Республика бойынша 38 педагог қатысты. Жүлделі 1,2,3 орындар мен 2 грамота иегерлері анықталды. «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының қорытынды (республикалық) кезеңінде мектебіміздің биология пәнінің мұғалімі Косанова Айжан Умиткалиевна грамотаға ие болды. Косанова Айжан Умиткалиевна Республика көлемінде жиналған «Мыңнан тұлпар, жүзден жүйріктердің» ортасына түсіп, бағын сынап келді. Айжан Умиткалиевнаны марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Шығар шыңдары, бағындырар биіктері, алар асулары көп болсын!
