Іс-шаралар

                                                       “Ұстаз -кемел тұлға”

        Ұстаз деген — бұл ғылымға жетелейтін маман ғана емес, адамды рухани байытатын тұлға. Ұстаздар ерекше азаматтық миссияны орындайды — келер ұрпаққа тәрбие береді.
Сол себепті мектебіміздғ мереке қарсаңында ұлағатты ұстаздардың жұмысын жеңілдету мақсатында мектептерде оқушылардың өзін-өзі басқару күндері өтті. Жоғары сынып оқушылары ұстаздардың орнына төменгі сынып оқушыларына сабақ берді. 11 сынып оқушыларының дайындап әкелген сабақтары балаларға өте ұнады. Сонымен қатар ол күні мұғалімдерден құрылған 12 сынып та сабаққа қатысты.Көңілді басталған мерекелік күнді концерттік бағдарлама жалғастырды. Мектеп басшысы құттықтау сөзімен ашып, елімізде білім саласына мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетіліп отырғанын, ұстазынан озар шәкірттерінің көбейе беретініне сенімді екенін жеткізді. Сондай-ақ, білім саласында ұзақ жылдан бері талмай еңбек етіп, табыстарға қол жеткізіп жүрген бірқатар ұстаздарды құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапаттады. Мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен ән – сазды бағдарламасына зейнетке шыққан ұстаз ардагерлер шақырылды. Бағдарлама барысында мектеп оқушылары өздерінің шығармашылық өнерлерін көрсетіп, ұстаздарға және ардагер ұстаздарға арналған жылы тілектері мен алғыстарын білдірді.Ардагерлер оқушылармен сұхбаттасып, өнерлерін тамашалап, ризашылығын білдірді. Іс – шаралар барысында мұғалім жас ұрпақты ұстаздар қауымын сыйлауға тәрбиелеп, ұстаздың шәкірттерге ең беделді үлгі болатын жан екені туралы ұлылардың нақыл сөздерімен таныстырып, сондай – ақ, оқушылар өздерінің ұстазға деген сүйіспеншілігі мен сөздерін білдіріп, өнерлерін көрсетті.Кеш соңында тосын сый ретінде мектеп басшысы мен музыка пәнінің ұстазы “Ұстазым”әнін шырқап, көрермендерді қуантты.

                     Республикалық денсаулық күніне орай өткізілген іс – шаралар

                                    1 Қыркүйек – Білім күніне арналған алғашқы қоңырау

Қостанай  облысының әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің  М.Хакімжанова атындағы №20 жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологы Кантореева Р.Д.«Психологиялық қолдау жазғы алаңы»жобасы аясында «Мені қоршаған көңілді әлем»тақырыбы аясында  оқушылар  арасында,топтағы қатысушылар арасында ынтымақтастықты дамытуға,төзімділікті,кедергілерді еңсеруге бағытталған  «Шеңбер құру», «Шаршы»тақырыбында  ойындар,жаттығулар,тренингтер жүргізілді.Кері байланыс орнату барысында,қатысушылар жаттығу барысында басқа топ қатысушысына көмектісі келегенін айтып,кедергілерді еңсеруге деген ерік жігердің пайда болғанын айтып өздерінің жағымды  әсерлерімен бөлісті.

18 мамыр күні өткізілген оқу-жаттығу шеңберінде өткен терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру сәтінен. Оқушылардың, ұжымның қауіпсіздігі біз үшін басты назарда! Төтенше жағдайларда абай болыңыздар! Өз өміріміз өз қолымызда!

7 мамыр және 9 мамыр біздің еліміз үшін ең маңызды және салтанатты мереке. Бүгін Мәриям Хәкімжанова атындағы № 20 ЖББМ-де 7 мамыр – Отан қорғаушылар мерекесі мен 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған “Жас Ұлан-сап түзе!” саптық байқауы өтті. Отан үшін соғысып, жанын қиған ата-әжелеріміз мәңгі есімізде! Бейбіт күннің қадірін білейік.

“1 мамыр-Қазақстан халықтарының достығы күніне” орай 1-4 сынып оқушылары арасында “Ақ көгершін, көгершін!” сурет көрмесі ұйымдастырылды.

“1 мамыр – Қазақстан халықтарының достығы күніне” орай МДС – 11 сыныптар арасында “Достық пен бірлік” тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді

Бүгін оқушыларымыз І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрына барып, қоюшы режиссер Б.Шаметовтың “Кішкентай адамның үлкен трагедиясы” қалжыңсыз комедиясын тамашалады. 

       А. Чеховтың қысқаша әңгімелерінен құрылған бұл қойылым,  адамдар арасындағы кездесіп тұратын кейбір  мінез құлықтарды суреттейді. Жуан мен жіңішке, Ынжық, Қорғансыз жан, Хамелеон, Хористка, Дипломат, Қаскүнем, Қонақ, міне осы әңгімелердің мазмұны, қызметтегі шені, жоғары досына жағымпаздануы, еркектің  әйелінің көзіне шөп салуы, ынжықтық, қорқақтық секілді дүниелер, жалпы алғанда,  адамзаттың рухани кеселдерін бейнелейтін қойылым. Оқушылар көңілінен шыққаны сөзсіз.

