Ата-аналарға

«Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қол сұғылмаушылық пен қорлаудың алдын алу»

Жалпы облыстық ата-аналар жиналысы қорытындысы (2 қазан,2023 ж)

 

Ата-аналарға арналған ұсынымдар

«Кәмелетке толмағандардың зорлық-зомбылықтан қалайша құтылуына болады»

Ø  балаға көшеде немесе үйде жалғыз қалғанда мінез-құлық ережелерін түсіндіріңіз;

Ø  егер балада жақын тұрған адамға қатысты күмән пайда болса, бұл адамнан аулақ кету және бұл адамды алға өткізу керек;

Ø  өзінің сырларын бөлісе алатындай бала үшін дос болу;

Ø  таныстар, туыстар тарапынан оған қатысты жасалған зорлық-зомбылық туралы әңгімені байыпты қабылдау;

Ø  балалардың достарымен және олардың ата-аналарымен қарым-қатынас орнату;

Ø  баланы жалғыз көшеге жібермеу (бала достарымен бірге жүргенде, қылмыс жасау мүмкіндігі төмендейді);

Ø  ата-ана баланың теледидарда қандай бағдарламаларды, сексуалдық және зорлық-зомбылық көріністерін көруді, Интернет арқылы педофилмен тілдесу мүмкіндігін болдырмау үшін Интернетте қандай сайттарға кіретіндігін білуі керек («Қазақтелеком» АҚ «Ата-ана бақылауы» қызметін қосу мүмкіндіктері);

Ø  және баланың интернетте өткізетін уақытын бақылау керек, сіздің балаңыз желіде кіммен байланысатыны туралы хабардар болу керек.

Ø  Сіздің балаңызға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында мектепте тәрбиешімен, мұғалімдермен, психологпен байланыс орнатыңыз.

«Ата-аналар есте сақтауы қажет

Ø  Балаңызды құрметтеңіз, басқалардың баланы өз еркіне қарсы бірдеңе жасауға мәжбүрлеуіне жол бермеңіз және өзіңіз жасамаңыз.

Ø  Егер сіз көршілердің баласы зорлық-зомбылыққа, ата-аналардың ұрып-соғуына ұшырайтынын білсеңіз, бұл туралы дереу полицияға хабарлаңыз.

Ø  Егер сіздің балаңыз күйеуіңіздің (бірге тұратын адамның) оған деген жағымсыз қызығушылығы туралы айтса, оның сөздерін тыңдаңыз, күйеуімен (бірге тұратын адаммен) сөйлесіңіз, баланы онымен жалғыз қалдырмаңыз. Егер қарым-қатынас ұзаққа созылған болса, онда бұл адаммен ажырасыңыз, өйткені сіздің балаңыздың бақытынан артық ештеңе жоқ.

Ø  Әкесі баласын жыныстық өмірге қатысты қызықтыратын барлық мәселелер туралы сөйлесіп, өзін қалай қорғау керектігін түсіндіруі керек. Анасы қызға ер жынысты адаммен өзін қалай ұстау керектігін, контрацепция туралы түсіндіруі керек.

Ø  Егер сіз баланың мінез-құлқындағы оғаштықты байқасаңыз, онымен не мазалайтыны туралы сөйлесіңіз. Ұл баламен тек әкесі сөйлескен дұрыс.

 

 «Отбасында зорлық-зомбылық болған жағдайда не істеу керек?»

1. Ең алдымен, баланың заңмен қорғалатын құқықтары бар екенін есте ұстаған жөн!

2. Кез келген бала полицияға, прокуратураға, Бала құқықтары жөніндегі уәкілге жүгіне алады.

3. Заң бойынша кәмелетке толмаған баланы зорлау туралы іс, егер бұл факт басқа көздерден белгілі болса, өтінішсіз де қозғалуы мүмкін.

 

 

Сенім телефондары

 

37-08-58, 8-708-087-42-01 – Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы» КММ фронт-офисі жанында тегін және анонимдік негізде жұмыс істейтін сенім телефоны.

8 (7142) 226532 – Психологиялық көмек көрсету жөніндегі дағдарыс орталығы, тәулік бойы жұмыс істейтін психологиялық көмек құпиялылықты сақтайды.

Короткий номер «150» – Қостанай облысы бойынша тәулік бойы, анонимдік білікті көмек, қоңырау шалу тегін.

8 (7172) 742528 – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті.

Единый call-центр «111» – Қазақстан Республикасындағы тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефоны, қоңырау шалу тегін. Сізге білікті психологиялық көмек көрсетеді

Бірінші сынып оқушыларын бейімдеу. Психологтың ата-аналармен кездесуі.

СЛАЙДТАРҒА МӘТІН






















1-слайд

Біз сіздермен кездескенімізге қуаныштымыз. Осы кездесуге келгендеріңізге (осы
сессияға қосылғандарыңызға) рақмет. Бұл барлығымызды ата-аналар жиналысының тақырыбына
қызығушылығымыз біріктіреді деген сөз, ал аталмыш тақырып шынымен көңіл
бөлуге тұрарлық. Балаларымыздың мектептегі өмірі қуанышқа толы бола ма, әлде
керісінше сәтсіздіктер, нашар хал-жағдай қылау түсіреу ме, көбінесе бізге,
ересектерге, байланысты.

Баланың
білім ала бастауы шынымен де баланың өміріндегі ең маңызды және жауапты
сәттердің бірі. Себебі, жаңа ортада қалай қарым-қатынас құра алатыным және
жаңа байланыстар орната алатыным менің кім болатынымды және қоғамда (сынып
ұжымында) қандай орын алатынымды анықтайды.

Әлеуметтік
бейімделудің арқасында «адам қайталана беретін өмірлік жағдайларға белсенді
бейімделуге көмектесетін, тіршілік етуге қажетті стандарттарды,
стереотиптерді меңгереді». Яғни, дағдарысты 6-7 жас аралығында және мектепке
бейімделу кезеңінде қалыптасатын мінез-құлық модельдері баланың бүкіл өміріне
ықпал ететін болады.




2-слайд

Бейімделу
кезеңі деген не және балалармен осы кезеңде не болады?

Көпшілігіңіз
байқаған боларсыздар, бірнеше күннен кейін баланың мектепке баруға деген құлшынысы
мен ниеті жоғала бастайды. Баланың жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуіне,
шаршауына, дімкәстігіне, қыңырлығына тап боласыз…

Бұл
шынымен де солай және бейімделу кезеңінде мұндай құбылыстардың орын алуы –
қалыпты жағдай. Мектепке барудың бірінші күндері, апталары ағзаның
төзімділігі төмендейді, баланың ұйқысы, тәбеті бұзылады, дене қызуы
көтеріледі. Бірінші сыныптағылардың көңілі басқа жаққа ауып кете береді, тез
шаршайды, лезде қозғыш, эмоцияшыл, әсершіл болады. Олардың мінез-
құлқы
сылбырлығымен, ұқыпсыздығымен, тәртіпсіздігімен ерекшеленеді.

Не болып
жатыр, не істеу керек және менің ата
ана
ретіндегі рөлім қандай

бүгінгі кездесуде анықтаймыз.

3-слайд

Әлеуметтік
бейімделу – адамның қоғам қатарына ену барысы, оның нәтижесінде сана-сезім
және рөлдік мінез-құлық, өзін-өзі қадағалау және өз-өзіне қызмет көрсету
қабілеттері, айналадағылармен лайықты байланыстар қалыптасады, бұл – белгілі
әлеуметтік-психологиялық мәртебеге ие болу, белгілі бір әлеуметтік рөлдік
функцияларды меңгеру барысы.




