ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 8  тамыздағы №544 Қаулысы, ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 Қаулысы бойынша көмек алушылар алгоритмі

ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 8  тамыздағы №544 Қаулысы, ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 Қаулысы(08.08.2022 ж.№544 өзгерістерімен) бойынша көмек алушылар алгоритмі

Көмекті алушылар:

  • АӘК алушылар;
  • Асыраушыларынан айрылғандар(жетімдер);
  • Табыс көзі күнкөріс деңгейінен төмендер;
  • Төтенше жағдайға тап болғандар;
  • Жергілікті кеңес шешімімен енгізілгендер.
  • Осы категориядағылар әр оқушыға 38000 теңге алады

Алгоритм:

  • Ата-анадан өтініш(сома және көмек түрі көрсетілуі керек);
  • Өтініш берушінің жеке счеты;
  • Мәртебесін көрсететін құжаттар.

Құжаттар:

  • АӘК алушының анықтамасы немесе НОБДдан алу;
  • Табыс көзі күнкөріс деңгейінен төмендігін анықтайтын құжат, НОБДдан алу;
  • асыраушысынан айрылғандар үшін қаулы немесе келісімшарт;
  • ТЖ бойынша әкиматтың шешімі;
  • Басқа мәртебе бойынша жергілікті кеңес шешімі.

Құжаттарды қарастыру:

  • Өтініш қажетті құжаттармен бірге журналға тіркеледі, басшы есепшіге немесе әлеуметтік педагогқа жібереді. Орындау мерзімі-өтініш күні;
  • Өтініш 15 жұмыс күн ішінде қарастырылады. Әкімшілік өтініш берушіге жауабын береді;
  • Әкімшілік барлық өтініш қанағаттандырылатындарға бір бұйрық шығарады. Есепші қажетті соманы өтініш беруші счетына жібереді. Орындау мерзімі-жауап беру күні;
  • Өтініш беруші өтініште көрсетілген бойынша киім, аяқ киім, мектепке қажетті құралдар алады. Орындау мерзімі-15 жұмыс күні;
  • Өтініш беруші әлеуметтік педагогқа алынған заттарының квитанциясын, төлем чекын, алынған зат фотосын 15 жұмыс күн ішінде тапсыруы қажет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.