      Мектепте наурыз айында мектеп психологы Ғалымқазы Ә.Ғ мен 10 сынып оқушылары Бейсен Жансұлу, Умиртаева Камила, Смагулова Зарина, Басщугулова Аяна,Сейлханова Аружан, Қасқырбай Рабиа мектебіміздің 5,9-11 сынып оқушыларымен өзара ынтымақтастықты, достықты нығайтатын жаттығулар ұйымдастырды. Тренингтік жаттығулар барысында балалар өз белсенділіктерін көрсете білді, ерекше қызығушылық танытып, өз ойларын ортаға салды. Жарайсыңдар!!! Жақсы көңіл күй тілейміз біздің оқушыларға! ##20 мектеп оқушылары##досшыл оқушылар

Мектебімізде 8-10 сыныптар арасында “Үкілі кәмшат” байқауы өтті.

Атамыз қазақ ерте заманнан-ақ ұрпақ өсіріп, оны тәрбиелеу ісіне ерекше назар аударған. Дастархан басының өз тәлім тәрбиесі мол болған. Наурыз қарсаңында 5-7 сыныптар арасында “Ұлттық дастархан” көрмесі ұйымдастырылды. Сыныптар ауыл болып, дастархандарын әзірлеп, өз өнерлерін ортаға салды.

Ұлттық ойындар – ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын сауықтардың бір түрі. Бүгін мектебімізде “Ұлттық ойындар” күні өтті.

     Қазақ зергерлері негізінен әйелдердің сәндік әшекей заттарын ұсталар батырлардың қару жарақтарын, шеберлер үй іші мүліктерін, аңшылық жабдықтар, музыка аспаптарын әсем жасай білген. Қазақтың зергерлік заттарында жан-жануарларға байланысты мифтік ұғымдағы өрнек түрлері, көкөніс өрнектер, ұласымды өрнектер, геометриялық  өрнектер кездеседі. Қазақтың қыз-келіншектерін ажарландыра түсу үшін оларға арнап алуан түрлі әшекейлі бұйымдар жасаған. Наурыз мейрамы қарсаңында мектебімізде “Ұлттық әшекейлер” дәріптелді.

      Мектепте апталық аясында 10 “А” сынып оқушыларымен Ғалымқазы Ә.Ғ “Мен бақытты отбасы мүшесімін” тақырыбында ашық сабақ-тренинг өткізді. Сабақтың мақсаты балаға ата-анамен қарым-қатынасы туралы түсініктер беру арқылы оқушылардың білімдерін көтеруге көмектесу, отбасын құрметтеуге, ата-анасын сыйлауға, қамқор тату болуға тәрбиелеу болатын. Тренинг барысында видеороликтер көрсетіліп, практикалық жаттығулар ұйымдастырылды, сабақ соңында балалар ата-аналарға, оқушыларға арналған өз ұсыныстарын ортаға салды, ой қорытынды жасады.

       Мектебімізде “Наурыз” мейрамына қарай “Ұлттық киімдер” күні өткізілді.

         8-Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған “Сыйынар ем, ана деген тәңірге” атты мерекелік концерт өтті.

         Ұстаздар мен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында ұйымдастырылған “Екі жұлдыз” шығармашылық сайысының қатысушылары

        9-11 сыныптар аралығында “Өмірдің қауіпті қырлары және олардан өту жолдары” тақырыбында тәрбие сағаттары өтті.

      “Оқуға құштар -ұлт, оқуға құштар-мектеп” жобасы аясында 5-7 сыныптар арасында “Кітап оқудың пайдасы” атты қабырға газеттері байқауы өткізілді. Оқушылар сайысқа жауапкершілікпен қарап, шығармашылық қабілеттерін таныта білді.

        Бүгін мектебімізде Қазақстанның халық жазушысы, әдебиет әлемінде аты үлкен әріппен жазылатын ақын апамыз Мәриям Хәкімжанованың 116 жасқа толуына орай республикалық “Мәриям оқулары” өтті. Апамыздың өлеңдері оқылып, анамызға арнауларда арналды. Ән айтылып, би биленіп, күй тартылды. Жеңімпаздарды жүлделе  орындарымен құттықтаймыз!!!

      Балалар жылына орай және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында “Би алаңы-2022” сайысы ұйымдастырылды. 5-6 сыныптар бойынша 3 орынды – 5 “б” сыныбы, 2 орынды – 5 “а” сыныбы, 1 орынды – 6 “ә” сыныбы, бас жүлдені – 5 “ә” сыныбы иеленді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!

      “Жулдыздар жанады” Астана қаласының ұйымдастыруымен өткен халықаралық би байқауында “Ерке-наз”  кіші би тобы 1 орын иеленді. Жетекшісі Гауезова Салтанат Абаевна мен топ мүшелерін құттықтаймыз. Еңбектеріңіздің жемісін көріп, биіктерді бағындыра беріңіздер демекпіз. 

     “Бала құқығы-адам құқығы” онкүндігі аясында 6-7 сыныптар “Құқығым бар” тақырыбына эссе жазды.

      Кезекті дебат үйірмесінің отырысында “Status quo және оның типтері” талқыланып. Үйірме мүшелері өз шеберліктерін көрсетті.

    “Үндестік” жобасы аясында 8 “а” сыныбында “Отбасы,мектеп” тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. күн тәртібінде – екі одақтың оқушы өміріндегі рөлі, маңызы талқыланды. Ата-аналар әр түрлі тапсырмалар орындап, тренингтерге де қатысты.