Сондықтан, бала басқа балалармен, мұғалімдермен
аралас-құралас болуға көмектесетін қасиеттерді қалыптастыруға көмектесу қажет
екенін түсіну маңызды. Балаға басқа адамдармен қарым-қатынас орнатудың
айтарлықтай икемді тәсілдерін игеру қажет, балалар арасында қалыптасқан ортаға
кіре білу, басқалармен бірге әрекет ете білу, көне және қорғана білу керек.

Қарым-қатынастағы
байланыстар мен жақындық жаңа білімді меңгеруде қосымша ресурс қалыптастыра
алады, себебі, тіл табыса білетін бала оқуда жақсы нәтижелерге жету жолы
ретінде көмек сұрай алады, өзі қол ұшын соза алады және өзгенің қолдауын,
өзара көмек көрсетуді игілігіне пайдалана алады. Осылайша,
әлеуметтік-психологиялық компонент балаларда басқалармен араласу
қажеттілігінің қалыптасуын, балалар тобының қызығушылықтарына және
дәстүрлеріне бағына білуді қарастырады, әрі мектепте оқу жағдайында оқушының
рөлін еңсеру қабілетін де дамытады.

Физикалық
тұрғыдан қатарластарымен, педагогтармен қарым-қатынас құра алатын және өз
мінез-құлқын физикалық тұрғыдан өз бетінше реттеу әдістерін меңгерген балалар
әлдеқайда жетілген болады: олардың кеудесі тік, тері беттері физикалық
белсенділігіне сай, денесі «бұлшық еттерге» толы, олар өз жасына сай
физикалық жүктемелерді көтеруге қабілетті.

Алайда,
көбінесе балалар бейімделу сатысында тұйықтық, сенімсіздік, қорқыныш
көрсетеді, бұл – алғашқы 2-3 аптадағы жаңа ортаға қатысты көрсетілетін орынды
реакция. Әлеуметтік-психологиялық бейімделу барысының қолайсыз өрбуі баланың
ұжымда оқшау қалуына, қыр көрсету, бүлік шығару сынды қылықтар шығаруына алып
келуі мүмкін, ішкі психикалық ширығуды, мазасыздықты, тұрақсыздандырушы
күйлерді тудыруы мүмкін.

Ата-ананың
міндеті – баланы тиімді коммуникация (өзара әрекеттестік) әдістеріне үйрету,
жаңа міндеттерді дұрыс түсінуді қалыптастыру, өзінің өзгелерден өзгешелігін
қабылдай білуге үйрету!




4-слайд

Мектеп
оқуды бастаған баланың алдына оның тәжірибесімен еш байланысы жоқ көптеген
міндеттер қояды, осылайша, мысалы, балалар өз мінез-құлқын өз бетінше реттеу
және оқу барысын ұйымдастыру дағдыларын меңгермеген, оларға үйден мектепке,
мектептен үйге жету, сөмкесін жинау, үй тапсырмасы берілгенін есте сақтау
және орындау, өзінің сыртқы келбетіне күтім көрсету, т.б. дағдыларды игеруге
тура келеді, сондықтан, ата-аналарға баланың сол қажетті дағдыларды үйренуіне
және қалыптастыруына септесуі маңызды. Ең дұрысы, дербестікке көшуді мектепке
барудың алдында бастау керек: мектеп кестесіне ұқсас күн тәртібіне көшу, өз
заттарына өзі қарауға және қонаққа немесе көшеге өз бетінше жиналып шығуға
мүмкіндік беру. Бұл балаларға жаңа жағдайға жылдамырақ және оңайырақ
бейімделуге мүмкіндік береді. Егер осылай істемесеңіз, осы жолды баламен
бірге жүріп өту керек. Бірізділік ережесін сақтаңыз және шыдамды болыңыз:
жаңа тәжірибе жинау жылдам іс емес, тәжірибе жинау барысында қателіктер жасалады,
ондай қателіктер үшін жазалауға мүлдем болмайды. Одан да өзіңіз үлгі көрсете
отырып және түсіндіре отырып, балама жолдар таңдаған жөн.

Оған қоса
мектеп баланы мектепке дейінгі балалық шақтағы сондай үйреншікті физикалық
белсенділіктен жаңа, күрделі, ерік-жігерді талап ететін зияткерлік
белсенділікке бағдарлайды. Осының барлығы ширығуды және қажуды тудырады.
Сондықтан, ата-аналарға оқудың алғашқы апталарында физикалық және зияткерлік
белсенділік арасында тепе-теңдік орнату, қыдыру, жүгіру, белсенді іс-әрекеттермен
немесе спортмен айналысу мүмкіндігін беру жолдарын ойластыру керек. Бұл істе
де асыра сілтемеу маңызды – баланы мұқият бақылаңыз, шаршау мен қажудың
алғашқы белгілері көріне сала жайбарақат демалыс пен ұйқы көлемін ұлғайтыңыз,
толыққанды демалыспен қамтамасыз етіңіз, үй тапсырмасын орындауға ойын
элементтерін енгізе отырып, оңай үйрену әдістеріне баулыңыз. Бала бірден
тәуелсіз бола кетеді және қолына бәрі келеді деп күтпеңіз, бала үшін бұл
міндетті орындау мүмкін емес. Есіңізде болсын – ол ерік-жігер функцияларын
және дербестікті қалыптастырудың күрделік сатысынан өтіп жатыр, сондықтан,
оғаа қолдау көрсету керек.

 

5-слайд




Оған қоса мектепке бару кезеңі 7 жастағы дағдарыстан
өту кезеңімен тұспа-тұс келеді.

7 жастағы
дағдарыс баланың өмірінде мектепке дейінгі кезең аяқталып, кіші мектеп жасы
кезеңінің басталуымен байланысты. Көптеген ата-аналарға баласының басынан не
өтіп жатқанын жақсы түсінетін сияқты болып көрінеді: қиындықтар тудыратын
оқуға бейімделу жүріп жатыр.

Жеті жаста
баланың өмір салты ғана өзгеріп қоймайды. Өзінің әлеуметтік «МЕН» деген қырын
ұғыну басталады, айналадағылармен тығызырақ байланыстар орнату әрекеттері
жасалады, шынайы өмірді аңғал және тікелей қабылдау ғайып болады. Енді ол
өзін физикалық тұрғыдан бар адам ретінде ғана емес, оны өзгелерден ерекше
ететін өзінің психикалық ерекшеліктері, өзінің ішкі әлемі бар адам ретінде
қабылдайды.

Осындай
көпбейнелі жаңа сезімдер баланы шок күйіне түсіреді. Осындай жағдайда оған
қоршаған орта тарапынан көрсетілетін тайталасқа орынды әрекет ете отырып, әлі
мектеп өміріне қосылу керек.

Осындай
ерекшеліктерден баланың және оның айналасындағы адамдардың қиындық тудыратын
мәселелерінің себептері пайда болады. Сонымен бірге, осындай ерекшеліктер
баланың дамуына және оқуға деген ынтасының артуына себепші болуы мүмкін.
Ата-аналарға осы жастағы басымдықтарды және қиындықтарды көре білу және
баланың ынтасын арттыру және коммуникация (өзара әрекеттестік) құру кезінде
соларды бағдар етіп алу маңызды.

Осы
дағдарыстан сәтті өтуінің арқасында бала психикалық функциялардың (ерік-жігер
күшінің) еріктілігін және оқу-үйрену дағдыларын қалыптастырады, өзін тиісінше
бағалауды үйренеді.

 

6-слайд




Бала мектепке
бірден бейімделе кетпейді. Бұл –
баланың өзіндік ерекшеліктерімен, оның мектепке
дайындық деңгейімен, сонымен бірге, әлеуметтік дағдыларының даму дәрежесімен
байланысты ұзақ үдеріс.

