«Дельфин» балалар үйіне

Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және биологиялық отбасын сақтау бойынша «Дельфин» балалар үйіне 2022 жылдың 1 наурызынан күндізгі топқа 1,5-3 жас арасындағы бүлдіршіндердің келуі ұйымдастырылған. Негізінен бұл алдын алу жұмыстары жалғызбасты аналар, тұрғылықты тұратын жері жоқ отбасылар, отбасында мүгедек балалары бар отбасыларға арналған. Бүлдіршіндерді қабылдау 08:00-18:00 аралығы. Сенбі, жексенбі күндері демалыс. Күндізгі топқа келуші бүлдіршіндер 6 реттік тегін тамақтанады, балаларға дәрумендер беріледі. Бұл мүмкіндіктердің барлығы қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек ретінде көрсетіледі. Бүлдіршіндердің денсаулығы мен шынығуы үшін емдеу дене жаттығулары, сылау, физиотерапиялық, логопед, сенсорлық, бассейн, сауна, тұзды кабиенттері бар. Балалар үйі ауласында барлық ауа райына сәйкес бүлдіршіндердің демалуы мен таза ауада болуына жағдайлар жасалынған.                                                            Күндізгі топқа бүлдіршіндерді қабылдау құжаттары:

– жергілікті тіркелген емханадан өтініш;

– ата-ана өтініші арқылы білім бөлімі жасаған отбасының тұрмыстық-жағдайын зерттеу АКТі;

– баланың туу туралы куәлігі;

– ата-анасының жеке құжаты;

– №112 формадан қысқаша көшірме;

– №065/у форманың көшірмесі;

– талдаулар(бак анализ дизгр, сальм, мазок на BL, менингокковую инфекцию,ПЦР на COVID-19);

– эпидемологиялық орта анықтамасы.

Мектеп әкімшілігі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.