Мектебімізде 8-11 сыныптар арасында Дүниежүзілік ЖҚТБ күніне орай “ЖҚТБ – әлемдік індет” тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

Бүгін 1-4 сынып оқушылары “Балалар және театр” жобасы аясында І.Омаров атындағы қазақ драма театрында болып, “Бұртима” қойылымын тамашалады. Қойылым балалар көңілінен шықты. Театр ұжымына үлкен рахмет.

“Мәңгілік Ел” жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтарын сіңірту мақсатында, Республика күніне орай 5-11 сыныптары “Менің арманымдағы -Қазақстан” тақырыбында бірегей эссе жазды.

Республика күніне орай, Республика күнінің маңызын ұғындыру мақсатында 1-4 сыныптар арасында “Қыран елім – Қазақстаным” тақырыбында бірегей диктант жазылды.

Мектебімізде МДС-4 сыныптар арасында “Күз кереметтері” көрмесі ұйымдастырылды. Осы көрмеге атсалысқан ата-аналарға алғысымыз шексіз.

25 қазан Республика күніне орай, “Республикам менің!” тақырыбына сынып сағаттары өткізілді.

25 қазан Республика күніне орай және “Үндестік “жобасы аясында ата-ана, мұғалім, оқушы қоғамдастығы арасында “Волейбол” жарысы ұйымдастырылды.

Республиканский план мероприятий

по празднованию Дня Республики с изменениями

 

№ п/п

Наименование мероприятия

Участники

Срок исполнения

 

1.                 

Конкурс чтецов в рамках общереспубликанской патриотической акции «Қыран елім – Қазақстаным!»

1-11 классы

1721 октября

2022 года

2.                 

Организация дебатов среди старшеклассников на тему: «Я гражданин своей страны!»

9-11 классы

19 октября 2022

3.                 

Единый общереспубликанский патриотический конкурс-диктант на тему «Атамекен»

1-4 классы

19 октября

2022 года

4.                 

Конкурс эссе на тему «Казахстан моей мечты»

5-11 классы

19 октября 2022 года

5.                 

Республиканский творческий конкурс рисунков «Ұлттың ұлы ұстаздары»

5-9 классы

20 октября

2022 года

6.                 

Организация веселых спортивных стартов «25 қазан – Республика күні»

1-4 классы

20 октября 2022 года

7.                 

Торжественные линейки:

         Массовое исполнение Государственного гимна «Патриотизм дауысы»;

         Чествование отличников учебы к Дню Республики;

         Проведение единого республиканского классного часа на тему «Қазақстан – туған жерім, туған елім!».

1-11 классы

21 октября 2022 года

8.                з

Публикация видеопоздравлений обучающихся на веб-сайтах школ, социальных сетях к дню Республики

Все организации образования

22 октября 2022 года

9.                 

Размещение итогов исполнения Плана мероприятий по празднованию Дня Республики на сайтах отделов образования и школ

Все организации образования

22 октября 2022 года

“Жол жүру ережесі” жоспары бойынша бастауыш сынып білім алушыларының қатысуымен “Менің досым-Бағдаршам” көрмесі ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған 7 сыныптар арасында “Ер есімі – ел есінде” атты дөңгелек үстел өткізілді.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай “Менің Қазақстаным” зияткерлік сайысы өткізілді. Ұйымдастырушылар: тарих пәнінің педагогтері – Жансүгіров С, Ержан А.М.

“Қазақстан Республикасының Тәуелсіздікке 30 жыл” мерекесіне орай мектебімізде спорттық іс-шаралар өтті. Соның бірі мектепішілік 3-4 сыныптар арасынан “Толағай” сайысы ұйымдастырылып, ортаға 2 кубок ойнатылды. 3 сыныптар арасынан 1-ші кубокты 3″А”сынып жеңіп алды. 1-орын.
2 – орын 3″Ә” сынып
3-орын 3″ Б” сынып жеңді. Мадақтау қағазымен марапатталды.
2-ші кубок 4-сыныптар арасында
4″Ә”сынып жеңіп алды.1орын.
4″Б”сынып 2-ші орын.
4″А”сынып 3-ші орын алды.
Құттықтаймыз!

ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мектебіміздің ең кішкентай бүлдіршіндерінің қатысуымен ұйымдастырылған “Тәуелсіздік – ел мұраты” тәрбиелік шарасынан үзінді. Жетекшісі Жарылқап Айдана Полатқызы.

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне арналған “Елін сүйген, елі сүйген Елбасы”, “Нұрсұлтан салған дара жол”, «Елбасы еңселеткен Елорда» тақырыптарында барлық сыныптарда тәрбие сағаты өтті.

9 мамыр күні Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңына орай, қала әкімінің және мектебеміздің атынан соғыс ардагері Разумовский Николай Андреевичке шексіз алғысымызды білдіре отырып, Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтаймыз!

«Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт» жобасы

Жобаның мақсаты: оқушылардың оқу мәдениетінің деңгейін және олардың оқу белсенділігінің өсуін арттыру. Оқушылардың білім және мәдени деңгейімен, оқуға деген қызығушылықты арттыра отырып, оқушылардың рухани – адамгершілік бағдарлары мен тарихи ойлауын қалыптастыру. Оқушылар, педагогтар, ата – аналар арасында оқуды көпшілікке тарату үшін жағдай жасау. Мектеп, кітапхана, отбасы бірыңғай оқырмандар қауымдастығын қалыптастастыру.