Мысалы,
балаларда төлқұжаттық және физиологиялық дамуда көптеген айырмашылықтар
байқалуы мүмкін: физикалық және ақыл-
ой жетілуі, ісқимыл
аппаратының және ішкі органдардың функционалдық әрекетке қабілеттілігі,
ағзаның жалпы жағдайы, яғни, биологиялық жас және физиологиялық даму деп
аталатынды сипаттайтын, күнтізбемен сай келмейтін, күнтізбеден көш ілгері
жүретін немесе керісінше көзге көрінетіндей артта қалған құбылыстардың
барлығы.

Мысалы,
бала 6
жаста және төлқұжаттық мәліметтер бойынша ол мектепке
бара алады және баруы тиіс. Алайда, оның физикалық даму деңгейі төлқұжаттық
жасына сай болмауы да мүмкін. Мұндай сәйкессіздік акселерация салдарынан
күшейе беруі мүмкін, акселерация – жылдамдатылған физикалық даму, ерте
жыныстық жетілу, дене өлшемдерінің ұлғаюы немесе керісінше қимыл-қозғалыс
белсенділігінің жетіспеушілігі, дене салмағының сәйкессіздігі, әлсіз кеуде
қалпы және жеткіліксіз дене ұзындығы, жиі сырқаттану сияқты негізгі
ерекшеліктермен сипатталатын құбылыстардың күрделі кешені.

Әлбетте,
мектепке дайын болмау да қиындық тудырады: ұсақ моториканың, есте сақтау,
ойлау, ерік-жігер үдерістерінің, оқу, санау, сурет салу машықтарының, т.б.
қалыптаспағандығы. Бұл ширығу, қажу тудыра алады, оқуға деген ынтаның және
оқу ұлгерімінің төмендеуіне алып келе алады. Бала жылаңқы, тұйық, қыңыр
болуы, айла-шарғы қолдануы, үй тапсырмасын орындаудан жалтаруы мүмкін.

Әлеуметтік
дағдылардың қалыптасу деңгейі өте үлкен әсер тигізеді. Біз олардың осы жаста
қаншалықты маңызды екенін және баланың болашағы мен мектептегі үлгеріміне
айтарлықтай ықпал ете алатыны туралы айттық.

Бейімделуге
ата-ананың көзқарасы ерекше әсер етеді: ата-ананың баласына САПАЛЫ уақыт бөле
алуы, баласымен бірге уақыт өткізуі, оның мүдделереін есепке алуы, махаббат
пен құрмет көрсетуі, қолдау мен көмек беруі, ақпаратпен және тәжірибесімен
бөлісуі.  Егер баламен қарым-қатынаста
эмоциялық байланыстар болмаса, бала сізді қынжылтады және масыл болады, бұл
бала үшін одан да көп қиындықтар тудырады және жағдайды ушықтырады. Егер қиын
болып жатса, мектеп психологына немесе психологиялық көмек сайтына
кіріңіздер: https://covid-19.mentalcenter.kz/.

7-слайд




Мектепке бейімделу барлық жүйелердің айтарлықтай
ширығуымен байланысты. Мысалы, жүрек-қан тамырларыжәне бұлшық ет жүйелері
баланың белсенділігі төмендеуіне байланысты өзгеріске ұшырайды (бала енді көп
уақытын сабырлы күйде өткізуі, бір орында отыруы тиіс). Жасушаларда және
тіндерде оттегі азая түседі, сондықтан, танымдық функциялар (зейін қою, есте
сақтау, ойлау, т.б.) нашарлауына, шаршауға апаруы мүмкін.

Иммундық
жүйе жаңа ортаға түсуге байланысты және жаңа бөтен микроағзаларға және басқа
адамдардың орталарына түсуге байланысты ширыққан күйде болады. Орталық және
перифериялық жүйке жүйесі қозу және тежеу үдерістерінің жүруін (жүгіргіміз
келеді, бірақ, сабақта отырмыз), ОЖЖ командаларын жұмыс органдарына жеткізуді
қамтамасыз ете отырып, жаңа жұмыс тәртібіне көшеді. Ерік-жігер күшімен реттеу
жүйесі (тежеу) қалыптасады.

Жаңа жұмыс
тәртібіне көшу баланың ағзасындағы әрбір үдеріске және әрбір жасушаға әсер
етеді. сондықтан, ересектер осы жүйелердің ойдағыдай жұмыс жасауы және
қалпына келуі үшін мейлінше жақсы жағдай жасауы қажет.

 Егер баланың нәрестелік кезеңі қолайсыз
өткенін, созылмалы сырқаттары, кіші жаста алған жарақаттары бар екенін
білсеңіз, бейімделу ұзаққа созылуы және қиындауы ықтимал.

Қазір өте
жиі көрініс беретін
және жаңа ортаға түсудің, жаңа функцияларды меңгерудің
нәтижесі болуы мүмкін немесе баланың тұрақты серігі болуы мүмкін жүйке-психикалық
бұзылыстарға ерекше көңіл бөлу керек.
Бірінші жағдайда жүйке-психикалық
бұзылыстар өткінші сипатқа ие, ал олардың көрініс беру деңгейі нормадан
ауытқу кезіндегідей күшті емес. Мұндай симптомдар ата-анадан және өзге
маңызды ересектерден қолдау алған жағдайда 1-2 айда жоқ болады.

Егер
баланың бойынан келесілерді байқасаңыз:

         
баланың бойындағы үлкен қорқынышпен байланысты байбалам
салу және стрессті күйлер: тақтаның алдындау жауап беруден, жаңа адамдармен
сөйлесуден қатты қорқады;

         
қиындықтарға, соның ішінде, оқудағы қиындықтарға
байланысты шектен тыс ашушаңдық, ұдайы шағымдану және оқыс эмоциялық
реакциялар күйінде өтетін невроздар мен есіріктер; немесе аффективтік
патологиялық реакциялар – бала әдеттегі тысқары тітіркендіргіштерге шектен
тыс ашу шақырады немесе жылайды. Мысалы, бала кез-келген болмашы қиындықтарға
(қаламын түсіріп алды, дәретханаға барғысы келді, сыныптасынан сұрағанын ала
алмады) жылайды немесе ашуланады (төбелеседі);

         
ұйқысыздық немесе айкезбелік, сонымен қатар, дәрігерлік
зерттеулермен расталған гипербелсенділік;

         
ойлау, есте сақтау, қабылдау, сөйлеу және басқа да
психикалық функциялар жетіліп үлгермейтін және толыққанды әрекет етпейтін психикалық
даму бөгелісі. Бала кеше, оның алдыңғы күні сабақта не өткенін ұмытып қалады;
мәні бойынша оқиғаларды өзара байланыстыра алмайды, әңгімесі тосын, шатасқан,
құрылымы жоқ;

         
немесе өзіндік симптоматикасы бар аурулар: параноидалды
патологиялар, сананың шатасуы, шизофрения, эпилепсия және т.б.,

онда
балаңызға бейімделу және жаңа ортаға ену кезінде тек ерекше көңіл бөлу ғана
емес, психологтар, психиатрлар, невропатологтар сынды мамандардың
консультациясы керек.




