысымына түскен балалармен ата-аналардың өзара әрекеттесуі бойынша ата-аналардың сауаттылығын арттыру мақсатында «Кәмелет жасқа толмағандардың жеке басының шекарасын, балалардың жеке тұлғалығын құрметтеу.Жынысқа жасалатын зорлық-зомбылықты және буллингті алдын алу»тақырыбында өңірлік ата-аналар жиналысы өткізілді.



Мектептің педагог-психологы Кантореева Р.Д. «Әлеуметтік желідегі,компьютердегі,ұялы телефондардағы ойындарға және т.б қызығушылығының жоғарлауын алдын алу»тақырыбында,ата-аналармен кездесу,ақпараттық ағарту,ашық диалог алаңы және әлеуметтік желі тәуелділігіне итермелейтін отбасы түрлері: травматикалық,жүктейтін,жалған,айнымалы отбасылар жайында,тәуелділікті құрудағы отбасының қауіптері:қақтығысты жағдайлар,бұл үлкендердің қолдауын,түсінуін және эмоционалды жақыныдықтығын сезінбейтін жағдайда,ата-ананың балаға деген қызығушылығын ояту,баланың ішкі әлемі,ата-ана тарапынан сұрақтардың дұрыс қойылуы жайында, кипербуллинг жеңуге қалай көмектесу керектігі жайында ата-аналарға кеңестер айтылды және қиын мәселе туындаған жағдайда қандай сенім телефондарына хабарласуға болатыны жайында түсіндірме,ақпараттық ағарту жұмыстары жүргізілді.Балалардың мазасыздығын шығара білуге үйрету,ата-аналардың балаларымен жағымды эмоционалды байланысты нығайту,өзін-өзі бағалауды арттыруға бағытталған жаттығулар жүргізілді.



«Біртұтас тәрбие бағдарламасы»аясында ұлттық,адами құндылықтарға негізделген,жас ерекшеліктерін ескере отырып,адалдық ұғымын түсіндіру арқылы,шынайлыққа,адал болуға тәрбиелеу,адамгершілік құндылықтарды насихаттау,өзіне де,өзгеге де адал болуға,жат қасиеттерден аулақ болуға талпындыру мақсатында педагог-психолог Кантореева Р.Д.оқушыларлармен Қараша айындағы «Адалдық»айлық аясында «Адалдық-ардың ісі», «Кей кезде өтірік айту-қажеттілік пе?»тақырыбы шеңберінде, Адалдық ұғымы бойынша оқушылардың ақпараттық өріс аясын кеңейту мақсатында, Адалдық ұғымы жайында,адалдықтың тарихи тағылымы жайында мағлұмат берілді және адал болу,сенімді болу,шынайы болу,жанашыр болу секілді жақсы қасиеттердің қалыптасуына себеп болу мақсатында«Айсұлтанның адалдығы», «Алтын балта», «Адалдықтың өтемі», «Адалдық жолы» тақырыбында ғибратты әңгімелер айтылып,оқушылармен әр аталған әңгіме бойынша түсінгендерін айтып,бағалау,талдау жүргізу барысында белсенділік танытып,ғибаратты әңгімені тыңдаған сайын адалдық ұғымы жайында түсініктерінің кеңейгені жайында пікірлерімен бөлісті.





Мектептің педагог-психологы Кантореева Р.Д. Кәмелет жасқа толмағандар арасында азаматтық құқықтық сана және құқық бұзушылықты алдын алу айлығы аясында «Ата-аналармен араласу сабағы мен сағаты» немесе «Әлеуметтік желідегі,компьютердегі,ұялы телефондардағы ойындарға және т.б қызығушылығының жоғарлауын алдын алу және барлық бағыттағы зорлық зомбылықты буллинг,кипербуллингті алдын алу»тақырыбында,ата-аналармен кездесу,ақпараттық ағарту,ашық диалог алаңы және әлеуметтік желі тәуелділігіне итермелейтін отбасы түрлері: травматикалық,жүктейтін, жалған, айнымалы отбасылар жайында,тәуелділікті құрудағы отбасының қауіптері:қақтығысты жағдайлар,бұл үлкендердің қолдауын,түсінуін және эмоционалды жақыныдықтығын сезінбейтін жағдайда,ата-ананың балаға деген қызығушылығын ояту,баланың ішкі әлемі,ата-ана тарапынан сұрақтардың дұрыс қойылуы жайында,балаға буллинг,кипербуллинг жеңуге қалай көмектесу керектігі жайында ата-аналарға кеңестер айтылды және қиын мәселе туындаған жағдайда қандай сенім телефондарына хабарласуға болатыны жайында түсіндірме,ақпараттық ағарту жұмыстары жүргізілді.Балалардың мазасыздығын шығара білуге үйрету,ата-аналардың балаларымен жағымды эмоционалды байланысты нығайту,өзін-өзі бағалауды арттыруға бағытталған жаттығулар жүргізілді.



