ӘБ мүшелері «жаратылыстану, география, химия, биология пәндерінің сабақтарын заман талабына сай түрлендіре өткізіп, жаңа технологиялардың элементтерін қолдану арқылы оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру» тақырыбында іс –шараларын жоспарлап өз жұмыстарын жүргізді. Сабақ арасындағы үзілістерде білім алушылармен ұлттық құндылықтарға негіздей отырып түрлі ойындар мен логикалық викториналар жүргізілді. Мектебімізде енгізіліп жатқан ұлттық құндылық жобасы апталықтың басты идеясы болды. Апталық соңында ӘБ жетекшісі, пән мұғалімдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізіліп, белсене қатысқан оқушылар мадақталды.