8-слайд

ü  Күн
тәртібін бір ыңғайға келтіру керек

ü  Баланың
дұрыс тамақтануын қадағалау керек

ü  Еңбек
пен демалыс, оқу тапсырмаларсы мен өзі қызыққан тапсырмаларды кезектестіру
үшін жағдай жасау керек

ü  Үй
тапсырмасын орындауға көмектесу керек

ü 
Мұғалімдермен
кеңесу керек

ü 
Қабылдау
мен махаббат ортасын қалыптастыру керек

ü  Балаға көңіл бөлу және шынайы
қызығушылық таныту керек




9-слайд

Әдетте
жеті жасар бала өз уақытына өз бетінше билік ете алмайды, бірақ, қазірдің
өзінде оны дұрыстап үйретіп қоюға болады: жақында осы қасиет оған керек
болады. Іс жүзінде дәлелденген: күн тәртібін сақтау мектеп оқушысына дербес
және жинақы болуға көмектеседі, ал бастауыш сыныптарда жүргізілген арнайы
зерттеулер көрсеткендей, үздік оқушылар сабаққа дайындалу үшін нақты бір
уақыт белгілейді және үнемі сол уақытта дайындалады. Сондықтан, жақсы баға
қабілет пен шыдамдылықтың ғана емес, табанды еңбектің және белгілі бір
уақытта жүйелі жұмыс жасау әдетінің нәтижесі.

10-слайд

«Күн
тәртібі» ұғымына кіретіндер: 

  • толыққанды
    ұйқы;
  • еңбек
    пен демалысты кезектестіру;
  • дұрыс
    тамақтану;
  • қимылқозғалыс белсенділігі;
  • жеке гигиена сақтауға арналған уақыт;



  • психоэмоциялық
    жайлылық.

Атааналарға байланысты факторларға назар аудару маңызды:
түскі ас дайындау, телевизор мен компьютер (телефон) қарау кестесі, қосымша
жүктемелер, ұйқыға жатқызу.

Сонымен қоса баланы өз мінезқұлқын
өз бетінше реттеуге және басқаруға, өз күн тәртібін ұйымдастыруға үйрету
қажет: тапсырмаларды орындауға оятқыш сағат қою, серуендеуге және өзіне
ұнайтын істерге, т.б. уақыт белгілеу, балаға жаңа күн тәртібіне үйренуге
көмектесу.

Кроме
того, необходимо учить ребенка навыкам саморегуляции, управления своим
поведением и организацией своего режима дня: ставить будильник на время
выполнения заданий, устанавливать время для прогулки и занятий по интересам и
т.д., помогать ребенку привыкнуть к новому режиму.




11-слайд

Мектеп
оқушысының тамақтануына қойылатын талаптар қатаң. Ол үйлесімді болуы тиіс –

құрамында оңтайлы мөлшерде ақуыздар, майлар, мен көмірсутектер болуы тиіс,
қажетті аминқышқылдарға, дәрумендерге және минералдарға бай болуы және
тамақтанған сайын балаға азап емес, қуаныш әкелетіндей дәмді болуы тиіс.

Салауатты
ас мәзірі бөліп тамақтануды қарастырады. Тамақтану тәртібі –

күніне төрт
бес
рет: таңғы ас, түскі ас, кешкі ас және бір
екі жеңіл тіскебасар. Ас үлесінің қажетті тәуліктік
құнарлылығы баланың жынысына, бойына, салмағына, физикалық белсенділігіне
байланысты және тәулігіне 1500-2000 ккал аралығында ауытқып отыруы мүмкін.
Құнарлылық ересектердегі сияқты қағида бойынша үлестіріледі: құнарлы таңғы
ас, тойымды түскі ас және жеңіл кешкі ас.

Баланың
таңғы асына ерекше мән беру өте маңызды. Көптеген мектептерде балаларға таңғы
ас береді, бірақ барлық бірдей балалар ұсынылған тамақты жемейді, сәйкесінше
аш жүреді. Сондықтан, балаға тамақты үйден берген жөн.

Ыстық
таңғы ас балаға тек күш-қуат қана беріп қоймай, жылу мен жайлылық сезімін
сыйлайды. Ал қарны да, көңілі де тоқ бірінші сынып оқушысы білім алу
үдерісіне әлдеқайда белсендірек кіріседі және мектептегі барлық жүктемелерге
дайын болады. Кіші мектеп жасындағы балалар екінші таңғы асты өзімен бірге
алып кете алады: сұйық йогурт, банан немесе ірікшік қосылған
бутерброд/асылған тауықтың төс еті қосылған сэндвич.

Қарны тоқ,
көңілді бірінші сынып оқушысы білім алу үдерісіне әлдеқайда белсендірек
кіріседі және мектептегі барлық жүктемелерге дайын болады.

Мектептегі
түскі асқа келетін болсақ, негізінен олар ыстық тағамдардан тұруы тиіс:
бірінші тағамға ет, балық немесе көкөністер қосылған сорпа, екінші тағамға
жарма немесе көкөніс қосылған балық немесе ет және тәті сусын – морс, компот
немесе кисель. Бірақ кез-келген жағдайда тіпті ыстық түскі ас ішсе де,
бірінші сынып оқушысы кешкі асқа дейін тоқ жүруі екіталай. Бесіндікке ашымалы
сүт сусынын ішкен пайдалы болады: айран, майлы айран, қатық, табиғи йогурт.

Ал енді кешкі
ас. Кешкі ас жеткілікті дәрежеде нәрлі, бірақ жеңіл болуы тиіс. Дұрыс кешкі
асқа жақсы мысал – көкөніс пісірмесі және бір стақан сүт.

Диетологтардың
пікірінше тамақтану арасындағы қолайлы үзілісі шамамен үш сағатты құрайды.
Түскі немесе кешкі асқа дейін шыдап, артық тамақ жеп қоймау үшін жеңіл
тіскебасалар қосқан абзал.

Тамақтану
жөніндегі мамандардың ұсынымдарына сай таңғы және түскі ас арасындағы ең
дұрыс бірінші тіскебасар – жемістер. Олар жасұныққа және фрктозаға бай,
асқазан-ішек жолы оларды еш қиналмай қорытады және дәрумендерді мейлінше
жақсы сіңіреді.

Екінші
пайдалы тіскебасар – көкөністер, ашымалы сүт өнімдері, жаңғақтар (20 г
жеткілікті).

Егер
баланың артық салмағы болмаса және көмірсу алмасуы бұзылмаса, тәттілерді өте
аздаған көлемде беруге болады: зефир және мармелад – аталған десерттер
әлдеқайда табиғи, құрамында еритін тағамдық талшықтар бар. Шоколадты
батончиктерді, мюсли қосылған батончиктерді, тәтті сусындар мен шырындарды
көп тұтынбаған жөн – олар семіруге септеседі және тістің жылтыр қабығын
зақымдайды.

12-слайд

Сонымен
бірге үй тапсырмасын орындау тәртібіне де ерекше көңіл бөлу керек. Уақыт
белгілеңіз. Өзіңізге де, балаға да үзіліс беріңіз. Бала үй тапсырмасын
орындау дағдысын енді меңгеріп жатыр, бұрын оны істеп көрмеген. Оған қиын, ал
сізге түсінікті. Сондықтан, төзімді болыңыз. Балаға үй тапсырмасын орындауға
көмектесу кезінде екінші ата-анамен ауысып отырыңыздар.




Тағы бір кеңес – балаға бәрін мінсіз орындатуға
тырыспаңыз, өмірде бәрі бірінші реттен сәтті шықпайтынына көндігуді
үйреніңіз, екінші жолы бәрі ойдағыдай болады.




13-слайд

Мұғалімдермен ынтмақтастық
орнатыңыз!