Жобаның міндеттері:

* Оқушылардың оқу қызығушылықтарына әсер етудің педагогикалық идеяларын,    белсенді формалары мен әдістерін оларды оқуға тарту және оқу құзіреттілігінің  деңгейін арттыру мақсатында іздену;

* Оқуды ілгерілетуге мүдделі білім беру ұйымының барлық құрылымдарының өзара іс-    қимылын ұйымдастыру;

* Отбасылық оқу дәстүрлерін жандандыру;

* Ата-аналарды балалар оқуына белсенді қолдау көрсетуге тарту, оларға отбасылық демалыс, қарым-қатынас, оқу айналасында шығармашылық орта құруға  көмек көрсету;

* Мектеп оқушыларының оқырмандық белсенділігін ұйымдастыру және оқушылардың сабақтан тыс іс-әрекеттегі оқырмандық қалауын ескере отырып, отбасылық оқуды насихаттау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

* Балаларды оқуға тарту бойынша әдістемелік материалдар жинағын жасау.

Өзектілігі:

   Аз уақыт бұрын кітап оқу адамның жалпы мәдениетінің маңызды көрсеткіштерінің бірі болып саналды. Қазіргі уақытта оқушылардың оқу сапасы оқушылардың рухани құндылықтар жүйесіндегі кітаптың рөлінің төмендегенін көрсетеді. Балалар оқуы өзінің басымдығын жоғалтады, өйткені көптеген балалар оқымай-ақ білімді және жан-жақты дамыған бола алады деп санайды. Негізінен оқуға емес, теледидар мен компьютерді көре өскен қазіргі оқушылар енді оқыған нәрселерін жетік түсіне алмайды.

    Баланы оқуға мақсатты жүйелі назар аудару оның табысты дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуының кілті болып табылады. Қазіргі уақытта оқуға деген қызығушылықты жоғалту мәселесі әлемдегі ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Жобаны іске асыру, «оқуды» балаға қарапайым және түсінікті түрде көрінетін әлеуметтік құралға айналуға жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Жобаның мазмұны

    Жасыратыны жоқ, қазіргі балалар бос уақытын компьютерде көбірек өткізеді. Олардың кейбіреулері ғана көркем әдебиет кітаптарын оқиды. Ең өкініштісі, қазір барлық кітаптар қол жетімді. Сүйікті автордың кез – келген кітабын қала дүкендерінен, кітапханалардан, сол интернет-дүкендерден табуға болады. Дегенмен, қазіргі жастар бұл ыңғайлылықты пайдаланбайды. Егер адамдар оқуды тоқтатса, олар ойлануды тоқтатады, олар мүлдем басқаша ойлайды. Ал кітап бізге білім береді. Тек Көп оқыған адаммен әрқашан сөйлесетін нәрсе бар. Тек оқитын адам сауатты жаза алады. Сондықтан оқудан бас тарту ұлттың өліміне әкеледі. Бұл жаһандық деңгейдегі мәселе. Осыған байланысты Қазақстанда Президент Қ.Тоқаевтың Жарлығымен ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 4-отырысында “Оқуға құштар мектеп” жобасы басталды. Негізгі мақсат-қоғамның назарын әдебиетке аудару және оқудың пайдалы және сәнді екенін жеткізу.

Нысаналы топтар деңгейінде бағытталған іс-шаралар кешенді жобасы:

Білім алушылар деңгейінде:

* Мәтінмен жұмыс істеуге және мағыналық оқуға үйрету;

*Ақпаратпен жұмыс істеу бойынша бірыңғай режимді енгізу;

* Оқушыларға арналған әдеби қонақ бөлмесін өткізу;

* Отбасылық жобалар фестивалін өткізу;

* Тыныш оқу сағаттарын, 20 минут, 5 минут дауыстап оқу;

* Конкурстар, көрмелер, викториналар, пәндік онкүндіктер, жобалар, конференциялар,   пікірсайыстар,  өткізу.

Педагогтар деңгейінде:

* Педагогтарға арналған әдеби қонақжай өткізу;

* “Мұғалімнің алтын сөресін” жүргізу және безендіру;

* “Мен кітаппен бірге әлемді танимын” атты бағдарлама; “Кітапханамен демалыс” атты жазғы оқулары;

* Семантикалық оқуды қалыптастыру үшін стратегиялар мен әдістерді қолдана отырып, іс-әрекет түрінде пәндік әдістемелік бірлестіктердің отырыстарын ұйымдастыру;

* Балалар мен жасөспірімдер оқуын қолдау бағыты бойынша қызметкерлердің біліктілік деңгейін арттыру;

* Мектеп сайтында мектептің инновациялық қызметі туралы өзекті ақпаратты орналаластыру;

* Мәтінмен жұмыс жасау және мағыналық оқуды қалыптастыру және дамыту бойынша технологияларды енгізу және зерттеу;

Ата-аналар қоғамдастығы деңгейінде:

*Ата – аналарға арналған оқыту семинар-практикумын өткізу”. Балаға мағыналы оқуды үйренуге қалай көмектесуге болады. Оқу сауаттылығын қалыптастырудың әдіс-тәсілдері»;

* ” Ата-анамен – отбасыммен оқимын” жобасын жүзеге асыру;

* “Менің үй кітапханамның кітаптары”атты балалар кітаптарына арналған презентация ата-аналар үшін.

