Мектепте 1-5 қараша аралығында 1-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен «Балалардың жеке басының шекарасы. Жыныстық тұрғыда жасалатын зорлық-зомбылықты алдын алу» тақырыбында жиналыс өткізілді.

Жиналыстың басты мақсаты: балалардың жеке шекаралары және кәмелетке толмағандар арасында сексуалдық зорлықтың алдын алу жайлы ата-аналарды ақпараттандыру болды. Жиналыс барысында тақырып бойынша сатистикалық мәліметтер берілді, жыныстық қол сұғылмаушылық, жеке шекара, жыныстық тәрбие түсініктері туралы ақпарат берілді. Видеороликтер мен мультфильм көрсетілді. Жыныстық қауіпсіздік ережелері туралы сөз қозғалып, ата-аналарға ұсыныстар ұсынылды. Аталған жиналысқа сынып жетекшілер де өз […]

Read More

Мектебімізде 4-15 қазан аралығынды 8-11 сынып оқушыларымен “Жан саулығы-тән саулығы” және “Дос болайық бәріміз” тақырыптары төңірегінде психологиялық тренингтер өтті.

Мектеп жантанушысы Ғалымқазы Ә.Ғ балалармен топтық жұмыс жасап, балалардың өзара ынтымақтастықтарын дамытып, өз-өздеріне деген сенімділіктерін арттыруға көмектесті. Тренинг соңында балалар жақсы көңіл-күйде болып, өз ризашылдықтарын білдірді.

Read More

Мектебімізде бүгін “Synergy” ОФ ғылыми-білім орталығымен бірлесе “Мен өмірді таңдаймын” атты жоба аясында 9 сынып оқушыларының қатысуымен ” Өз-өзіммен үйлесімдікте ” тақырыбы бойынша тренинг өтті.

Тренинг барысында Бекенов Марат Ахметуллы-тренер-мотиватор,бизнес-тренер сөз сөйледі. Оқушылар басында психологтың «Өтелмес борыш» киносын көріп, кейін арт-терапия әдісі арқылы өздерінің бойындағы сезімдерін акварельді қолдану арқылы сыртқа шығарып, суреттер салды. Балалар тренинг барысынан күшті эмоциялар алды.

Read More