·        
Баланың
эмоциялық күйі туралы сұрап отырыңыз

·        
 Мұғалімнен кеңес сұраңыз

·        
 Үй тапсырмасын нақтылап сұрап алыңыз

·        
 Мұғалімге балаңыздың эмоциялық және
психикалық дамуының және мінез-құлқының ерекшеліктерін айтып беріңіз

·        
 Көмек сұраңыз

·        
 Балалар мен ата-аналар арасындағы мәселелер
мен дауларды міндетті түрде мұғалімді қатыстыра отырып шешіңіз




14-слайд

Қабылдау
мен махаббат оратсы қалыптастыру өте маңызды.

Таң
сәріден бастаңыз! Баланы асықпай оятыңыз, ояна сала ол сіздің күлімдеп
тұрғаныңызды көруі және мейірімді даусыңызды естуі тиіс. Оны болмашы желеумен
түртпектей бермеңіз, асықтырмаңыз! Одан да құшақтаңыз, сүйіңіз!

Балаңыздың
бойындағы оқушы атану ұмтылысына дем беріп отырыңыз. Оның мектептегі
жағдайына сіздің шынайы қызығушылық білдіруіңіз, оның алғашқы жетістіктеріне
және туындауы ықтимал қиындықтарына барынша байыппен қарауыңыз бірінші
сыныпқа барған балаңызға өзінің жаңа орнының қаншалықты маңызды екенін сезінуге
көмектеседі.

Балаңыз
мектепке ОҚУ үшін барды! Адам оқығанда, қолынан бәрі бірдей келе бермеуі
мүмкін, бұл –
ҚАЛЫПТЫ жағдай. Баланың қателесуге құқығы бар.

Бірінші
сыныпқа барған балаңыздың бойындағы табысқа жетуге деген құлшынысын демеп
отырыңыз. Әрбір жұмысында міндетті түрде мақтау айтуға болатын тұстар тауып
отырыңыз. Есіңізде болсын, мақтау мен эмоциялық қолдау («Жарайсың!», «Сондай
жақсы жасадың!») адамның зияткерлік жетістіктерін айтарлықтай арттыра алады.

Баланы
мектепгі жағдайы туралы айтуға жігерлендіріңіз. Міндетті түрде балаңыздан
сыныптастары, сыныптағы жағдайы, пәндер, педагогтар туралы сұрастырыңыз.
Бірақ мектептен келе сала мыңдаған сұрақ жаудырмаңыз, бойын босаңсытуға
мүмкіндік беріңіз (ауыр жұмыс күнінен кейін өзіңізді қалай сезінетіңізді еске
түсіріңіз).

Баланың
өмірінде ата-
анасынан да беделді адам пайда болды. Ол – мұғалім.
Оқушының педагог туралы пікірін сыйлаңыз.

Баламен
сабырлы сөйлесіңіз, қолдау білдіріңіз («Қолыңнан бәрі келеді!», «Бірге
шешімін тауып көрейік!»).

Тіпті
«өсіп кеткен ересек» балалардың өзі (біз оларға «Сен енді үлкенсің» деп жиі
айтамыз) ұйықтар алдында ертегі, ән тыңдағанды, мейіріммен аймалағанды жақсы
көреді. Осының бәрі тыныштандырады, күні бойы жиналған ширығудан арылуға
көмектеседі.

Өткен
күнді болған оқиғаларды және сезімдерді талқылаумен тамамдаңыз.

Баланы
үйдегі дау-жанжалға араластырмаңыз, өз мүдделеріңізге қол жеткізу үшін баланы
пайдаланбаңыз.

Соның
бәрін көтеру үшін ол әлі тым кішкентай.

 

15-слайд




Сізге балаңызбен бірге мектепке бейімделу кезеңінен сәтті
өтуге көмектесетін, әрі өзара түсіністік пен сенімге бағдарланған етене жақын
қарым-қатынас құруға мүмкіндік беретін кейбір кеңестермен бөліскіміз келеді.
Сонымен, балаңызға жақын бола түсуге, оның мінез-құлқын басқаруға және
қолайсыздықтарды еңсеруге көмектесетін бірнеше құпия бар. Алғашқы үшеуіне
кейінірек тоқталамыз.

Қазір
назарларыңызды бұйрықтардың орнына өтініштер мен тапсырмаларды пайдалануға
аударғым келеді. Баламен сөйлескенде бұйрық беріп жатқанымды немесе өтініш
айтып жатқанымды қалай ажыратуға болады? Бірінші кезекте өтінішті құрастырып
алыңыз – өзіңізден сұраңыз: «жоқ» немесе «жоқ, көмектеспеймін», «жоқ, уақытым
жоқ», «жоқ, өзімнің шаруам бастан асады» деген жауап естуге дайынсыз ба? Егер
жауабыңыз «жоқ» болса, онда сіз бұйрық беріп тұрсыз. Бұйрық беру бас тартуды
көтере алмайды. Демек, балаңыз қатаң ережелермен өмір сүреді және оған сізге
«жоқ» деп айтуға болмайды. Мұндай жағдайда түрлі қорқыныштар балаңыздың
ажырамас серіктеріне айналуы мүмкін. Егер «өтінемін, қоқысты шығаруға
көмектесші» деген өтінішіңізге сіз, мысалы, балаңыздың «жоқ, көмектескім
келмейді» деген жауабын естуге дайын болсаңыз, онда сіз шынымен өтініш
айтасыз және балаға таңдау мүмкіндігін бере аласыз.

Тапсырмалар
да бұйрықтан өзгеше болады: мен тапсырма бергенде, ол бірніше ережеге сай
болуы тиіс: 1. Бала оны өз бетінше орындауға қабілетті, 2. Тапсырма – әлдене
үшін жазалау емес, басқа отбасы мүшелерінікі сияқты маңызы бірдей іс,
міндеттеме. 3. Тапсырма оны орындау неге маңызды екенін түсіндіруді
қарастырады және болашаққа бағдар сілтеумен қуатталады. Мысалы: өтінемін,
сабағыңды оқып болған соң, оқу құралдарыңды сөреге жинап қойшы. Бөлмең
әрдайым жинақы болады, оған кіргенде де көз сүйсінетін болады.

Екінші
құпия қолайсыздықтарды еңсерумен байланысты. Баланың жанында болсаңыз, егер
тіпті ол тап болған қолайсыздықтар сізге соншалық қолайсыздық болып көрінбесе
де, қолдау білдіріңіз: 1. Аймалаңыз. Жанында болыңыз, баланы басынан өткеріп
жатқан қолайсыздықтармен және сезімдермен оңаша қалдырмаңыз, тастамаңыз.
Қолмен де, «Иә, жаныңды ауыртады екен» деген сөздермен де аймалауға болады.
2. Баланың жанын азыпқа салатын сезімдерді еңсеруге үйретіңіз: кез-келген
сезім уақытша екенін және өтіп кететінін айтыңыз. Егер жанны қатты батса,
жағымсыз болса, көңіл-күйді түсірсе, кішкене шыдау керек… Мысалы,
10-ға дейін
санау керек, жараны
5
рет үрлеу керек, т.б.
3.
Ойланыңыз: осындай жайт орын алмауы үшін нені басқаша жасауға болар еді?

Ересектердің
өздері осы ережелерді өздеріне қатысты қолданып, содан соң барып қана балаларға
үйретуі маңызды. Бала ата
анасынан көргенін істегенін істейді.

 




16-слайд

Ең
маңызды 3 құпия: мақтау, көмек, қолдау, ата-
аналар
аталғандарды меңгеруі маңызды.

Өзіңізді
бала кейпінде елестетіп көріңіз де, «Жарайсың», «Әріптерді әдем жазып
жатқаныңы қуанып тұрмын, өте ынталысың!» деген сөздерді естігенде қандай
сезімдерді бастан кешіретініңізді байқаңыз. Шынымен де, екінші жағдайда не
болып жатқанына, не үшін мақтап жатқанына қатысты көбірек жағымды сезімдер
мен түсінік пайда болады. Бірінші жағдайдағы «Жарайсың» көбірек бағалауға
ұқсайды.

