2022 жылдың  5 мамырында  М.Хәкімжанова атындағы  №20 жалпы білім беретін мектепте  «Ұлтына ұлағат қалдырған тұлғалар»  тақырыбында  заңғар жазушылар  Ғ.Мүсірепов пен Ғ.Мұстафиннің 120 жасқа толу құрметіне арналған  қостанайлық ақын-жазушылармен тағылымды  кездесу кеші ұйымдастырылды.

Қостанай  облысы әкімі білім басқармасының  «Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ-нің 2022 жылға арналған  жұмыс жоспарына сәйкес  2022 жылдың  5 мамырында  М.Хәкімжанова атындағы  №20 жалпы білім беретін мектепте  «Ұлтына ұлағат қалдырған тұлғалар»  тақырыбында  заңғар жазушылар  Ғ.Мүсірепов пен Ғ.Мұстафиннің 120 жасқа толу құрметіне арналған  қостанайлық ақын-жазушылармен тағылымды  кездесу кеші ұйымдастырылды.

Өткізілген іс-шараға ынтымақтастық қарым-қатынастағы Павлодар, Көкшетау облыстарының мектептері.туған жері-кеншілер  қаласы Қарағандының педагогтары  қашықтық  форматта шақырылды.

Тағылымды кездесу кешін ұйымдастырудағы негізгі мақсат: қазақ халқының дара тұлғалы біртуар азаматтпры  «Қос Ғабеңнің» өмірі мен шығармашылы -ғын    насихаттау.

Қостанайлық ақын-жазушылар  Серікбай Оспанов,

Ақылбек Шаяхмет, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Қостанай қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің әдіскері Жумагулова Жанар Дүйсенбаевна, №27 мектептің ЖББМ-нің  директоры  Мурзабекова  Келбет  Бермаганбетовна, қалалық білім бөлімінің  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын орындалуы  бойынша  әдіскер  Иманқұлов Ермек Асқарұлы   кездесу кешінің құрметті  қонақтары  болды.

  Кеш барысында Зейнолла Әкімжановтың «Заңғар» өлеңі оқылды.

 «Еркеназ»  би  ұжымы  «Кербез»  биін  биледі.  /Жетекшісі:Гауезова Салтанат Абаевна/

Қос Ғабеңге арналған іс-шаралардан   бейне фильм көрсетілді.

Ғабит Мүсірепов кім,қандай  адам?

Осы  тақырыпта қостанайлық ақын-жазушылар  Серікбай Оспанов ,

Ақылбек Шаяхмет  ой  толғап, Қос Ғабең  шығармашылығын талдады. Кездесуде  2022 жылдың 6-сәуірде   Ғабит Мүсірепов пен  Ғ.Мұстафиннің 120  жылдығына  арналған байқауда  «Прозалық  шығармадан  үзінді оқу» номинациясы  бойынша 1 –орынды  иеленген  БорановаГүлбаршын Көшербайқызы   «АНА » тақырыбындағы шығармаларының бірі «Ананың  анасы »  әңгімесінен   үзінді оқыды.

 2022 жылдың 6-сәуірде     Ғабит Мүсірепов пен  Ғ.Мұстафиннің 120  жылдығына  арналған байқауда  1 –орын алған №27  мектептің  қазақ  тілі  пәні  мұғалімі  Қасым  Нұрсұлтан  Мырзабекұлы  «Қос  бәйтерекке  арнауын»   домбырамен нақышына келтіре орындады.

Осы   мектептің  түлегі, «А.Байтұрсынов  атындағы  Қостанай  өңірлі  университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы3-курс  студенті Сейтқан  Рахатты    ұрпақтар   сабақтастығын   ұштастыру   бағытында арнау  өлеңдерімен  ортаға  шақырылды.

Тағылымды кездезу соңында кеш қонақтары  кезінде Ғабеңнің қалауымен жазылған «Қызқарағай» әнін    музыка  пәнінің  мұғалімі  Ибраева Гүлайым Ороновнаның  орындауында  әсерлі ән тыңдады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.