НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!!!! Құрметті ата-аналар!

Наурыз айынан бастап, «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 11- тармағына сәйкес, дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде өз қызметін жүзеге асыратын жерлерде төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) орнатуды және қолдануды және (немесе) лездік төлемдер жүйесін пайдалана отырып төлемдерді қабылдауды жүзеге асыру үшін мектеп асханасында төлемдерді қабылдауға арналған жабдықтың(құрылғының) орналылатынын хабарлаймыз.

Сонымен қатар, ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығымен бекітілген»Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру…» 108 тармағына сәйкес, ата-аналар төлемі есебінен тамақтанатын білім алушылар үшін мектеп асханасында тамақтану үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу кезінде мектеп асханасында сатылатын өнімнің бағасын мәзірде (бағалар прейскурантында) көрсетілген бағадан 10 % мөлшерінде төмендету көзделетіндігін ескертеміз!

Мектеп әкімшілігі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.