8-11жастағы балалардың креативті,сыни ойлау қабілеттерін, коммуникация, коллаборация, эмоционалды интеллектісін анықтау мақсатында”Qabilet”онлайн платформасы арқылы тест тапсыруда 4,3 сыныптың оқушылары жақсы нәтиже көрсетті.



Қостанай облысының полиция департаментінің бастамасымен қазан айында нашақорлықтың алдын алу мәселелері бойынша жалпықалалық ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында балалар мен жасөспірімдер арасындағы нашақорлық және есірткі қылмысын алдын алу мәселелері талқыланды. Жиынға мектебіміздің 9-11 сынып оқушыларының ата-аналары қатысты.


Қостанай облысының әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің М.Хакімжанова атындағы №20 жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологы Кантореева Р.Д.мектеп жанынан құрылған жазғы лагерге келген оқушылармен өз эмоцияларын бақылау,басқару дағдыларын қалыптастыру және басқалармен эмоционалды өзара әрекеттесуді дамытуға бағытталған «Эмоцияның жұбын табу», «Ассоциация» және т.б.тақырыптарда ойындар,жаттығулар,тренингтер жүргізді.Оқушылармен кері байланыс орнату барысында бойында тұрған эмоция көріністерін білдіру,шығару,эмоция түрлерін атап беру,көрсету сәттерінің қызықты өткендерін айтып,көтеріңкі көңіл күйлерімен бөлісті.




Қостанай облысының әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің М.Хакімжанова атындағы №20 жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологы Кантореева Р.Д.«Психологиялық қолдау жазғы алаңы»жобасы шеңберінде «Мені қоршаған көңілді әлем»тақырыбы аясында,оқушылар арасында өз эмоцияларын және басқа адамдардың эмоцияларын түсіну қабілеттерін дамытуға бағытталған «Интонация», «Бетті сызу» және т.б.тақырыптарда ойындар,жаттығулар,тренингтер жүргізді.Кері байланыс орнату барысында айтылатын сөз тіркесін неше түрлі көңіл күйге,эмоцияларға салып айтып шығу қатысушыларға қызық болғанын айтып, өздерінің жағымды сезім,эмоция,әсерлерімен бөлісті.



Қостанай облысының әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің М.Хакімжанова атындағы №20 жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологы Кантореева Р.Д.мектеп жанынан құрылған жазғы лагерде оқушылар арасында,топтағы қатысушылар арасында коммуникациялық дағдыларды дамытуға,балаларды конструктивті қарым-қатынасты қалыптастыра алуға үйретуге бағытталған «Ассоциация», «Орын ауыстыру», «Шатастырылған тізбектер»тақырыбында ойындар,жаттығулар,тренингтер жүргізілді.Кері байланыс орнату барысында,қатысушылар сезімдері мен ойларын дұрыс жеткізе алмағандықтан,қарым-қатынастың да дұрыс қалыптаспайтыны жайында,түйсінген қорытынды пікірлерін ортаға салды




Қостанай облысының әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің М.Хакімжанова атындағы №20 жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологы Кантореева Р.Д.«Психологиялық қолдау жазғы алаңы»жобасы аясында «Мені қоршаған көңілді әлем»тақырыбы аясында оқушылар арасында,топтағы қатысушылар арасында ынтымақтастықты дамытуға,төзімділікті,кедергілерді еңсеруге бағытталған «Шеңбер құру», «Шаршы»тақырыбында ойындар,жаттығулар,тренингтер жүргізілді.Кері байланыс орнату барысында,қатысушылар жаттығу барысында басқа топ қатысушысына көмектісі келегенін айтып,кедергілерді еңсеруге деген ерік жігердің пайда болғанын айтып өздерінің жағымды әсерлерімен бөлісті.