                     Жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспары (кезеңдері)

Іс-шараның атауы Іс-шара нысаны Жауаптылар Мерзімі (2020-2021 оқу жылы).
1 “Мектеп кітапханасыдағы жаңа кітаптар мен жаңалықтар» Жаңа кітаптар көрмесі Кітапханашы Жыл бойы
2   Буккроссинг Буккроссинг Директордың ОТЖ орынбасары, мұғалімдер,кітапханашы   Ақпан
3 «Менің сүйікті кітабым» Челлендж 1-11 сыныптар,  мектеп ұжымы Ақпан
4 «Ең көп оқитын отбасыә Видиороликтер сайысы 1-4 сыныптар Сынып жетекшілер
5 «Оқуға құштар –мектеп,, оқуға құштар ұлт» жобасын насихаттау Мақала кітапханашы Наурыз
6 Кітапхананың жыл сайынғы жұмыс жоспарына сәйкес көрмелер ұйымдастыру Кітап көрмелері/ тақырыптық сөрелер, онлайн -көрмелер Кітапханашы Жыл ішінде
7 “Мектеп кітапханасына кітап сыйла ” жыл сайынғы акциясы Акциясы Директордың ОТЖ орынбасары, мұғалімдер,кітапханашы Сәуір
8 Халықаралық балалар кітабы күні Апталық Директордың ОТЖ орынбасары, сынып жетекшілер, кітапханашы Сәуір
9 Сүйікті кітаптар бойынша суреттер мен сәндік-қолданбалы өнер туындыларының көрмесі Көрме Онлайин көрмесі  Аға тәлімгер, Жас Ұлан тобы Сәуір
10 Білім алушылардың “ең көп оқитын сынып” конкурсына қатысуын ұйымдастыру Жыл бойы кітапханадан көп кітап оқыған Директордың ОТЖ орынбасары, сынып жетекшілер, кітапханашы Жыл соңында
11 ” Оқу сәнді ” Әңгімелесу циклі, кітапханалық сабақтар   Жыл ішінде

Кітапхана меңгеруш: Тастанова З.С.

Қостанай қаласы білім бөлімінің 03.03.2021 жылғы №10-06/1154 ақпараттық хатын жүзеге асыру мақсатында «Мейірімділік сабағы» қашықтық және дәстүрлі форматта білім алушы оқушылармен өткізілді. Бастауыш сыныптарда  «Дос болайық!», 5-7 сыныптар арасында «Жақсылық жолымен», 8-9 сыныптарда «Біз бәріміз әр-түрліміз, бірақ теңбіз», 10-11 сыныптарда «Мейірімділіктің күші»  атты психологиялық сабақтар өткізілді.

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ АҒАРТУШЫСЫ ТУРАЛЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН
АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті «Адалдық сағаты» қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі, жазушы, этнограф, фольклоршы ғалым, ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсаринге арналды.
Қазақ даласында білімнің шырағын жаққан Ыбырай Алтынсарин бар ғұмырын қазақ балаларын оқыту жолында өткізген.
Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, ана тілімізде оқулық жазған.
Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын «Қазақ христоматиясының» алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қатар, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім…» деп тұжырымдаған.
Қазақ жастары арасында білім беруді дамытудың маңыздылығын Алтынсарин өзінің басқа да көптеген шығармаларында сипаттаған.
Олардың қатарына «Өсиет өлеңдер», «Әй, жігіттер» сияқты тағы да басқа туындыларын жатқызуға болады. Бұл өлеңдерінде биік адамгершілік тұрғысынан ұрлық-қарлықты, астамсу, әділетсіздікті сынап, еңбексіздікті, ескілікті салттардың зияндығын көрсетіп, адал еңбектің адамгершілік мінез-құлықтың артықшылықтарын бейнелейді.
«Кел, балалар, оқылық» өлеңінде ақын қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрлерін шебер пайдаланып, білім мен надандықты, жақсылық пен жамандықты қатар алып, салыстырып отырды.
Ы. Алтынсариннің шығармалары бүгінгі күнге дейін заманауи білім беру жүйесінің негізі болып табылады.
Жазушының адамгершілік туралы идеялары эстетикалық тәрбиемен байланыста, бірімен-бірі ұштастырыла суреттеліп отырады.
Қазақ даласына азаттық идеясы тарай бастаған тұста жаңа поэзияның бастаушысы, білімнің көшбасшысы, алғашқы ұстазы болып Ыбырай Алтынсарин қашан да тарих биігінде тұра берері хақ.
Ұлт ұстазы біздің тарихымызда өшпес із қалдырды. Оның арманы – халықтың гүлденген болашағына нық сеніммен қарайтын білімді жастар болды.

