Мұғалімдерге

БАЛАЛАРДА ӨЗІНДІК ҚАДІРЛЕУ МЕН ЖЕКЕ АДАМГЕРШІЛІГІН ДАМЫТУҒА

ҚАЛАЙ ЖӘРДЕМЕДЕСУ КЕРЕК?

Мектепте:

·           Жетістікке жетуге шынайы мүмкіндіктер ұсыныңыз;

·           Балаға үнемі қызығушылық таныту, оның бастамаларын қабылдау және қолдау;

·           Өткендегі қателіктері мен шалыс басуларына көңіл аудармай, мінезінің оң жақтарына назар салыңыз;

·           Үнемі баланы қолдап, қайраттандырып, мақтау қажет, оны ешқашан сынға алмай,оған арсыздық көрсетпеу қажет;

·           Баланың қолынан келетін тапсырмаларды таңдай отыра, оның сенімсіздігінің, қателік жіберуден және сәтсіздіктен, жаңа істен қорқудың алдын алу;

·           Оған нақты мақсаттарды қоя білу және оның жетістіктері мен сәттіліктеріне шынайы баға беру.

БАЛА ҚАШАН РЕНЖИДІ


Ø     Барлық сәтсіздіктерді саған артса,ренжиді

Ø     Жетістіктері байқалмаса, ренжиді;

Ø     Егерде саған сенбесе, ренжиді;

Ø     Сенің қолыңнан келетін істі басқа адамға тапсырса, ренжиді;

Ø     Басқалары қызықты нәрсемен айналысқанда, сені жабырқаңқы,

          ез болған іспен  айналысуға  мәжбүрлегенде, ренжиді;

Ø     Түсінікті және қызықты іс машақатқа, құтыла алмайтын іске айналғанда,

          ренжиді;

Ø     Үшінші тұлғалардан өзін туралы «жаңашылдық» білгенде, ренжиді;

Ø     Өз шаруаларымен жүріп, сен туралы ұмытқанда, ренжиді;

Ø     Сенен күмәнданса, ал сенде ақталу мүмкіндігі болмағанда, ренжиді;  

Ø     Біз еске алмағдандардың көбі үшін ренжиді.

                                    БАЛАЛАР ӨМІР СҮРУДІ ӨМІРДЕН ҮЙРЕНЕДІ

Ø     Егер баланы үнемі сынға алса, ол жек көруді үйренеді.

Ø     Егер бала араздық ортасында өмір сүрсе, ол агрессияға үйренеді.

Ø     Егер де баланы мұқатса, ол тұйық болады.

Ø     Егер де бала жазғыру жағдайында өссе, кінә сезімімен өмір

сүруге үйренеді.

Ø     Егер де бала шыдамдылық ортасында өссе, ол басқаларды

қабылдауға үйренеді.

Ø     Егер баланы жиі көтермелесе, ол өзіне сенуге үйренеді.

Ø     Егер де баланы жиі мақтаса, ол қайырымды болуға үйренеді.

Ø     Егер бала адалдықта өмір сүрсе, әділ болуға үйренеді.

Ø     Егер бала әлемге деген сенімде өмір сүрсе, ол адамдарға сенуге

үйренеді.

Ø     Егер бала қабылдау ортасында өмір сүрсе, ол әлемде махаббатты

табады.

Мектептегі психологиялық қызметке қарасты мамандардың ұйымдастыруымен,отбасындағы жынысқа қатысты тәрбиені саналы,әдептілік тұрғыда дұрыс ақпараттандыруға оңтайлы ықпал ету.Мектеп аясындағы буллингке,негативті топтың жағымсыз қысымына түскен балалармен ата-аналардың өзара әрекеттесуі бойынша ата-аналардың сауаттылығын арттыру мақсатында «Кәмелет жасқа толмағандардың жеке басының шекарасын, балалардың жеке тұлғалығын құрметтеу.Жынысқа жасалатын зорлық-зомбылықты және буллингті алдын алу»тақырыбында өңірлік ата-аналар жиналысы өткізілді.

Мектептің педагог-психологы Кантореева Р.Д. «Әлеуметтік желідегі,компьютердегі,ұялы телефондардағы ойындарға және т.б қызығушылығының жоғарлауын алдын алу»тақырыбында,ата-аналармен кездесу,ақпараттық ағарту,ашық диалог алаңы  және әлеуметтік желі тәуелділігіне итермелейтін отбасы түрлері: травматикалық,жүктейтін,жалған,айнымалы отбасылар жайында,тәуелділікті құрудағы отбасының қауіптері:қақтығысты жағдайлар,бұл үлкендердің  қолдауын,түсінуін және эмоционалды жақыныдықтығын сезінбейтін жағдайда,ата-ананың балаға деген қызығушылығын ояту,баланың ішкі әлемі,ата-ана тарапынан сұрақтардың дұрыс қойылуы жайында, кипербуллинг жеңуге қалай көмектесу керектігі жайында ата-аналарға кеңестер айтылды және қиын мәселе туындаған жағдайда қандай сенім телефондарына хабарласуға болатыны жайында түсіндірме,ақпараттық ағарту жұмыстары жүргізілді.Балалардың мазасыздығын шығара білуге үйрету,ата-аналардың балаларымен жағымды эмоционалды байланысты нығайту,өзін-өзі бағалауды арттыруға бағытталған жаттығулар жүргізілді.