Біз жиі
мақтау айтамыз және мақтауды бағалаумен шатастырамыз, сондықтан, бала соған
үйреніп кетіп, үнемі бағалауға сай болуға, өзге маңызды ересектердің үмітін
ақтауға тырысады. Есейгенде де осындай балалар үнемі нұсқау күтеді және
бағалаудан қорқады, жиі көңілі қалады және өзін көрсете алмайды. Олар
өздерімен мүлдем таныс емес, үнемі өздеріне күмән келтіреді. Бала
сенімділікті сезінуі үшін қалай мақтау керек сонда? Үш маңызды ережені
орындау қажет:

        Не
көріп
тұрғаныңызды
сипаттаңыз

        Соған байланысты қандай сезімде екеніңізді сипаттаңыз

        Баланың мақтауға лайық қылығын сол жағдайға көрінген қасиетін көрсететін сөзбен қорытындылаңыз. Мысалы: құсты айнытпай салыпсың, баламның өзіне ұнайтын іспен айналысатыны мені қуантады, өте байқампазсың.

Өтінеміз, есте сақтаңыздар, мақтау ұнамды тұстарды қуаттауға және дамуға ынталандыруға бағытталған.

 

 17-слайд




Енді көмек беру жағын қарастырайық. Көмек әрдайым
әлденені жеңілдетуге, мысалы, математикадан берілген тапсырманы орындауды жеңілдетуге
бағытталған әрекетпен байланысты. Алайда, келесіні түсіну маңызды: көмек – ең
алдымен қолғабыс ету, бала мен ата-ананың бірлесіп бір іс жасауы, ересек
шешім табуға көмектеседі, ал бала істейді. Ал біз, ересектер, болсақ,
көбінесе баланың ОРНЫНА істей саламыз, себебі, тезірек, жүйке азырақ
жұқарады, т.б., мұндай жағдайда баланың өз-өзіне беретін бағасы төмендейді,
ол сенімділігінен және ынтасынан айырылып, өзін жолы болмайтын бейбақ,
берілген тапсырмаларды орындау қолынан келмейді деп ойлайды. Балада әлемді
жағымсыз кейіпте қабылдау және «Менің орныма істей салады» деген арқа
сүйеушілік ұстаным қалыптасады. Соның салдарынан қыңырлық, айла-шарғы
қолдану, үй тапсырмасын әдейі кеш орындау, т.с.с. орын алады, сондықтан,
балаға өзіне қажетті өмірлік дағдыларды өз бетінше меңгеруге мүмкіндік
беріңіз, жай ғана қалай істеуге болатынын айтып отырыңыз және жаңа дағдыны
меңгеруге көмек беріп отырыңыз. Бәрі жылдам және бірден бола салмайды, бірақ
нәтижесін көресіз – бала күрделі тапсырмаларды өзі орындайтын болады. Ал оқу
басталған уақытта ең маңыздысы – жаңа дағдыны қалыптастыруға көмектесу.

 

 

 18-слайд




Сиқырлы құпияның үшінші элементі – қолдау, біз, ата-аналар,
оны жиі іс-әрекетті мақұлдаумен немесе сезімдерді теріске шығарумен
шатастырамыз. Мысалы, баланың «Маша бүгін маған қалам лақтырды, ал мен оны
итеріп жібердім» деген шағымына айтатынымыз: «Дұрыс істепсің. Қалам лақтырған
қандай болатынын білетін болады». Осылайша қолдау көрсеткіміз келе отырып,
жасаған ісін мақұлдап, ұнамсыз қылықты қуаттаймыз. Немесе баланың қиын
тапсырманы орындай алмайтынын айтып, жылағанда біз: «Жылама, оңай тапсырма
ғой» деп, тапсырманы орындай алмағандықтан шарасыздық сезімін білдіруге тыйым
саламыз.

Осындай
жағдайда жоғарыдағының орнына сезімдерге ортақтастықты білдіретін сөздерді
айтыңыз: «Бұл шынымен қиын тапсырма, оны орындау оңай емес».

Тәжірибеңізбен
бөлісіңіз: «Мен кішкентай болғанда, мен де есеп шығаруды бірден үйреніп
кеткен жоқпын…».

Бірігіңіз:
«Мен жаныңдамын ғой, менен әрдайым көмек сұрай аласың».

Осы
жағдайда көрсетілген қолдау оған сүйеніш болады, баланың бойына сенімділік
пен өміршеғңдік ұялатады, егер тіпті мектепте қиналып жүрсе де, үйде өзіне
қажетті қасиеттерді нығайта алады.

Міне,
сізге және балаңызға бейімделуден сәтті өтуге көмектесетін құпяилар осындай.




 

19-слайд

 




20-слайд

 




 21-слайд

 




22-слайд


23-слайд

Егер қосымша сұрақтарыңыз қалса, мектеп психологымен немесе колледж психологымен
хабарласыңыздар.

 

 

WhatsApp Image 2023-11-28 at 18

Мектептегі психологиялық қызметке қарасты мамандардың ұйымдастыруымен,отбасындағы жынысқа қатысты тәрбиені саналы,әдептілік тұрғыда дұрыс ақпараттандыруға оңтайлы ықпал ету.Мектеп аясындағы буллингке,негативті топтың жағымсыз қысымына түскен балалармен ата-аналардың өзара әрекеттесуі бойынша ата-аналардың сауаттылығын арттыру мақсатында «Кәмелет жасқа толмағандардың жеке басының шекарасын, балалардың жеке тұлғалығын құрметтеу.Жынысқа жасалатын зорлық-зомбылықты және буллингті алдын алу»тақырыбында өңірлік ата-аналар жиналысы өткізілді.

Мектептің педагог-психологы Кантореева Р.Д. «Әлеуметтік желідегі,компьютердегі,ұялы телефондардағы ойындарға және т.б қызығушылығының жоғарлауын алдын алу»тақырыбында,ата-аналармен кездесу,ақпараттық ағарту,ашық диалог алаңы  және әлеуметтік желі тәуелділігіне итермелейтін отбасы түрлері: травматикалық,жүктейтін,жалған,айнымалы отбасылар жайында,тәуелділікті құрудағы отбасының қауіптері:қақтығысты жағдайлар,бұл үлкендердің қолдауын,түсінуін және эмоционалды жақыныдықтығын сезінбейтін жағдайда,ата-ананың балаға деген қызығушылығын ояту,баланың ішкі әлемі,ата-ана тарапынан сұрақтардың дұрыс қойылуы жайында, кипербуллинг жеңуге қалай көмектесу керектігі жайында ата-аналарға кеңестер айтылды және қиын мәселе туындаған жағдайда қандай сенім телефондарына хабарласуға болатыны жайында түсіндірме,ақпараттық ағарту жұмыстары жүргізілді.Балалардың мазасыздығын шығара білуге үйрету,ата-аналардың балаларымен жағымды эмоционалды байланысты нығайту,өзін-өзі бағалауды арттыруға бағытталған жаттығулар жүргізілді.