АДАЛДЫҚ САҒАТЫ МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЫҢ МӘҢГІЛІК МҰРАСЫНА АРНАЛДЫ

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Мұқағали Мақатаев – мәңгілік ғұмыр» тақырыбындағы кезекті адалдық сағаты өтті.
Онлайн дәрістің негізі ретінде әділеттілік пен адалдыққа, патриотизмге және елге деген құрметтен өрнектелген ұлы ақынның шығармалары алынды.
Биыл 9 ақпан күні жыр мұзбалағы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл (1931–1976) толды.
Мақатаевтың шығармашылығы қазақ поэзиясының алтын қоры болып табылады. ХХ ғасырдың бірінші жартысында дүниеге келген, рухы мен бар бітімімен халықтың қайнар көзін сіңірген дарын өз халқының ең сүйікті ақыны болды.
«Поэзия – махаббаттан басталып, парасатпен аяқталуы тиіс» деген Мұқағали ақынның өлеңдері ең әуелі адамдарды адалдыққа, тазалыққа, мейірімді болуға, жас ұрпақты Отанды сүюге, туған жерді құрметтеуге, ана тілімізді ардақтауға, қарттарымызды қадірлеуге және дәл осындай бейбіт күннің қадірін білуге шақырады.
Онлайн-дәріс барысында жастар ақынның патриоттық өлеңдерімен танысты.
Ақын шығармашылығында Отан мен туған табиғат тақырыбы маңызды орын алады. Өз шығармаларында ол адам Отансыз өмір сүре алмайтынын айтты. Отансыз адамды ормансыз құсқа теңеді.
Туған халқын жырламаған ақын жоқ шығар. Ал Мұқағали ағамыздың халқына деген перзенттік махаббаты әр өлеңінде керемет суреттелген.
Сондай-ақ, «Адалдық сағатында» ақын шығармашылығы арқылы патриотизм мен жеке бастың қадір-қасиеті туралы ойлар айтылды.
Мұқағали Мақатаев қазіргі қазақ поэзиясын жаңа көркемдік деңгейге көтерді. Оның шығармашылығы идеологиялық және саяси көріністерден ада, нағыз лирикаға толы.
Ақынның шығармаларын зерттей отырып, біз Отанды сүюге және қорғауға, табиғатты аялауға, адамдарды сүюге, аналарымыз бен жақындарымызды бағалауды үйренеміз.

11 ақпан күні ҚР тіл саясатын іске асыру мақсатында “Этностық топтар тілдері” тақырыбында 2-7 сыныптар қатысуымен тәрбие сағаттары өтілді.



«Көктем Аруы – 2019» байқауы

Бастауыш сынып мұғалімі Кудебаева Н.М

     Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында наурыздың 6-шы жұлдызы күні мектебімізде 4-ші “А” сыныбының ұйымдастыруымен “Көктем Аруы-2019” байқауы өтті. Бұл сайыстың негізгі мақсаты : аруларымыздың тек сұлулығы мен өнерін ғана бағалау емес, сондай – ақ, қазақтың салт-дәстүрі бойынша білімдерін сынға салу. Байқауға 2- 4  сынып қыздары қатысты. Сайыста аруларымыз таныстыру, өз өнерін көрсету , сән үлгісі және сұрақ-жауап шарттары бойынша сынға түсті. Аруларымыздың арасында үздіктердің үздігі болып , бас жүлдені 3 “Ә” сынып оқушысы Көптілеу Кәусәр иеленді. 1-орынды 4 “А” сынып оқушысы Бузай Алуа иеленсе, 2-ші орын 4 “Б” сынып оқушысы Рапxат Томириске бұйырды. Ал, үшінші орынды 2 “Б” сынып оқушысы Жәнібекова Лаура өз қанжығасына байлады. Сайыс тартысты , әрі қызықты өтті. Аталмыш іс-шараға барлық сыныптар ат салысып ,өз өнерлерін көрсетіп, көрермендер қошеметіне иеленді. Іс-шараға көптеген әже, аналар қатысып, кішкентай ару өнерлеріне қатты риза болды.

                                        

«Tàýelsizdik – tàńir  bergen tàtti syı» aksıasy

Bastaýysh synyp mugalimi: Sapabek Jannur Sarsengalɪqyzy

«Eliniń  uly bolsań, elińe  janyń ashysa.  azamattyq  namysyń bolsa,

qazaqtyń  ulttuq  jalgyz  memleketiniń  nygaıyp – kórkeıýi

 jolynda jan tereńdi sygyp júrip eńbek et.

 Jerdiń de, eldiń de  ıesi óziń ekenińdi  umytpa!»

N.Á. Nazarbaev

      Biz qazaq degen uly eldiń  urpaġymyz! Tàýelsizdik – uly dala  eliniń  eldigi men erligi. Bıyl teýelsizdigimizdi  alganymyzga  27 jyl  týyp otyr. Osy oraıda  3 «А» synyby  tàýelsizdikti ulyqtaý  maqsatynda  2 kún boıy «Tàýelsizdik – tàńir  bergen tàtti syı»  atty aksıasyn uıymdastyrdy. Synyptaġy uldar kók tústi  galstýk  taqsa, al qyzdarymyz  sary  tústi  bantık tagyp  basqa  synyptardan erekshelenip júrdi. Sonymen qatar «Tàýelsizdik  tiregim »  atty synyp sagaty bolyp,  tàýelsizdik qurbandarynyń  eren  eńbekteri týraly  talqylap, oı túıdi.  « Qazastan tàýelsız jolynda»  taqyrybynda sýretter salyp, tàýelsizdiktiń  ońaı kelmegenine qorytyndy  jasady. Bul  aksıada synyp ata-analary bir jeńen bas, bir jeńnen qol shyġaryp synypishilik is-sharalarġa qoldaý kórsetip,  balalarynyń tàýelsizdik  kúnin sezinýlerine óz  úlesterin qosa bildi. Ià,  «Jumyla kótergen júk jeńil» demekshi osyndaı qarapaıym is-àreketter arqyly bala boıyndaġy ultyna degen súıispenshilikti qaluptasturýġa bolady dep oılaımyn. Sóz sońynda kók baıraġy jelbiregen, búgingidei abyroıly da aıbundu, bedeldi de berekeli, untumaġu men jarasqan elimizdiń tàýelsizdigi  baıandy bolġaı dep óz tilegimdi bildiremin.

