Төртінші сәуір күні жалпы білім беру ұйымдарының 8-11-сынып оқушылары арасында «Абай оқулары» байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты – қазақ халқының әдеби мұрасын насихаттау, оқушылардың классикалық қазақ әдебиетін оқуға қызығушылығын арттыру, Абай мен Шәкәрім шығармашылығын насихаттау, оқушылардың эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлы ақындардың поэзиясына, рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Абай оқулары 6 номинация бойынша өткізілді. Мектебімізден 4 номинацияға оқушылар қатысып, төртеуі де жүлделі орынға ие болды.

«Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша 8 «Б» сыныбының оқушысы, Айдарбекова Жібек Абайдың қара сөздерін жатқа, мәнерлеп оқудан ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі: Айгүл Кабденқызы.

Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша Шәкерім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу бойынша 10 «Ә» сынып оқушысы Сатымбаева Аружан ІІ орынға ие болды. Жетекшісі : Бегалина Айгүл Болатқызы.

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы –оқушылардың өз шығармалары (поэзиялық) бағаланады. Бұл номинацияда 10 «Ә» сынып оқушысы Бейсен Жансұлу ІІ орынды қанжығасына байлады. Жетекшісі: Ақмарал Мұғайдақызы.

«Ұлылар әлемі» Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығына, рухани болмысына қатысты тақырыпқа  эссе жазып, 9 «Б» сынып оқушысы Төлеу Ақбота ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі: Турмағамбетова Гүлсім Сабырқызы.

Мұғалімдеріміз бен  шәкірттеріне шығармашылық табыс тілей отырып, шын жүректен құттықтаймыз.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.