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы»аясында ұлттық,адами құндылықтарға негізделген,жас ерекшеліктерін ескере отырып,адалдық ұғымын түсіндіру арқылы,шынайлыққа,адал болуға тәрбиелеу,адамгершілік құндылықтарды насихаттау,өзіне де,өзгеге де адал болуға,жат қасиеттерден аулақ болуға талпындыру мақсатында педагог-психолог Кантореева Р.Д.оқушыларлармен Қараша айындағы «Адалдық»айлық аясында «Адалдық-ардың ісі», «Кей кезде өтірік айту-қажеттілік пе?»тақырыбы шеңберінде, Адалдық ұғымы бойынша оқушылардың ақпараттық өріс аясын кеңейту мақсатында, Адалдық ұғымы жайында,адалдықтың тарихи тағылымы жайында мағлұмат берілді және адал болу,сенімді болу,шынайы болу,жанашыр болу секілді жақсы қасиеттердің қалыптасуына себеп болу мақсатында«Айсұлтанның адалдығы», «Алтын балта», «Адалдықтың өтемі», «Адалдық жолы» тақырыбында ғибратты әңгімелер айтылып,оқушылармен әр аталған әңгіме бойынша түсінгендерін айтып,бағалау,талдау жүргізу барысында белсенділік танытып,ғибаратты әңгімені тыңдаған сайын адалдық ұғымы жайында түсініктерінің кеңейгені жайында пікірлерімен бөлісті.

Мектептің педагог-психологы Кантореева Р.Д. Кәмелет жасқа толмағандар арасында азаматтық құқықтық сана және құқық бұзушылықты алдын алу айлығы аясында «Ата-аналармен араласу сабағы мен сағаты» немесе «Әлеуметтік желідегі,компьютердегі,ұялы телефондардағы ойындарға және т.б қызығушылығының жоғарлауын алдын алу және барлық бағыттағы зорлық зомбылықты буллинг,кипербуллингті алдын алу»тақырыбында,ата-аналармен кездесу,ақпараттық ағарту,ашық диалог алаңы  және әлеуметтік желі тәуелділігіне итермелейтін отбасы түрлері: травматикалық,жүктейтін, жалған, айнымалы отбасылар жайында,тәуелділікті құрудағы отбасының қауіптері:қақтығысты жағдайлар,бұл үлкендердің қолдауын,түсінуін және эмоционалды жақыныдықтығын сезінбейтін жағдайда,ата-ананың балаға деген қызығушылығын ояту,баланың ішкі әлемі,ата-ана тарапынан сұрақтардың дұрыс қойылуы жайында,балаға буллинг,кипербуллинг жеңуге қалай көмектесу керектігі жайында ата-аналарға кеңестер айтылды және қиын мәселе туындаған жағдайда қандай сенім телефондарына хабарласуға болатыны жайында түсіндірме,ақпараттық ағарту жұмыстары жүргізілді.Балалардың мазасыздығын шығара білуге үйрету,ата-аналардың балаларымен жағымды эмоционалды байланысты нығайту,өзін-өзі бағалауды арттыруға бағытталған жаттығулар жүргізілді.

8-11жастағы балалардың креативті,сыни ойлау қабілеттерін, коммуникация, коллаборация, эмоционалды интеллектісін анықтау мақсатында”Qabilet”онлайн платформасы арқылы тест тапсыруда 4,3 сыныптың оқушылары жақсы нәтиже көрсетті.

       Қостанай облысының полиция департаментінің бастамасымен қазан айында нашақорлықтың алдын алу мәселелері бойынша жалпықалалық ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында балалар мен жасөспірімдер арасындағы нашақорлық және есірткі қылмысын алдын алу мәселелері талқыланды. Жиынға мектебіміздің 9-11 сынып оқушыларының ата-аналары қатысты.

Қостанай  облысының әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің  М.Хакімжанова атындағы №20 жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологы Кантореева Р.Д.мектеп жанынан құрылған жазғы лагерге келген оқушылармен өз эмоцияларын бақылау,басқару дағдыларын қалыптастыру және басқалармен эмоционалды өзара әрекеттесуді дамытуға бағытталған «Эмоцияның жұбын табу», «Ассоциация» және т.б.тақырыптарда ойындар,жаттығулар,тренингтер жүргізді.Оқушылармен кері байланыс орнату барысында бойында тұрған эмоция көріністерін  білдіру,шығару,эмоция түрлерін атап беру,көрсету сәттерінің қызықты өткендерін айтып,көтеріңкі көңіл күйлерімен бөлісті.

Қостанай  облысының әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің  М.Хакімжанова атындағы №20 жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологы Кантореева Р.Д.«Психологиялық қолдау жазғы алаңы»жобасы шеңберінде «Мені қоршаған көңілді әлем»тақырыбы аясында,оқушылар  арасында өз эмоцияларын және басқа адамдардың эмоцияларын түсіну қабілеттерін дамытуға бағытталған «Интонация», «Бетті сызу» және т.б.тақырыптарда  ойындар,жаттығулар,тренингтер жүргізді.Кері байланыс орнату барысында айтылатын сөз тіркесін неше түрлі көңіл күйге,эмоцияларға салып айтып шығу қатысушыларға қызық болғанын айтып, өздерінің жағымды сезім,эмоция,әсерлерімен бөлісті.

Қостанай  облысының әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің  М.Хакімжанова атындағы №20 жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологы Кантореева Р.Д.мектеп жанынан құрылған жазғы лагерде  оқушылар  арасында,топтағы қатысушылар арасында коммуникациялық дағдыларды дамытуға,балаларды конструктивті қарым-қатынасты қалыптастыра алуға үйретуге  бағытталған  «Ассоциация», «Орын ауыстыру», «Шатастырылған тізбектер»тақырыбында  ойындар,жаттығулар,тренингтер жүргізілді.Кері байланыс орнату барысында,қатысушылар сезімдері мен ойларын дұрыс жеткізе алмағандықтан,қарым-қатынастың да дұрыс қалыптаспайтыны жайында,түйсінген қорытынды пікірлерін ортаға салды

Қостанай  облысының әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің  М.Хакімжанова атындағы №20 жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологы Кантореева Р.Д.«Психологиялық қолдау жазғы алаңы»жобасы аясында «Мені қоршаған көңілді әлем»тақырыбы аясында  оқушылар  арасында,топтағы қатысушылар арасында ынтымақтастықты дамытуға,төзімділікті,кедергілерді еңсеруге бағытталған  «Шеңбер құру», «Шаршы»тақырыбында  ойындар,жаттығулар,тренингтер жүргізілді.Кері байланыс орнату барысында,қатысушылар жаттығу барысында басқа топ қатысушысына көмектісі келегенін айтып,кедергілерді еңсеруге деген ерік жігердің пайда болғанын айтып өздерінің жағымды  әсерлерімен бөлісті.

         Сәлеметсіздерме, құрметті сынып жетекшілер төмендегі ақпаратты ата-аналар чатына жіберсеңіздер, мектебімізде “Өмірге қол созыңыз!” акциясы жүріп жатыр.

          Акцияның мақсаты: кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналарын облыстық психологиялық қолдау орталығы туралы хабардар ету, мектептер мен ТжКБ білім алушыларына психологиялық-педагогикалық көмек көрсету.

       Психологиялық қолдау орталығы балаларға, ата-аналарға, мұғалімдерге көмек беруге дайын!

        Мектебімізде қаңтар айында 5-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен “Жасөсіпірімдермен жұмыс”,”Білімнің маңыздылығы, ата-аналардың балаларын білімге ынталандыруы”,”Мамандық таңдаудағы ата-аналардың психологиялық қолдауы” тақырыптары төңірегінде кездесу өтті. Кездесу “Сенімен болашақ” атты қоғамдық ұйымының мүшелері Гульжан Жақсылыққызы мен Базаркүл Қапарқызы, психолог маман ата-ана мен бала арасындағы мәселелерге тоқталып, ата-аналармен сұхбат жүргізді. Тақырыптар төңірегінде теориялық ақпараттар беріліп, проблемалық жағдаяттар талқыланды.