Салауатты өмір салты – терең білім мен тәрбие көзі.

       Қазіргі таңда әрбір ұстаздың алдында үлкен міндет тұр: дені сау, білімді, салауатты өмір сүре алатын тұлғаны тәрбиелеу.

           Қазақ елінің Ата заңында әрбір азаматтың саулығы – мемлекетіміздің саулығы деп саналады делінген. Олай болса, болашақ ұрпақ салауаттылығы баланың кішкентай кезінен басталуы керек. Балабақшада, одан мектепке келген күннен бастап балаларды өз денсаулығына қатысты жауапкершілікке тәрбиелей бастау қажет. Көне замандағы ғұламаның бірі Аристотель «Жанды дене қозғалмаса өледі» деген екен. Міне, осы тұжырымдаманы біз бетке ұстауымыз қажет.

     Мен 2 «А» сыныбымды денсаулыққа тек денені шынықтыру арқылы қол жеткізуге болатынын ұғындырып келемін. Сабақ үстінде түрлі қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасатып, жетісіне 3 рет болатын дене шынықтыру сабағында дене қозғалыс жаттығуларына, жүгіруге, секіруге көп көңіл бөлемін. Сонымен қатар денсаулықты нығайтуда таза ауаның алатын орны ерекше екенін ұғындырып, қазіргі балаларды телефон мен компьютерден алшақтату мақсатында күніне 1-1,5 сағат таза ауада жүруіне, жүгіріп, ойнауын үнемі бақылап, ата-аналармен байланыс жасап отырамын.

      Биылғы оқу жылының 1-жартыжылдығында сыныбыммен №10 мектепке бассейнге барып, денені шынықтыруда жүзудің орны ерекше екенін түсіндірдім. Сонымен қатар каникулдың соңғы күндерінде КЖБИ мөлтек ауданында Тобыл жағасына барып, мұздан сырғанап, таза ауада біраз денені шынықтырып қайттық. Осындан кейін каникул кезеңінде ата-аналар балаларын жиі-жиі сырғанаққа апарып қыстың қызығына тойдыртты.

       Оқушыларыма өз денсаулығын сақтауды және шынықтыру жолдарын үйретіп, әр қадамын саналықпен ойлайтын тұлғаны қалыптастыра алсам, пәнді оқытуда мақсатқа жетемін деп ойлаймын. 

2 «А» сынып жетекшісі Галиева Гүлжанат Жунусовна

Қысқы демалыс күндер қызықты, көңілді өтуде.

Қысқы демалысын өткізудің мақсаттары:

  • Қысқы демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру.
  • Балалардың денсаулығын және іс-қимыл күштерін нығайту.

 Осы мақсаттарды  жүзеге асыруда 2  қаңтар күні 4  «Ә» сынып оқушылары   ертегі  алаңға барып ,ондағы балаларға арналған алаңда  сырғанақ ,әткеншектермен сырғанап ойнады. Бұл саяхат оқушыларға қатты ұнады. Олар серуен соңында ескерткіш ретінде фотоға түсті. Олар тарасып бара жатып, шынымен де «Қысқы демалыс – ең қызықты уақыт» екен деп  үйлеріне көңілді тарасты.

Бастауыш сынып мұғалімі: Жұмасаева Бибігүл Сағындыққызы.

«Тәуелсіздікке – 27 жыл»

      М.Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебінің 1 «А» сыныбында тәуелсіздік мерекесіне арналған сынып сағаты  өтті. 

    Мақсаты: отанды сүюге,ел байлығын қорғауға,Отанымыз  Қазақстанды  өркендетуге тәрбиелеу.

    Сынып сағатында оқушылар жаттаған тақпақтарын айтты, ән салды, мың бұрала би биледі, ұлттық ойындар ойнады. Оқушылар   тәуелсіздік жайлы өз пікірлерін  білдірді.Сынып сағатынан  ерекше әсер алды.

   «Менің тұңғыш Президентім!» атты сынып сағаты өтті.

       Мақсаты:

– жас ұрпаққа Нұр ағамыздың сан қырлы талант иесі, құдыретті тұлға екенін  таныту;    

-халқымызды әлемге танытып, Алаш баласының абыройын асқақтатқан Елбасының кісілік келбетін көрсету;

– елін сүйген, елі сүйген Елбасыдан үлгі алуға тәрбиелеу.

     1 «А» сыныбында «Менің тұңғыш Президентім!»атты сынып  сағаты өтті.Сынып сағаты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылды.    Президенттің өмірбаяны, отбасы және балалық шағы ,қызмет жолы туралы бейнефильм көрсетілді.Бірінші сынып оқушылары тақпақ,өлең айтты. Өз қолдарымен суреттер, ашық хат жасап келді. Оқушылар тақырыпқа байланысты бірнеше тапсырмалар орындады. Әр тапсырмаға бағалау критерийлерін құрды, әр жұмысты талдап, әр топ бір – біріне сұрақтар қойып, жауап алды, әр жауапқа толық талдау жасады. Еліміз осы бағытпен өркендей берсе, жағдайымыздың бұдан да жақсаратынына күмән жоқ.. Нұр аға-қазақ халқының маңдайына біткен бақ… Өз бағымызды көтере білейік.

