Құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмыстарының жүргізілу жағдайын сараптау

Тақырыбы: Құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмыстарының жүргізілу жағдайын сараптау

Қаралды: директор жанындағы кеңес

Мерзімі: желтоқсан

Мақсаты: мектептегі құқықтық және сыбайлас жемқорлық фактілеріне қарсы мәдениет қалыптастыру.

Тексеруші: ДТІЖО Исмагулова Г.У.

«Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің М.Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебі» ММ-де сыбайлас жемқорлық қаупін сейілту және әдептілік-адалдық мәдениетін қалыптастыру мақсатында төмендегі жұмыстар атқарылды:

  1. 2020ж 28.08 күнгі №2 педагогикалық кеңесте сыбайлас жемқорлыққа қарсы және әдептілік мәдениетін қалыптастыру комиссиясы құрылды.
  2. 2020ж 28.08. күнгі №20 педагогикалық кеңестің шешімімен 28.08.2020 ж күнгі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және әдептілік мәдениетін қалыптастыру комиссиясын құру туралы»  №268 бұйрығы бекітілді.
  3. 10.09.2020 ж күні «Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілді тағайындау туралы» №288 бұйрығы бекітілді.
  4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт және педагог емес тұлғаларға қатысты әдептілік кодексі бекітілді.
  5. 27.08.2020 ж күні «Заңсыз ақша қаражаттарын жинауға тыйым салу туралы» №263 бұйрығы бекітілді.
  6. Мектептің 2020-2021 оқу жылына бекітлеген тәрбие жоспары бойынша  мына тәрбиелік шаралар іске асырылады:
  7. Педагогтарға, ата-аналарға, оқушыларға арналған құқықтық жаппай оқыту шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған нормативтік құқықтық актілермен таныстыруды қамтамасыз ету.
  8. «Қоғамдық тәртіп негіздері» (сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бағыты) пікірталас практикум
  9. «Сыбайлас жемқорлыққа қалай қарсы тұруға болады?» үздік сынып сағаты. Байқау
  10. «Бала құқығы-адам құқығы» Онкүндік
  11. «Сенім. Адалдық» асханадағы сенім акциясы
  12. «Жемқорлық құқық бұзушылықтың картасы». Жобалар байқауы
  13. «Мемлекеттік қызмет-елдің мүддесіне адал қызмет» Шығармалар байқауы.
  14. «Жақсы деген немене, жаман деген немене» театрлық қойылым
  15. «Транспарентті және есеп беретін мемлекет» Бейнероликтер байқауы.

          Мектептің бірінші қабатында «Парасатты азамат» тақырыптық бұрышы орналасқан.

Білім алушының ата-аналарынан және заңды өкілдерінен заңсыз ақша жинау фактілерінің алдын-алу жұмыстары күшейтілген. Заңсыз түрде ақша жинамау мақсатында оқушылар мен ата-аналар үшін ұйымдастырылған сенім телефоны туралы ақпарат бірінші қабаттағы ақпараттық стентке ілініп, «Сенім жәшігі» жұмысы қадағаланады. Сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылық және қылмысқа жол берген барлық айғақтардың алдын-алу бойынша тиісті деңгейде төмендегі шаралар ұйымдастырылуда.

          Мектепшілік ата-аналар жиналысында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу тақырыптары қарастырылады. «Тәртіпті бола аласың ба?», «Жемқорлыққа жол жоқ», «Нөлдік төзімділік» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді.

        Оқушыларға арналған қалалық, облыстық, республикалық ақылы интеллектуалдық және шығармашылық сайыстарға мектеп оқушылары тек ата-аналарының қалауымен ғана қатыстырылып, сайысқа қатысу үшін төленетін ақша тек арнайы есеп шотқа ата-аналар арқылы ғана жіберіледі.

         Оқушылардың тәртібінде ауытқулар болмас үшін, рухани-этикалық нормаларға, құқықтық қалыптастыру жолдары мен тәсілдері құқықтық оқыту шеңберінде ата-аналарға отбасы және өскелең үрпақты тәрбиелеу заңдарының негіздерінде беріледі.

         Мектепте тұрмыстық зомбылықтың алдын-алу, кәмелетке толмаған  жасөспірімдер арасындағы және құқықбұзушылықты алдын-алу сұрақтары,кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық қорғау ұйымдарының өкілдері, ата-аналар қоғамы арқылы өзара байланыс жұмыстары күшейтілген.

2020-2021 оқу жылының бірінші жартысында қалалық құқықтық және сыбайлас жемқорлық тақырыптарындағы «Заңды білу – табысқа жол» қалалық сырттай байқауына қатысып, видео номинациясы бойынша Қайыркенова Асия 3 орынға ие болды. Осындай байқауларға үнемі Хамит А, Камбарова К үнемі атсалысып отырады.

Шешім:

  1. Мектепшілік сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы іс-шаралар ұйымдастыру жалғастырылсын. (жыл бойы, Г.У.Исмагулова)
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмысының тиімділігін анықтау мақсатында 5-11 сынып білім алушылары арасында сауалнама жүргізілсін. (наурыз, Г.У.Исмагулова)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.