Мектебімізде Қалалық тарих әдістемелік бірлестігінің «Жаңартылған білім беру үрдісінде педагогтардың құзыреттілігін дамыту» эстафетасын №9 жалпы білім беретін мектебінен ресми түрде қабылдап, бүгін біздің мектебімізде тарих пәні мұғалімдерімен кезекті семинар өткізілді.

1.Директордың әдістеме жөніндегі орынбасары А.У.Сарсенбаева тарих пәні мұғалімдерімен таныстырып,  сәттілік тіледі

2.Мектебіміздің жантанушысы  Р.Д.Кантореева  семинарға келген мұғалімдермен  «Менің бақытты сәтім» психолгиялық тренинг жүргізіп, көңілді орта қалыптастырды

3.Тарих пәні мұғалімі А.М.Ержан «Өлкетану сабақтарында  оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту» тақырыбында баяндама  оқыды.

4.Тарих пәні мұғалімі С.А.Жансугуров  «Оқушылардың тарихи нысандарға саяхаттау арқылы өлкетанымдық  білімдерін тереңдету» тақырыбында  өз жұмысымен  таныстырып, тарих пәні мұғалімдерімен пікір таласып, ой бөлісті.

5.Практикалық  бөлімінде тарих пәні мұғалімі Касымова.Г.М келген қатысушы-ұстаздарға,өлкетану сабақтарында оқушыларға берілетін тапсырмаларды орындауға ұсынды. Мұғалімдер топтарға бөлініп үш тапсырма орындады.Бірінші тапсырмада айтылған  сипаттамалар бойынша Қостанайдың танымал тұлғаларын анықтады,екінші тапсырмада,берілген қағаз құрақтарынан Қостанай қаласындағы тарихи ескерткіштерді,ғимараттарды жинақтап,олардын атауын айтты. Үшінші «Менің қаламның жарқын болашағы» тапсырмада мұғалімдер  шығармашылық деңгейдегі жобаларды әзірледі.

6.Тарих пәні мұғалімі Ержан.А.М мұғалімдерімен кері байланысты қағаздан адамды қиып алып, басына (қандай ойыңыз бар) ,қолына( қандай жоспарыңыз) ,аяғына( тақырып бойынша нені  іске асырдыңыз) және жүрек тұсына ( жылы лебіз)   ойын түрінде өткізіп Қазақстан картасына өз қалаған қалаға ілінді.

7.Семинар аяқтау барысында «Жаңартылған білім беру үрдісінде педагогтардың  құзыреттілігін дамыту» эстафетасынын кубогы салтанатты және сертификаты түрде   №10  жалпы білім беретін мектебіне табысталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.