Сәлеметсіздерме, құрметті сынып жетекшілер төмендегі ақпаратты ата-аналар чатына жіберсеңіздер, мектебімізде “Өмірге қол созыңыз!” акциясы жүріп жатыр.
Акцияның мақсаты: кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналарын облыстық психологиялық қолдау орталығы туралы хабардар ету, мектептер мен ТжКБ білім алушыларына психологиялық-педагогикалық көмек көрсету.


Психологиялық қолдау орталығы балаларға, ата-аналарға, мұғалімдерге көмек беруге дайын!
Мектебімізде қаңтар айында 5-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен “Жасөсіпірімдермен жұмыс”,”Білімнің маңыздылығы, ата-аналардың балаларын білімге ынталандыруы”,”Мамандық таңдаудағы ата-аналардың психологиялық қолдауы” тақырыптары төңірегінде кездесу өтті. Кездесу “Сенімен болашақ” атты қоғамдық ұйымының мүшелері Гульжан Жақсылыққызы мен Базаркүл Қапарқызы, психолог маман ата-ана мен бала арасындағы мәселелерге тоқталып, ата-аналармен сұхбат жүргізді. Тақырыптар төңірегінде теориялық ақпараттар беріліп, проблемалық жағдаяттар талқыланды.






Уақытылы психологиялық көмек алу мүмкіндігінің маңыздылығын арттыру мақсатында «Қиын болса хабарлас»тақырыбында оқушылармен, ата-аналармен сенім телефоны қызметі жайында түсіндіру акциясы жүргізілді.


«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитеті» РММ-нің 2021 жылғы 23 қарашадағы № 9725 және «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ-нің 2021 жылғы 02 қарашадағы № 02-08/4430 хаттары негізінде 2022 жылғы 14-25 қарашада Қостанай қаласының мектептерінде «Қостанай Дарыны» РМО әдіскерлері «Qabilet» қызметі арқылы жалпы білім беретін мектеп оқушыларының зияткерлік және тұлғалық әлеуетін өлшеу бағдарламасы шеңберінде 10-11 жастағы балаларға диагностика жүргізеді. Яғни, мектебімізде 23 қарашада сағат 09:00 бастап 4,5,6 сынып оқушылары арасында 10-11 жастағы балалар диагностикадан өтуге мүмкіндік алады, диагностикадан өту үшін балалардың қолында ЖСН және СМС растау кодын алу мүмкіндігі бар телефон болуы керек. Кейін шыққан нәтижені ата-аналар немесе балалар өз жеке кабинеттеріне кіріп қарай алады.
Аталған қызмет туралы ақпаратты мына сілтемеден қарай алады:
https://qabilet.elbasyacademy.kz/about

Мектебімізде өңірлік “Үндестік” жобасы аясында мектеп пен отбасы арасын үйлестіру, ынтымақтастыруды нығайту мақсатында жантанушы Ғалымқызы Ә.Ғ мен 5,10 сынып оқушыларының сынып жетекшілері бірлесе кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушылардың орта, жоғары буынға бейімделу мәселесі талқыланды,жантанушы жүргізілген жұмыстар бойынша ақпарат берді.




Мектебімізде 9-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен “Жасөспірім және ата-ана. Байланысты қалай жоғалпауға болады?” тақырыбында жиналыс өтті. Жиналыс барысында ата-аналарға теориялық мәліметтер беріліп, практикалық жаттығулар, тренинг арқылы білімдерін бекітті. Психолог Ғалымқазы Ә.Ғ мен ата-аналар арасында өзара диалог құрылып, жағдаяттар шешілді. Жиналыс соңында баламен дұрыс қарым-қатынас орнату бойынша кеңестер берілді, “Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы”КММ-нің ұсынған ұсыныстары, есте сақтау парақтары таратылды.



Мектепте «Мәдениет Ана-Мәдениетті Ұлт» республикалық жобасын іске асыру бойынша Жол картасының жүзеге асыру бойынша мектепішілік бұйрық шығарылды. (№216, 04.05.2022 ж), арнайы жұмыс жоспары бекітілді.
«Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» республикалық жобасының ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ бойынша ақпарат






