Мектебімізде бүгін “Synergy” ОФ ғылыми-білім орталығымен бірлесе “Мен өмірді таңдаймын” атты жоба аясында 9 сынып оқушыларының қатысуымен ” Өз-өзіммен үйлесімдікте ” тақырыбы бойынша тренинг өтті.

Тренинг барысында Бекенов Марат Ахметуллы-тренер-мотиватор,бизнес-тренер сөз сөйледі. Оқушылар басында психологтың «Өтелмес борыш» киносын көріп, кейін арт-терапия әдісі арқылы өздерінің бойындағы сезімдерін акварельді қолдану арқылы сыртқа шығарып, суреттер салды. Балалар тренинг барысынан күшті эмоциялар алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.