Мектебімізде 7-11 ақпан аралығында 7 сынып оқушыларымен А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ Экономика және Құқық институты Психология кафедрасының “Психология” мамандығы бойынша келген машықкер Айткожина Диана Жұманқызы мектебіміздің жантанушысы Ғалымқазы Әйгерім Ғалымқазықызының жетекшілігімен “Оқушылар арасындағы буллинг және оны алдын алудың жолдары” тақырыбында дөңгелек үстел мен “Менің өмірімдегі басты құндылықтар” тақырыбында тренинг ұйымдастырылды. Балалар іс-шараларға белсенділік танытты. Көп рахмет, біздің оқушыларға! Read More
10-11 сынып оқушыларымен А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ Экономика және Құқық институты Психология кафедрасының мамандарымен кәсіби бағдар жұмысы бойынша кездесу онлайн форматында өтті. Кездесу барысында “Психология” мамандығы және оның мүмкіндіктері туралы әңгіме қозғалды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қойды. Кездесу соңында практикалық жұмыс ұйымдастырылды. Read More