Мектебімізде “Synergy” ОФ ғылыми-білім орталығымен бірлесе “Жастар өздерінің психикалық денсаулығы туралы біледі” тақырыбы бойынша 8-10 сынып оқушыларының қатысуымен онлайн-кездесу тренингі өтті.

Кездесу барысында психолог Александра Монько балаларға өздерінің психикалық және психологиялық денсаулықтары туралы көп ақпарат беріп , балалармен өз білімі мен тәжірибесімен бөлісті. Балалар өз сұрақтарын қойып, ашық әңгіме-диалог жүргізді.

Мектебіміздің жантанушылары 8 желтоқсанда онлайн форматта “Synergy” ОФ ғылыми-білім орталығының ұйымдастырылуымен өткен “Мен өмірді таңдаймын” жобасы аясында “Біздің өміріміздегі эмоциялар” тақырыбы бойынша тренингіне қатысты. Тренингті өткізген психолог Владимир Алексанин. Жантанушылар өз білімдерін толықтырып, практикалық тәжірибе алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.