Семинар барысында:
- Семинардың психологиялық жағынан жайлы және позитвті атмосфераны құру мақсатында мектеп психологы Р.Д Кантореева «Көркем мінезің- шырайың » атты тренинг өткізді.
- Тарих пәні мұғалімі А.М Ержан « Тарих сабақтарында оқушыларға адамгершілік құндылықтарын насихаттау,рухани толысқан тұлғаларды қалыптастыру» атты баяндамасын ұсынып, педагогтарға өзінің практикада пайдаланатын бейнематериалдарын көрсетіп, оқушыларға жалпы құндылықтарды меңгертудің әдіс-тәсілдердің түрлерін айтып, тәжірбиелерімен бөлісті.
- Тарих пәннін ұстаздары Касымова.Г.М, Жансугуров С.А «Тарих сабақтарында құндылықтарды қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдері» деген тақырып аясында ұстаздармен практикалық тәжірбиелерімен бөлісті.
Шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында педагогтер өзара пікір алмасып, ұсыныстарын айтып ортаға салды. А.М Ержан кері байланыс ретінде «Ғажайып қалам» деген тренингті өткізіп, семинар-эстафетаны аяқтады.


