Pisa халықаралық зерттеуінің жаңашылдығы

«PISA халықаралық зерттеуінің жаңашылдығы» атты дөңгелек үстел М.Хәкімжанова атындағы №20 ЖББМ қабырғасында ұйымдастырылды. Мақсаты: PISA зерттеуіне енгізіліп жатқан өзгерістермен таныстыру.
Дөңгелек үстелді ұйымдастырған №20 ЖББМ-нің химия – биология бірлесітігінің педагогтері Сарсенова Ардак Конакбаевна мен Косанова Айжан Умиткалиевна. Келген – қонақтарын ұлттық нақышта қарсы алып, жылы лебізбен жоспарланған іс – шараны бастап кетті.
Дөңгелек үстел барысында әдістемелік бірлестік жетекшісі Сарсенова А.К бірлестік құрамы, тақырыбы, мақсаты, міндеттері мен 5 жылғы атқарылған жұмыс жүйесі мен жетістіктерімен таныстырып шықты.
Екінші бөлім Косанова А.У PISA халықаралық зерттеу жұмысының мақсаты, міндеттері мен жалпы сипаттамасымен таныстырып, PISA халықаралық зерттеуінде 2025 жылға қарай жоспарланып отырған өзгерістерге тоқталып өтті. Ұйымдастырушы педагогтер практикалық бөлімді PISA тапсырмаларын сабақ барысында қолдану мүмкіндіктеріне тоқталып, әріптестер үшін құнды ақпаратпен бөлісіп, тәжірибе алмасты.
Қатысушы педагогтер ұйымдастырылған іс – шараға өз ризашылығын білдірді. «Химия – биология» әдістемелік бірлесітігіне алғысымызды айта отырып, шығармашылық табыс тілейміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.