«Қазіргі заманауи теорияларды ұлттық ерекшеліктермен үйлесімді ұштастыру негізінде баланы ерте дамыту процесінің тұтастығын қамтамасыз ету» тақырыбында мектепалды сыныптарының қалалық семинары өтті.

23 сәуір 2024жылы «Қостанай қаласы білім бөлімінің М.Хәкімжанова атындағы №20 жалпы білім беретін мектебі» КММ –де  «Қазіргі заманауи теорияларды ұлттық ерекшеліктермен үйлесімді ұштастыру негізінде баланы ерте дамыту процесінің тұтастығын  қамтамасыз ету» тақырыбында мектепалды сыныптарының қалалық семинары өтті.  Мақсаты: Заман талабына сай мектеп жасына дейінгі балалардың бойына ұлттық ерекшеліктерді сіңіре отырып, іскерлік дағдылары арқылы үйлесімді ұштастыру.  Семинарға қала мектептерінен тәрбиешілер қатысты. Семинар бағдарламасы бойынша ашық сабақ, шебер сынып, тренинг өтті.

Қоршаған ортамен танысу сабағынан «Байланыс құралдары» тақырыбында Аяганова Гульшат Мендибековна ашық сабақ көрсетіп,  оқытудың жаңашыл көптеген әдіс-тәсілдері қолданылып, сабақ жоғары деңгейде өтті.

Сонымен қатар, Истаева Замзагул Бериккановна «Қазіргі заман талабына сай ұлттық ойындарды ұйымдастыру арқылы балалардың қызығушылығын арттыру»  тақырыбында шебер сынып көрсетті. Заман талабына сай қазақтың ұлттық ойындары туралы теориялық мағлұмат бере отырып, практика жүзінде оқушылармен  бірге тәрбиешілер де ойынға қатысып, қызығушылық танытты.

Семинар соңында қатысушы әріптестер өз ойларымен бөлісіп, көптеген мағлұматтар алғандарына ризашылық білдірді. Семинар жоғары деңгейде өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.