“Сырласайық, жеңеше!” атты мастер класс өтті.

8-ші наурыз Халықаралық аналар мерекесіне орай мектебімізде орта буындар арасында «Сырласайық, жеңеше» атты мастер классы өтті. Іс-шара барысында, қазақ қызына тән инабаттылыққа, қарапайымдылыққа, әдептілікке, тәрбиелеуде қыз жеңгесінің де алатын орны ерекше екеніне тоқталу болды. Мастер класс 5 бөлімнен тұрды.Олар:Шай құю, Нан жаю, Шаш өру, Күнделікті тұрмыста қажетті ырым-тыйымдармен, жор жорамалармен таныстыру, Сегіз қырлы, бір сырлы , яғни жеңгелеріміздің қолөнерлерін тамашаладық.
Мастер классқа Оспанова Роза ханыммен Нағашыбай Сезім, Байшина Маржанкул ханыммен Балтабай Аружан, Истаева Замзагуль ханыммен Ағыбай Жанерке, Салықбаева Сандуғаш ханыммен Қалақ Жансая, Ибраева Назгул ханыммен Абилова Каусар, Айтмаганбетова Кызғалдак ханыммен Кавияш Молдир қатысты. Жеңгелер ақыл кеңестерімен бөлісіп , қолөнерлерін көрсетті. Оқушылар өздеріне қызықты сұрақтар қойып, іс-шара жақсы деңгейде жалғасты , соңында алғыс хаттармен,сыйлықтар берілді. Іс-шараға қатысқан жеңгелерге, оқушыларға ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.