Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2008 жылғы 25 қаңтардағы

№ 64 Қаулыны түсіндіруге қатысты

2020 жылғы 30 желтоқсанда жекелеген санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылық және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты және есепке алу қағидаларын регламенттейтін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 Қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 949 Қаулысы қабылданды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) алуға құқығы бар отбасылардан, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттарының жалпыға бірдей оқу қорынан көмек алуға құқығы бар.

Білім алушыларға қаржылық және материалдық көмек көрсету тетігінің тиімділігін арттыру мақсатында мыналар көзделген:

1) АӘК алатын тұлғамен (отбасымен) бірдей, Ақпараттық жүйелерді (ҰБДҚ және Е-Халық) интеграциялау арқылы екінші санат (мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан білім алушылары) үшін білім беру ұйымына құжаттар жинау алып тасталды.

Материалдық көмек алу үшін ата-ана, заңды өкіл электрондық үкімет порталы арқылы, жұмыспен қамту орталығына немесе жұмыспен қамту орталығы болмаған жағдайда ауылдық округ әкіміне АӘК алуға өтініш береді. Отбасының жан басына шаққандағы орташа табысын есептеу тетігі АӘК алушылар емес, ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, АӘК алушылар тетігіне ұқсас.

АӘК алудан бас тартқан кезде отбасының табысы есептеледі және тиісті ақпараттық жүйеде автоматты түрде көрсетіледі.

Осылайша, әлеуметтік педагогтар екінші санатқа жататын отбасының жан басына шаққандағы табысын есептеу бөлігінде оларға тән емес функциядан босатылады.

2) отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру барысы, білім алушының мәртебесін айқындау кезінде алқалы органның шешім қабылдау тәртібі белгіленеді.

3) материалдық көмек көрсетудің еселігі, мерзімі және кезеңі айқындалады.

Жекелеген санаттарға жатқызылған білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білім алуы кезеңінде қаржылық және материалдық көмек алу құқығы, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан білім алушылар мен тәрбиеленушілерді қоспағанда, оқу жылына бір рет білім беру ұйымына құжаттарды ұсыну арқылы расталады.

Баяндалғанның негізінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті материалдық көмек алу процесі бөлігінде белгілі бір санаттарға жататын ата-аналар жұртшылығымен түсіндіру жұмысын жүргізу қажет деп пайымдайды.

Төраға орынбасары                                                   Д.Жекебаев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.