“1 маусым – балаларды қорғау” мерекесіне арналған мектеп оқушыларымен іс-шаралар өткізілді.

“1 маусым – балаларды қорғау” мерекесіне орай мектеп оқушыларымен түрлі квест ойындары, интеллектуалды, спорт ойындары өткізілді, балалардың көңілін көтеру үшін би де биленді.

Read More

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ-нің 21.05.2021 жылғы № 606 «Бір жолғы акцияны өткізу туралы «бұйрығы негізінде». 2021 жылдың 1 маусымында мектебімізде аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша бір реттік акция өткізілді.

Акцияның мақсаты: кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналарын облыстық психологиялық қолдау орталығы туралы ақпараттандыру, мектеп оқушыларына психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, қатысушылардың өмір сүру кеңістігін олардың өміріне жаңа қосымша сенсорлық түстер, мәдени құндылықтар енгізу арқылы кеңейту, жалпы жағымды тонды арттыру болатын. Сондай-ақ кәмелетке толмағандар мен ересектердің (ата-аналар, мұғалімдер) психологиялық сауаттылығын арттыру.

Акцияға мектебіміздің мұғалімдері, ата-аналары, оқушылары белсене қатысты.

Read More

Мектебімізде «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» 20.05.2021 жылғы №456 хаты негізінде 2021 жылы 21-22 мамырда «Оқу жылының қорытындылары туралы» жалпыұлттық ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.

Осыған байланысты 21-22 мамырда 1-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында 2020-2021 оқу жылының қорытындысы туралы, қорытынды аттестация, жазғы мектептің және алаңның ұйымдастырылуы туралы талқыланып, оқушылар арасындағы девиантты мінез-құлықты алдын алу мәселелері қозғалды.

Мектеп жантанушылары ата-аналарға ескертпе қағаздар мен визиткалар таратты.

Read More

26 мамырдан бастап 19 маусымға дейін “Жазғы мектеп” жұмысы іске асуда

Білім сапасын арттыру және пандемия, шектеу шаралары кезеңінде жіберілген білім олқылықтарының орнын толтыру мақсатында ата-аналардың немесе заңды өкілдердің өтініші бойынша барлық ниет білдірген білім алушылар үшін оқыту 2021 жылғы 19 маусымға дейін “Жазғы мектеп” жұмысы іске асуда

Read More

Мектебімізде 12-17 мамыр аралығында Халықаралық Отбасы күніне арналған іс-шаралар өтті

Мектебімізде 12-17 мамыр аралығында Халықаралық Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде “Отбасы сағаты” республикалық акция аясында 7-8 сынып оқушылары “Менің отбасым” тақырыбында суреттер салды.

Read More