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы»аясында ұлттық,адами құндылықтарға негізделген,жас ерекшеліктерін ескере отырып,адалдық ұғымын түсіндіру арқылы,шынайлыққа,адал болуға тәрбиелеу,адамгершілік құндылықтарды насихаттау,өзіне де,өзгеге де адал болуға,жат қасиеттерден аулақ болуға талпындыру мақсатында педагог-психолог Кантореева Р.Д.оқушыларлармен Қараша айындағы «Адалдық»айлық аясында «Адалдық-ардың ісі», «Кей кезде өтірік айту-қажеттілік пе?»тақырыбы шеңберінде, Адалдық ұғымы бойынша оқушылардың ақпараттық өріс аясын кеңейту мақсатында, Адалдық ұғымы жайында,адалдықтың тарихи тағылымы жайында мағлұмат берілді және адал болу,сенімді болу,шынайы болу,жанашыр болу секілді жақсы қасиеттердің қалыптасуына себеп болу мақсатында«Айсұлтанның адалдығы», «Алтын балта», «Адалдықтың өтемі», «Адалдық жолы» тақырыбында ғибратты әңгімелер айтылып,оқушылармен әр аталған әңгіме бойынша түсінгендерін айтып,бағалау,талдау жүргізу барысында белсенділік танытып,ғибаратты әңгімені тыңдаған сайын адалдық ұғымы жайында түсініктерінің кеңейгені жайында пікірлерімен бөлісті.

Мектептің педагог-психологы Кантореева Р.Д. Кәмелет жасқа толмағандар арасында азаматтық құқықтық сана және құқық бұзушылықты алдын алу айлығы аясында «Ата-аналармен араласу сабағы мен сағаты» немесе «Әлеуметтік желідегі,компьютердегі,ұялы телефондардағы ойындарға және т.б қызығушылығының жоғарлауын алдын алу және барлық бағыттағы зорлық зомбылықты буллинг,кипербуллингті алдын алу»тақырыбында,ата-аналармен кездесу,ақпараттық ағарту,ашық диалог алаңы  және әлеуметтік желі тәуелділігіне итермелейтін отбасы түрлері: травматикалық, жүктейтін, жалған, айнымалы отбасылар жайында,тәуелділікті құрудағы отбасының қауіптері:қақтығысты жағдайлар,бұл үлкендердің  қолдауын,түсінуін және эмоционалды жақыныдықтығын сезінбейтін жағдайда,ата-ананың балаға деген қызығушылығын ояту,баланың ішкі әлемі,ата-ана тарапынан сұрақтардың дұрыс қойылуы жайында,балаға буллинг,кипербуллинг жеңуге қалай көмектесу керектігі жайында ата-аналарға кеңестер айтылды және қиын мәселе туындаған жағдайда қандай сенім телефондарына хабарласуға болатыны жайында түсіндірме,ақпараттық ағарту жұмыстары жүргізілді.Балалардың мазасыздығын шығара білуге үйрету,ата-аналардың балаларымен жағымды эмоционалды байланысты нығайту,өзін-өзі бағалауды арттыруға бағытталған жаттығулар жүргізілді.

8-11жастағы балалардың креативті,сыни ойлау қабілеттерін, коммуникация, коллаборация, эмоционалды интеллектісін анықтау мақсатында”Qabilet”онлайн платформасы арқылы тест тапсыруда 4,3 сыныптың оқушылары жақсы нәтиже көрсетті.

 

Қостанай  облысының әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің  М.Хакімжанова атындағы №20 жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологы Кантореева Р.Д.мектеп жанынан құрылған жазғы лагерге келген оқушылармен өз эмоцияларын бақылау,басқару дағдыларын қалыптастыру және басқалармен эмоционалды өзара әрекеттесуді дамытуға бағытталған «Эмоцияның жұбын табу», «Ассоциация» және т.б.тақырыптарда ойындар,жаттығулар,тренингтер жүргізді.Оқушылармен кері байланыс орнату барысында бойында тұрған эмоция көріністерін  білдіру,шығару,эмоция түрлерін атап беру,көрсету сәттерінің қызықты өткендерін айтып,көтеріңкі көңіл күйлерімен бөлісті.

        Мектеп психологы “Сынып жетекшілерге девиантты мінез-құлықты оқушылармен жұмыс жасаудағы психологиялық ұсыныстар” тақырыбында психологиялық семинар-тренинг жүргізді, жұмыс барысында балалармен қалай жұмыс жасаудағы кеңестер берді, өзіндік практикалық жаттығулар ұйымдастырды.

        Қараша айында Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығының “Мұғалімнің эмоционалды интеллектісі.Балалардың үйлесімді дамуы үшін эмоционалды зияткерлік орта” облыстық жобаны іске асыру мақсатында мұғалімдермен психологиялық тренинг  ұйымдастырылды.Тренинг барысында мұғалімдер мен сынып жетекшілер мультфильм көріп,психологиялық жаттығулар орындады,теориялық білімдерін кеңейтті,өз тәжірибелерімен бөлісті

Қостанай қаласы білім беру ұйымдарының практикалық психологиясының ресурстық орталығының қызметінің жоспары аясында және бағдарлама негізінде Қостанай қаласының мектеп педагог-психологтарымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің Мәриям Хәкімжанова атындағы №20 жалпы білім беретін мектебінің» педагог-психологы Р.Д.Қанторееваның  «Оқушылардың жаңа мектеп жағдайларына бейімделуінің психо-эмоционалды жағдайына әсері»жайында үйретуші презентацияларымен таныстырды және тақырыпқа сәйкес баяндамасын оқыды.


“Эмоциялық күйзелістің алдын алу” мұғалімдерге арналған жадынама