      Уақытылы психологиялық көмек алу мүмкіндігінің маңыздылығын арттыру мақсатында «Қиын болса хабарлас»тақырыбында оқушылармен, ата-аналармен сенім телефоны қызметі жайында түсіндіру акциясы жүргізілді.

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитеті» РММ-нің 2021 жылғы 23 қарашадағы № 9725 және «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ-нің 2021 жылғы 02 қарашадағы № 02-08/4430 хаттары негізінде 2022 жылғы 14-25 қарашада Қостанай қаласының мектептерінде «Қостанай Дарыны» РМО әдіскерлері «Qabilet» қызметі арқылы жалпы білім беретін мектеп оқушыларының зияткерлік және тұлғалық әлеуетін өлшеу бағдарламасы шеңберінде 10-11 жастағы балаларға диагностика жүргізеді. Яғни, мектебімізде 23 қарашада сағат 09:00 бастап 4,5,6 сынып оқушылары арасында 10-11 жастағы балалар диагностикадан өтуге мүмкіндік алады, диагностикадан өту үшін балалардың қолында ЖСН және СМС растау кодын алу мүмкіндігі бар телефон болуы керек. Кейін шыққан нәтижені ата-аналар немесе балалар өз жеке кабинеттеріне кіріп қарай алады.

Аталған қызмет туралы ақпаратты мына сілтемеден қарай алады:

 

 https://qabilet.elbasyacademy.kz/about

 

       Мектебімізде өңірлік “Үндестік” жобасы аясында мектеп пен отбасы арасын үйлестіру, ынтымақтастыруды нығайту мақсатында жантанушы Ғалымқызы Ә.Ғ мен 5,10 сынып оқушыларының сынып жетекшілері бірлесе кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушылардың орта, жоғары буынға бейімделу мәселесі талқыланды,жантанушы жүргізілген жұмыстар бойынша ақпарат берді.

Мектебімізде 9-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен “Жасөспірім және ата-ана. Байланысты қалай жоғалпауға болады?” тақырыбында жиналыс өтті. Жиналыс барысында ата-аналарға теориялық мәліметтер беріліп, практикалық жаттығулар, тренинг арқылы білімдерін бекітті. Психолог Ғалымқазы Ә.Ғ мен ата-аналар арасында өзара диалог құрылып, жағдаяттар шешілді. Жиналыс соңында баламен дұрыс қарым-қатынас орнату бойынша кеңестер берілді, “Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы”КММ-нің ұсынған ұсыныстары, есте сақтау парақтары таратылды.

Мектепте «Мәдениет Ана-Мәдениетті Ұлт» республикалық жобасын іске асыру бойынша Жол картасының жүзеге асыру бойынша мектепішілік бұйрық шығарылды. (№216, 04.05.2022 ж), арнайы жұмыс жоспары бекітілді.
«Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» республикалық жобасының ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ бойынша ақпарат

 

«ӨЗ БАЛАҢЫЗДЫ ҚОРҒАЙ БІЛІҢІЗ!»

Кәмелет жасқа толмағандарға қатысты қол сұғушылықты алдын-алу бойынша ата-аналарға арналған жадынамалар

Балаға физикалық жазалауды қолдану алдыңда тоқта!

1. ЖАҚСЫ ҮЛГІ КӨРСЕТ.Қорқыту, сонымен қатар ұру спсихологиялық қысым, ұрсу және т.б. жағдайлар жағдайды сирек жақсартады. Сіздің балаңыз сіздің мінезіңізден үлгі алады.


2. МЕКТЕПТІҢ ЖИІ ҚОНАҒЫ БОЛЫҢЫЗ. Егер сіздің балаңызда жан күйзелісі және төмен баға көрсетілсе мектепке барыңыз.Балаларға көмек көрсету және оқыту  үшін мектеп қызметкерлері бар.

3. «МЕН СЕНІ ЖАҚСЫ КӨРЕМІН» МАҢЫЗДЫ СӨЗДІ БАҒАЛАУМАУҒА БОЛМАЙДЫ.Кез келген  жастағы балалар сүйюді, құшақты, иықтан достықпен сипауды,мейірімділікті қажет етеді.   «Мен  сені мақтан тұтамын!»  деген сөзді балаларыңыз жиі естігісі келетінін біліп жүріңіз.

4. ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ  БАЛАЛАРЫҢЫЗБЕН СӨЙЛЕСІНДЕР. Өздерінің қорқынышы туралы, оның ашу-ыза мен мұңы туралы,олар өздерінің сезімдері туралы  айтқан кезде қолдап отыру. Ата-аналар балаларының ойы туралы, олардың сезімі мен қызығушылықтарына көңіл  бөліп, сонымен қатар жақсы кеңестер беру керек.Сіздермен балаларыңыз қалай қарым-қатынас жасайды бақылап көріңіз.

Егер балаңызға зорлық жасалса, баланы айыптамаймыз,не болғанын анықтауға тырысамыз.

 Егер Сіз немесе сіздің отбасыңыздың адамдары жалғыздықта махамббатсыздықта, шарасыздықта жүрсе немесе сіз,өзіңіз есірткіге немесе ішімдікке салынсаңыз –көмек іздеңіз. Көбінесе барлық зорлық-зомбылықтың әрекеті ішімдікті немесе есірткіні пайдаланумен жасалады.

ӨЗ БАЛАҢЫЗДЫ ҚАЛАЙ ҚОРҒАУ КЕРЕК
1. Балаңызды кез келген үлкендерге  «Жоқ» деп айтуға құқығы бар деп үйретіңіз, егер одан қауіп төніп тұрса.

2. Егер біреу балаңызды ұстап алғысы келсе, «Бұл менің анам емес!» деп қатты айғайлауға үйретіңіз, Бұл қоршағандардың назарын аударады және қылмыскерлерді тежейді.

3. Егер балаңыздың жоспары өзгерсе, балаңыздың қайда баратыны, қашан келетінің, қоңырау шалып хабарласуға үйретіңіз.

4.Балабақшадан немесе мектептен балаңызды өзіңіз алып кетуге тырысыңыз, егер оны басқа біреу алып кететін болса, тәрбиешіні немесе мұғалімді осы туралы ескертіңіз.

5.Балаңыз үшін пароль ойластырыңыз, егер ол парольді білмесе бөтен адамдармен машинаға отырмауға үйретіңіз.

6. Түнгі уақытта жалғыз жүру қауіпті, ал достармен компанияда серуендеу әлде қайда қауіпсіз екендігіне балаңызды сендіріңіз. Жалғыз серуендеп жүрген бала қылмыскерді қызықтырады. 

7. Балаңызды телефон-автоматымен қолдануға үйретіңіз (халықаралық қосумен). Үй телефонының номерін және көмек қызметінің телефонын жатқа білу тиіс.

8. Ең кемінде балаңызды жылына бір рет фотоға түсіріңіз, егер балаңыз ұрланса немесе жоғалса осы кезде балаңыздың суреті қажет болады.

9. Балаңызбен барлық жағдайда,сізге ойын ашық айта алатындай қарым-қатынаста болыңыз. Балаңыз әр қашан оны жақсы көретініңізді біліп жүру керек, жоғалса іздейтініңіз туралы сенімді болу керек,бала өзінің керектігін сезініп өсу керек.

16-17 ақпан күндері «Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез –құлықтың алдын алу және балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбындағы бірыңғай облыстық жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында мектеп психологтары өз баяндамаларын оқып, ата-аналарға психологиялық кеңестер беріп, бейнефильмдер көрсетті.





Уақытша қашықтықтан оқытылатын балалардың ата-аналарына психологиялық ұсыныстар: