“Мен өмірде таңдаймын жобасы аясында “Ғылыми-білім орталығы “«Synergy»қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Қостанай өңірі психологтар ассоциациясының» психологы А.Н.Моньконың қатысуымен 2021жылы Қарашаның 24 күні «Жеткіншектер мен ата-ана арасындағы дау жанжалсыз мінез-құлықты қалыптастыра білу»орта буын сынып оқушыларының ата-аналарына арналған семинар-тренинг өтті.

Ата-аналар мен балалардың эмоционалды фонын көтеру және жағымды эмоция сыйлау мақсатында«Ха-хи-хо-хе»тақырыбында сергіту жаттығуы жүргізілді.Ата-аналарды ынтымақтаса жұмыс істеуге бағыттау мақсатында «Қайрымды жануар»тақырыбында тренинг өткізілді.Ата-ана мен бала арасында жағымды қарым-қатынас қалыптастыру мақсатында «Тамаша болар еді егерде ата-анам….»немесе «Тамаша болар еді егерде балам….»тақырыбында өткізілген жаттығуда,бала ата-анасы туралы немесе ата-анасы баласы туралы тек жақсы,жағымды жақтарын айтуға тапсырма берілді.Тапсырманы ата-ана да,оқушы да қызығушылықпен орындады. «Мен білемін саған не керек екенін»тақырыбындағы тренингке де ата-аналар да,оқушылар да ықыласпен қатысты.Ата-ана тарапынан дұрыс емес бақылаудың себебінен жеткіншектің өзін-өзі дамытуға кедергісін келтіріп қана қоймай,ата-ана мен бала арасындағы байланыстың үзілуіне әкелуі мүмкін екенін жаттығуды өткізу барысында түсіндірілді және сұрақтар арқылы кері байланыс орнатылды. Ата-ана мен бала арасындағы авторитарлы жағымсыз қарым-қатынасты алдын алу,авторитарлы түрде балаға өз пікірін таңу,айтқанын істеткізудің орнына,ата-анаға да,балаға да сәйкес келетін,ымыраға келетін ортақ шешімді қабылдауға үйрету мақсатында “Ертегілер патшалығы”,«Кімнің алақаны тауып көр»тақырыптарында өткізілген жаттығуларға ата-аналар қызығушылықпен қатысты. Ата-ана мен бала,бірін-бірі түсінуі,балалар ата-аналарға ойларын ашық айта алуы,бірін-бірі тыңдай білуге үйрету мақсатында «Қолдау мен жазалаудың тізімі»тақырыбында өткізілген жаттығу барысында,балалар,қандай жағдайда,қандай әрекет үшін оқушылар өздерін жазалауға болатыны жайында және қандай жағдайда қандай әрекеттері үшін қолдау күтетіні жайында ойларын ашық айта білді.Ата-аналар да өз тарапынан балаларының қандай іс-әрекеттері үшін қолдау мен жазалауды қолданатынын түсіндіруге тырысты.Психолог өз тарапынан қолдау мен жазалаудың дұрыс жолдары жайында өзінің ұтымды ұсынымдарымен бөлісті.Барлық іс-шаралардың соңында ата-аналардың,оқушылардың нерв жүйесін тыныштандыратын,музыканың сүйемелдеуімен релаксация өткізілді.
Жиналыс соңында кері байланыс орнату мақсатында,ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.Ата-аналар жаттығуларды өткізу барысында, баламен қалай сауатты қарым-қатынасты қалыптастыруға болатыны жайында жаңа бағыттар мен мардымды мазмұнды ақпарат алғандығы жайында жақсы пікірлерін қалдырды және жағымды эмоция алғандығы жайында әсерлерімен бөлісті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.