Құрметті ересектер мен балалар!Күзгі-қысқы кезеңде су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтамау жиі адамдардың өліміне және жарақат алуына әкеп соғады. Қараша мен желтоқсан аралығында, яғни тұрақты аяз басталғанға дейін мұз қатпайды. Кешкі немесе түнгі суықта қатқан мұз берік болса да, күндіз ол белгілі мөлшерде еріп, өз тығыздығын жоғалтады. Мұз қату кезеңіндегі қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қараңыз!