«Құндылықтар негізінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру» тақырыбында облыстық семинар өтті.

       Бүгін М.Хәкімжанова атындағы № 20 жалпы білім беретін мектебінде облыстық деңгейде бастауыш сынып мұғалімдері мен әдіскерлерге арналған құндылықтар негізінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру  және сабақтан тыс уақытта бастауыш сынып оқушыларының бойына құндылықтарды қалыптастыру тәжірибесімен бөлісу мақсатында «Құндылықтар негізінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру» тақырыбында семинар өтті. Семинарға Қостанай облысының әр өңірінен 47 ұстаз қатысты.

      Әдістемелік орталықтың әдіскері Г. К. Бекмағамбетованың кіріспе сөзінен соң, мектеп директоры М. Т. Сағымбаев, ДҒӘЖЖО А.М.Маликова сөз сөйледі, директордың ДОІЖО Ж. А. Ещанова  «Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингіне (ББЖМ) әдістемелік ұсынымдар» тақырыбында баяндамасын оқыды және мектеп жантанушысы Қ.Қ.Атаева «Селфи» әдісі бойынша тренинг өткізді.

      Семинарға қатысқан ұстаздар топтарға бөлініп, әдебиеттік оқу, жаратылыстану, ана тілі, математика пәндері бойынша ұстаздардың: Г.К.Айгужина, Ж.С.Тажкенова, Ж.К.Шаяхметова, Н.М.Кудебаева және Ш.К.Букаеваның ашық сабақтарына қатысты. Ашық сабақ барысында ұстаздар функционалдық сауаттылықты қалыптастыру саласындағы өз тәжірибелерін көрсетті.

    Семинар әрі қарай ұстаздардың  «Шығармашылық әлеміне  саяхат»  квест ойынымен жалғасты:

  • «Ғылыми жобалар әлемі», Кудебаева Н.М.;
  • «Ұлттық қолөнер-бағалы қазыналар әлемі», Елтаева Г.А., Сакенова А.С. және Купеев Е.С.;
  • «Ұлттық ойындар әлемі», Исатаева З. Б. және Бралин А. Д.;
  • логиканы дамытуға арналған шеберлік сабақтарын А. Б. Ансаганова мен А. Б. Қадырбек өткізді.

     Семинар соңында рефлексия кезінде қатысушылар Padlet тақтайшасын қолданып, семинардан алған әсерлерімен бөлісті, ұйымдастырушылар қатысқан барлық мұғалімдерге алғыс білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.