«Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығы

 24.04- 29.04  аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығы  өтті.

Апталық  тақырыбы:«Мәңгілік ел – мәртебелі тіл».

«Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығының  ашылу  салтанаты 1- кезең  оқушыларына  8.15-8.30 уақыт  аралығында ,2-  кезең  оқушыларына 13.00-13.15 уақыт  аралығында өткізілді.Апталықтың  ашылу  салтанаты  тіл  туралы  өлеңдер,би,күй  және мың бір мақал жүз бір жұмбақ жарысымен   қызықты болды.    Әр  кабинеттің  есігіне  оқушылар  үшін үзіліс  уақытында  толтыруға  ребустар,  крассвордтар,  логикалық  сұрақтар, сөзжұмбақ , жұмбақтар, шифрограмма, жасырынған сөз, викториналық   сұрақтар, логикалық-әзіл жұмбақтар  ілінді.

Апталықта мұғалімдер қазақ  әдебиеті пәнінен сабақтар көрсетті

Алимханова А.К   5 «А» сыныбында  Н.Ақыш. «Нағыз әже қайда?» әңгімесі бойынша  көркем шығарманың жанрына,фабуласы мен сюжеттік дамуына   талдау  жүргізді.

Бегалина.А.Б 8 «А» сыныбында   Р.Мұқанова «Мәңгілік бала бейне»әңгімесі бойынша әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог,прологтарды анықтау арқылы идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан талдады.

Турмаганбетова.Г.С 7«А» сыныбында Т.Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесінің тақырыбы мен идеясын,тұлғалық болмысын гуманистік  тұрғыдан талдай  отырып,шығармадағы кейіпкерлердің типтерін ,жасалу тәсілдерін  анықтады.

 

       Сабақ  сан қырлы болған  жағдайда  ғана оқушылар үшін,  мұғалімдер үшін де қызықты болады. Мұғалімдердің  сабақтарында қазақ әдебиеті бағдарламасының басты  мақсаты  орындалды. Пән  мұғалімдері қазақ  әдебиеті пәні  бойынша білім мен түсіну, жауап беру, анализ және интерпретациялау,бағалау,салыстыру дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға   бағытталған  шығармашылыққа  жетелейтін  тапсырмалар орындатты.Білім алушыларды креативті ойлауға бағыттады.

      Оқушылар әдеби  шығармаларда көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселе,идеясы, кейіпкерлердің типтерін тек тұрғысынан сипаттай білді. Шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасап,   шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазып,  талдай білді. Шығарманың тарихи және көркемдік, материалдық және рухани құндылықтарына, кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстыра,шынайы өмірмен байланыстырды. 

Ынтымақтастық  атмосферасын қалыптастыру және топқа бөлуде ұстаздар тақырыптарға сай   әдістерді   қолданды.

       Ұсыныстар мен сұрақтарға  жауап, кері   байланысты  ұтымды  қолдана  отырып  рефлексияда  оқушылар жаңа тақырыпты қалай түсінгенін,қандай  нәтижеге  жеткендерін, сабақтан  алған  әсерлерін    тұжырымдады.

Сергіту  сәттері де    оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  сай таңдап  алынған.

    Сонымен қатар,оқушыларға жаңа материалды меңгеруде тапсырмаларды қаншалықты дұрыс орындағандығын білуге, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінуге,қалай жұмыс жасағанын бағалауға әр  сабақта дескрипторлар мен  бағалау  түрлері  ұсынылды.Мұғалімдер пайдаланған  ғаламтордан  алған  бейнежазбалар, «Білім  Ленд»  сайтынан  аудиожазбалар ,электронды оқулықтар, АКТ құралдары сабақтардың тиімділігін арттырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.