«ӨЗ БАЛАҢЫЗДЫ ҚОРҒАЙ БІЛІҢІЗ!»
Кәмелет жасқа толмағандарға қатысты қол сұғушылықты алдын-алу бойынша ата-аналарға арналған жадынамалар
Балаға физикалық жазалауды қолдану алдыңда тоқта!
1. ЖАҚСЫ ҮЛГІ КӨРСЕТ.Қорқыту, сонымен қатар ұру спсихологиялық қысым, ұрсу және т.б. жағдайлар жағдайды сирек жақсартады. Сіздің балаңыз сіздің мінезіңізден үлгі алады.
2. МЕКТЕПТІҢ ЖИІ ҚОНАҒЫ БОЛЫҢЫЗ. Егер
сіздің балаңызда жан күйзелісі және төмен баға көрсетілсе мектепке барыңыз.Балаларға
көмек көрсету және оқыту үшін мектеп
қызметкерлері бар.
3. «МЕН СЕНІ ЖАҚСЫ КӨРЕМІН» МАҢЫЗДЫ
СӨЗДІ БАҒАЛАУМАУҒА БОЛМАЙДЫ.Кез келген
жастағы балалар сүйюді, құшақты, иықтан достықпен сипауды,мейірімділікті
қажет етеді. «Мен сені мақтан тұтамын!» деген сөзді балаларыңыз жиі естігісі
келетінін біліп жүріңіз.
4. ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ БАЛАЛАРЫҢЫЗБЕН СӨЙЛЕСІНДЕР. Өздерінің
қорқынышы туралы, оның ашу-ыза мен мұңы туралы,олар өздерінің сезімдері
туралы айтқан кезде қолдап отыру. Ата-аналар
балаларының ойы туралы, олардың сезімі мен қызығушылықтарына көңіл бөліп, сонымен қатар жақсы кеңестер беру
керек.Сіздермен балаларыңыз қалай қарым-қатынас жасайды бақылап көріңіз.
Егер балаңызға зорлық жасалса, баланы айыптамаймыз,не болғанын анықтауға тырысамыз.
Егер Сіз немесе сіздің отбасыңыздың адамдары жалғыздықта махамббатсыздықта, шарасыздықта жүрсе немесе сіз,өзіңіз есірткіге немесе ішімдікке салынсаңыз –көмек іздеңіз. Көбінесе барлық зорлық-зомбылықтың әрекеті ішімдікті немесе есірткіні пайдаланумен жасалады.
ӨЗ
БАЛАҢЫЗДЫ ҚАЛАЙ ҚОРҒАУ КЕРЕК
1. Балаңызды кез келген үлкендерге «Жоқ»
деп айтуға құқығы бар деп үйретіңіз, егер одан қауіп төніп тұрса.
2. Егер біреу балаңызды ұстап алғысы келсе, «Бұл менің анам емес!» деп қатты айғайлауға үйретіңіз, Бұл қоршағандардың назарын аударады және қылмыскерлерді тежейді.
3. Егер балаңыздың жоспары өзгерсе, балаңыздың қайда баратыны, қашан келетінің, қоңырау шалып хабарласуға үйретіңіз.
4.Балабақшадан немесе мектептен балаңызды өзіңіз алып кетуге тырысыңыз, егер оны басқа біреу алып кететін болса, тәрбиешіні немесе мұғалімді осы туралы ескертіңіз.
5.Балаңыз үшін пароль ойластырыңыз, егер ол парольді білмесе бөтен адамдармен машинаға отырмауға үйретіңіз.
6. Түнгі уақытта жалғыз жүру қауіпті, ал достармен компанияда серуендеу әлде қайда қауіпсіз екендігіне балаңызды сендіріңіз. Жалғыз серуендеп жүрген бала қылмыскерді қызықтырады.
7. Балаңызды телефон-автоматымен қолдануға үйретіңіз (халықаралық қосумен). Үй телефонының номерін және көмек қызметінің телефонын жатқа білу тиіс.
8. Ең кемінде балаңызды жылына бір рет фотоға түсіріңіз, егер балаңыз ұрланса немесе жоғалса осы кезде балаңыздың суреті қажет болады.
9. Балаңызбен барлық жағдайда,сізге ойын ашық айта алатындай қарым-қатынаста болыңыз. Балаңыз әр қашан оны жақсы көретініңізді біліп жүру керек, жоғалса іздейтініңіз туралы сенімді болу керек,бала өзінің керектігін сезініп өсу керек.




16-17 ақпан күндері «Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез –құлықтың алдын алу және балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбындағы бірыңғай облыстық жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында мектеп психологтары өз баяндамаларын оқып, ата-аналарға психологиялық кеңестер беріп, бейнефильмдер көрсетті.



Уақытша қашықтықтан оқытылатын балалардың ата-аналарына психологиялық ұсыныстар:


