МЕКТЕП АСХАНАЛАРЫ МЕН ДӘРЕТХАНАЛАРДЫҢ МОНИТОРИНГІ БОЙЫНША АКЦИЯ

📌«Балаға лайық» мектеп дәретханалары мен асханаларын қадағалау акциясының алғашқы аптасында қазақстандықтар 65 нысандағы сәйкессіздіктер туралы хабарлады.
📌Еске сала кетейік, акция «Мектепті жақсартуға көмектес!» ұранымен өтіп жатыр. Бірінші кезең 2022 жылғы 27 сәуірде басталып, 25 мамырға дейін жалғасады.
📌WhatsApp және Telegram арналарымызға келіп түскен фото және бейнематериалдардың басым бөлігі Түркістан, Алматы және Қарағанды облыстары тұрғындарына. Акция бір апта бұрын басталса да, оқушылар мен ата-аналар белсенді түрде деректермен бөлісіп жатыр. Барлығы 400-ден астам хабарлама келіп түсті.
📌Гигиеналық құралдардың, жуынатын бөлмелерде қалқалардың болмауы, жылы дәретханалардың жоқтығы, салқын немесе дәмсіз тағамдар және т.б. туралы хабар түсті. Сонымен қатар үлгілі, талапқа сай келетін нысандар туралы ақпарат жіберіп жатыр.
📌Мектептерді қаржыландыру әкімдіктердің құзырында болғандықтан, түсіп жатқан ақпараттарды жергілікті басшыларға жібереміз. Бүгінгі күні барлық ескертуді жою бойынша аймақтармен қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр.
☎️Енді мектептер мен колледждерде WhatsApp 8 700 699 04 46 және Telegram-ботқа сілтемелері бар QR-кодтар орналастырылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.