Құттықтаймыз!!!

Республикалық  «ӘНШУАҚ»  балалар  ән  фестивалінің  аясында мектебімізде  қалалық  деңгейде  «Әншуақ»  балалалар ән  байқауы өтті.

Байқауға  Қостанай қаласы мектептерінің  өнерлі  жас таланттары қатысып, өз өнерлерін  көрсетті. Сахна шымылдығы  Құрманғазының  «Балбырауын» күйімен ашылды. Байқауға қатысушыларды мектеп  басшысы Сагымбаев М.Т. құттықтап, байқау жүргізушілері әділ- қазы алқаларымен таныстырды. Әділ- қазы алқасының  мүшелері:

Қостанай  қаласы біім бөлімінің  әдіскері Жумагулова Ж.Д.

№ 20 М.Хәкімжаова атындағы ЖББМ директордың  тәрие ісі бойынша орынбасары  Қиябаева С.С, №115 А.Бірімжанов  атындағы ЖББМ педагогы Нургалиева  Ж.Б; № 9 Ғ.Қайырбеков  атындағы ЖББМ  музыка пәні  педагогы Шакенова Б.А  қазылық  етті. Байқау  қорытындысы  бойынша талантты   әншілеріміз жас ерекшеліктеріне    қарай екі топқа  бөлініп  орта  және  жоғары  жас  бойынша, Әділ – қазы алақаларының  шешімімен  марапатталды.

«Әншуақ»  ән  байқауына Мектебіміздің талантты  оқушыларынан  10 сынып оқушысы  Базылханов Дияр мен 6 сынып  оқушысы Жақсылықов Нурислам қатысып жүлделі  1 және 2 орындарды  жеңіп  алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.