Мектеп жантанушысы Ғалымқазы Ә.Ғ балалармен топтық жұмыс жасап, балалардың өзара ынтымақтастықтарын дамытып, өз-өздеріне деген сенімділіктерін арттыруға көмектесті. Тренинг соңында балалар жақсы көңіл-күйде болып, өз ризашылдықтарын білдірді.
Рубрика: Жаңалықтар
Мектебімізде бүгін “Synergy” ОФ ғылыми-білім орталығымен бірлесе “Мен өмірді таңдаймын” атты жоба аясында 9 сынып оқушыларының қатысуымен ” Өз-өзіммен үйлесімдікте ” тақырыбы бойынша тренинг өтті.
Тренинг барысында Бекенов Марат Ахметуллы-тренер-мотиватор,бизнес-тренер сөз сөйледі. Оқушылар басында психологтың «Өтелмес борыш» киносын көріп, кейін арт-терапия әдісі арқылы өздерінің бойындағы сезімдерін акварельді қолдану арқылы сыртқа шығарып, суреттер салды. Балалар тренинг барысынан күшті эмоциялар алды.
Мектебімізде “Synergy” ОФ ғылыми-білім орталығымен бірлесе “Мен өмірді таңдаймын” атты жоба аясында 6-8 сынып оқушыларының ата-аналарының қатысуымен “Қаладағы жеткіншек” тақырыбы бойынша онлайн-вебинар өтті.
Вебинар барысында Бровченко Р.В мен Зуев И.А сөз сөйледі. Зуев И.А балалардың жас ерекшеліктері туралы, ата-ана мен бала арасындағы дұрыс қарым-қатынасты орнату жайлы ұсыныстар берді. Аталған вебинарға 6-8 сынып жетекшілері де қатысып, өз білімдерін жетілдірді. Соңында сұрақтар қойылып, қатысушылар өз ойларын ортаға салды.