1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне арналған “Елін сүйген, елі сүйген Елбасы”, “Нұрсұлтан салған дара жол”, «Елбасы еңселеткен Елорда» тақырыптарында барлық сыныптарда тәрбие сағаты өтті.

Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу мақсатында тәрбие сағаттары өткізілді. Оқушыларды Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Оқушыларды Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту. Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатып Елбасының кісілік […]

Read More

Мектебімізде “Synergy” ОФ ғылыми-білім орталығымен бірлесе “Жасөспірімдермен ашық әңгіме” тақырыбы бойынша 10 сынып оқушыларының қатысуымен кездесу өтті.

Кездесуге психолог Зуев Игорь Александрович келіп, балалармен өз білімі мен тәжірибесімен бөлісті. Балалар өз сұрақтарын қойып, ашық әңгіме-диалог жүргізді.

Read More

“Мен өмірде таңдаймын жобасы аясында “Ғылыми-білім орталығы “«Synergy»қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Қостанай өңірі психологтар ассоциациясының» психологы А.Н.Моньконың қатысуымен 2021жылы Қарашаның 24 күні «Жеткіншектер мен ата-ана арасындағы дау жанжалсыз мінез-құлықты қалыптастыра білу»орта буын сынып оқушыларының ата-аналарына арналған семинар-тренинг өтті.

Ата-аналар мен балалардың эмоционалды фонын көтеру және жағымды эмоция сыйлау мақсатында«Ха-хи-хо-хе»тақырыбында сергіту жаттығуы жүргізілді.Ата-аналарды ынтымақтаса жұмыс істеуге бағыттау мақсатында «Қайрымды жануар»тақырыбында тренинг өткізілді.Ата-ана мен бала арасында жағымды қарым-қатынас қалыптастыру мақсатында «Тамаша болар еді егерде ата-анам….»немесе «Тамаша болар еді егерде балам….»тақырыбында өткізілген жаттығуда,бала ата-анасы туралы немесе ата-анасы баласы туралы тек жақсы,жағымды жақтарын айтуға тапсырма берілді.Тапсырманы […]

Read More