«ӨЗ БАЛАҢЫЗДЫ ҚОРҒАЙ БІЛІҢІЗ!»

Кәмелет жасқа толмағандарға қатысты қол сұғушылықты алдын-алу бойынша ата-аналарға арналған жадынамалар

Балаға физикалық жазалауды қолдану алдыңда тоқта!

1. ЖАҚСЫ ҮЛГІ КӨРСЕТ.Қорқыту, сонымен қатар ұру спсихологиялық қысым, ұрсу және т.б. жағдайлар жағдайды сирек жақсартады. Сіздің балаңыз сіздің мінезіңізден үлгі алады.

2. МЕКТЕПТІҢ ЖИІ ҚОНАҒЫ БОЛЫҢЫЗ. Егер сіздің балаңызда жан күйзелісі және төмен баға көрсетілсе мектепке барыңыз.Балаларға көмек көрсету және оқыту  үшін мектеп қызметкерлері бар.

3. «МЕН СЕНІ ЖАҚСЫ КӨРЕМІН» МАҢЫЗДЫ СӨЗДІ БАҒАЛАУМАУҒА БОЛМАЙДЫ.Кез келген  жастағы балалар сүйюді, құшақты, иықтан достықпен сипауды,мейірімділікті қажет етеді.   «Мен  сені мақтан тұтамын!»  деген сөзді балаларыңыз жиі естігісі келетінін біліп жүріңіз.

4. ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ  БАЛАЛАРЫҢЫЗБЕН СӨЙЛЕСІНДЕР. Өздерінің қорқынышы туралы, оның ашу-ыза мен мұңы туралы,олар өздерінің сезімдері туралы  айтқан кезде қолдап отыру. Ата-аналар балаларының ойы туралы, олардың сезімі мен қызығушылықтарына көңіл  бөліп, сонымен қатар жақсы кеңестер беру керек.Сіздермен балаларыңыз қалай қарым-қатынас жасайды бақылап көріңіз.

Егер балаңызға зорлық жасалса, баланы айыптамаймыз,не болғанын анықтауға тырысамыз.

 Егер Сіз немесе сіздің отбасыңыздың адамдары жалғыздықта махамббатсыздықта, шарасыздықта жүрсе немесе сіз,өзіңіз есірткіге немесе ішімдікке салынсаңыз –көмек іздеңіз. Көбінесе барлық зорлық-зомбылықтың әрекеті ішімдікті немесе есірткіні пайдаланумен жасалады.

ӨЗ БАЛАҢЫЗДЫ ҚАЛАЙ ҚОРҒАУ КЕРЕК
1. Балаңызды кез келген үлкендерге  «Жоқ» деп айтуға құқығы бар деп үйретіңіз, егер одан қауіп төніп тұрса.

2. Егер біреу балаңызды ұстап алғысы келсе, «Бұл менің анам емес!» деп қатты айғайлауға үйретіңіз, Бұл қоршағандардың назарын аударады және қылмыскерлерді тежейді.

3. Егер балаңыздың жоспары өзгерсе, балаңыздың қайда баратыны, қашан келетінің, қоңырау шалып хабарласуға үйретіңіз.

4.Балабақшадан немесе мектептен балаңызды өзіңіз алып кетуге тырысыңыз, егер оны басқа біреу алып кететін болса, тәрбиешіні немесе мұғалімді осы туралы ескертіңіз.

5.Балаңыз үшін пароль ойластырыңыз, егер ол парольді білмесе бөтен адамдармен машинаға отырмауға үйретіңіз.

6. Түнгі уақытта жалғыз жүру қауіпті, ал достармен компанияда серуендеу әлде қайда қауіпсіз екендігіне балаңызды сендіріңіз. Жалғыз серуендеп жүрген бала қылмыскерді қызықтырады. 

7. Балаңызды телефон-автоматымен қолдануға үйретіңіз (халықаралық қосумен). Үй телефонының номерін және көмек қызметінің телефонын жатқа білу тиіс.

8. Ең кемінде балаңызды жылына бір рет фотоға түсіріңіз, егер балаңыз ұрланса немесе жоғалса осы кезде балаңыздың суреті қажет болады.

9. Балаңызбен барлық жағдайда,сізге ойын ашық айта алатындай қарым-қатынаста болыңыз. Балаңыз әр қашан оны жақсы көретініңізді біліп жүру керек, жоғалса іздейтініңіз туралы сенімді болу керек,бала өзінің керектігін сезініп өсу керек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.