Құттықтаймыз!!!

2023-2024 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалардың республикалық конкурсының облыстық кезеңінде мектебіміздің 11 сынып оқушылары Сатымбаева Аружан, “Қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау” секциясы бойынша және Жанузакова Алуа, “Биология” секциясы бойынша қатысып, екеуі де жүлделі 3-орынға иеленді. Жетекшісі Косанова Айжан Умиткалиевна.  Оқушыларымызды жүлделі орындарымен құттықтаймыз және алдағы уақытқа сәттілік тілейміз!!!

Read More

Абайлаңыз, жұқа мұз!

Құрметті ересектер мен балалар!
Күзгі-қысқы кезеңде су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтамау жиі адамдардың өліміне және жарақат алуына әкеп соғады. Қараша мен желтоқсан аралығында, яғни тұрақты аяз басталғанға дейін мұз қатпайды. Кешкі немесе түнгі суықта қатқан мұз берік болса да, күндіз ол белгілі мөлшерде еріп, өз тығыздығын жоғалтады. Мұз қату кезеңіндегі қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қараңыз!

Read More

«Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарының» өзгерістерін енгізу туралы жобасы

24.11.2023 жылы   Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарының»  өзгерістерін   енгізу  туралы  жобасына директордың әдістеме жөніндегі орынбасары А.У.Сарсенбаева мектеп ұжымына түсіндірме жұмысын жүргізді.

Read More

27.10.2023 ж. «Тарих сабағында сабақ барысын трансформациялау» тақырыбында қалалық тарих пәні мұғалімдерінің семинары өтті.

Семинар барысында:

Семинардың психологиялық жағынан жайлы және позитвті атмосфераны құру мақсатында мектеп психологы Р.Д Кантореева  «Көркем мінезің- шырайың » атты тренинг өткізді.
Тарих пәні мұғалімі А.М Ержан « Тарих сабақтарында оқушыларға адамгершілік құндылықтарын насихаттау,рухани толысқан тұлғаларды қалыптастыру» атты баяндамасын ұсынып, педагогтарға  өзінің практикада пайдаланатын бейнематериалдарын көрсетіп, оқушыларға жалпы құндылықтарды меңгертудің әдіс-тәсілдердің түрлерін айтып, тәжірбиелерімен бөлісті.
Тарих пәннін ұстаздары […]

Read More