“Әнмен сап түзеу” салтанатты іс-шараның Гран-при жеңімпаздары

Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай мектебімізде дәстүрлі іс-шара “Әнмен сап түзеу” өтті. Бұл іс-шараның 7 мамыр күні өткізілуінің өзіндік маңыздылығы зор. Себебі сап түзеу және ән байқауының негізгі мақсаты жастардың бойында елге деген сүйіспеншілік сезімді дамыту, әскери-патриоттық жұмыстарды жандандыру болып табылады. Биылғы сап түзеуге 5,6,7,8 сыныптар қатысты. Бұл командаларды 10 сынып оқушылары дайындады.

Read More

Құттықтаймыз!!!

Республикалық  «ӘНШУАҚ»  балалар  ән  фестивалінің  аясында мектебімізде  қалалық  деңгейде  «Әншуақ»  балалалар ән  байқауы өтті.
Байқауға  Қостанай қаласы мектептерінің  өнерлі  жас таланттары қатысып, өз өнерлерін  көрсетті. Сахна шымылдығы  Құрманғазының  «Балбырауын» күйімен ашылды. Байқауға қатысушыларды мектеп  басшысы Сагымбаев М.Т. құттықтап, байқау жүргізушілері әділ- қазы алқаларымен таныстырды. Әділ- қазы алқасының  мүшелері:
Қостанай  қаласы біім бөлімінің  әдіскері Жумагулова Ж.Д.
№ 20 М.Хәкімжаова атындағы ЖББМ […]

Read More

Құттықтаймыз!!!

8-10 сынып оқушыларына арналған Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінің жеңімпаздары 9 сынып оқушылары:
Айдарбекова Жібек, 2-орын, жетекшісі Алимханова Айгуль Кабденовнаны;
Айтмағанбет Нұрасыл, 3-орын, жетекшілері Садыкова Базаргуль Сапарбековнаны, Тажибаева Бахиткуль Калжановнаны;
Өмірзақ Тайыр, 3-орын, жетекшісі, Тажибаева Бахиткуль Калжановнаны шын жүректен құттықтаймыз!!!
Алдағы облыстық кезеңге сәттілік тілейміз!!!
 
 

Read More