Қатыгездік пен зорлық–зомбылықсыз балалық шақ

Мұғалімдері: Оспанова Р.К., Хамит А.Х., Окасова Ж.К.

          Қазіргі жаһандану ғасырында елімізде түрлі тосын жағдаяттар қалыптасып отырғаны белгілі. Ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіздігіне қол жеткізіп, еліміз еңсесін көтеріп, халқымыз рухани дамуын жаңғыртып, латын әліпбиіне көшу керуеніне ілескелі отырғанымызда, замана лебінің алға озуына тосқауыл болатын кеселдің  бірі – қатыгездік пен зорлық –зомбылықтың  қоғамда белең алуына ел болып алаңдап отырмыз. Адам және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық, қатыгездік, кәмелетке толмағандарды қанау, қараусыздық пен қадағалаусыздық, өз-өзіне қол жұмсау іс-әрекеттері қоғамды толғандыруда.

         Балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстық ахуал тиімді шаралар қолдануды қажет етеді.

         Сондықтан болар, еліміздің барлық өңірінде өткізіліп жатқан  «Қатыгездік пен зорлық –зомбылықсыз балалық шақ» атты іс-шараға,  біздің «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Мәриям Хәкімжанова атындағы № 20 орта мектебі»ММ-де өз үлесін қоспақ ниетімен , 8-сынып оқушылары арасында «Құқық бұзушылыққа қоғам болып шыдамсыздық таныту» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді. Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын- алу және құқықтық тәрбие айлығы барысында  жоспарға сәйкес ұйымдастырылған іс-шараға  Қазақстан Республикасының ІІМ оқу орталығының (Қостанай қаласы арнайы пәндер) циклының оқытушысы,  полиция майоры Ілияс Бауыржан Оразұлы мен  алғашқы оқыту тағылымдамашылары арнайы шақыртылды.

Дөңгелек үстел іс-шарасына арнайы келген полиция майоры Ілияс Бауыржан Оразұлы сөз алып: «Қоғам үшін бастысы – тәуелсіздік, адам үшін- бас бостандығы және уайым- қайғысыз өмір. Оныңкепілі – заңдылық. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Адам және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы. Қазақстанда салауатты өмір салтына қолжеткізудегі, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттердің бірі- бала құқығын қорғау, зорлық зомбылыққа қарсыкүрес жүргізу. Қазақстан Республикасының ӘҚБТ кодексінің 25 тармағы мен 434,435,437,440,441,442,448,449 – баптары туралы толық мәлімет берді.ҚР Ата Заңының 11 – бабында ҚР – ның азаматтарын шет мемлекетке беруге болмайды», «Ешкімді азаптауға, оған зорлық – зомбылық жасауға, басқалай қатыгездік немесе адамдық қадір қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды» деп баса айтты.

            Сөз кезегін алған 8 «Б» сынып жетекшісі, Оспанова Рыскүл Қасымханқызы : «Физикалық зорлық – зомбылық – бұл кеңінен тараған жәбірлеудің бір түрі. Осы жәбірлеуде көбінесе отбасында баланы ұрып – соғу жағдаяттары жиі кездеседі, сондай – ақ ата – ана тарапынан балаға қатаң талаптарды жүктеу арқылы зорлық көрсету белгілері білінетіндігін атап көрсетті», ал 8 «Ә» сынып жетекшісі,  Хамит Ақбота Хамитқызы:«Эмоционалды зорлық – зомбылық түрі. Бұл жәбірлеудің түрі дәлел мен құптаушының жоқтығынан хабарланбайды. Балаға зорлық көрсетудің эмоционалды түрі күштеудің кеңтаралған түрі:

  1. баланы оқшаулау (басқа балалардан бөліп қарау)
  2. Баланы бопсалау;
  3. Елемеушілік;
  4. Балағаттау да жататындығын айтып өтті». Ал өз сөзінде8 «А» сынып жетекшісі,Оқасова Жазира Қайратқызы :« Балалар өздерін қорғау туралы ақпараттың жоқтығынан өмірінде шешімі күрделі жағдайларға жиі тап болып, өздерін өздері қорғай алмайды. Көбінесе зорлық, қатыгездік жағдайлары отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда орын алады. Көп жағдайда жасөспірімдердің өздері де бірінің бірі құқығын бұзып жатады.

Әрбір сынып сағаттарында жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол бермеу алғы шарттары жайлы ақыл-кеңестер, осы тақырыпқа негізделіп әзірленген түрлі сауалнамалар  мен  іс-шаралар (дебаттар, ашық отырыстар, конференциялар) өткізіліп тұратындығын айтты».

          Балаға зорлық – зомбылық көрсетуге адамды жетелейтін қандай факторлар бар?-атты сауал төңірегінде де екі жақты қызу талас болды.

Құқық бұзушы балаларға қолданылатын  қандай жаза түрлері бар?

Мектепте оқушылар арасында бірін-бірі  бопсалау  болып тұра ма?-деген сауалдарға да жауап беріліп, оқушылар арасынан да келген қонаққа көкейде жүрген  ашық сауалдардың  қойылуы , тақырыптың кездесойық емес, қордаланған , шешім күттірмес  мәселе екендігін дәлелдеді. Мектеп және полиция қызметкерлері, қоғам мен ата-аналар болып, еліміздің болашақтары, келешегі бар жасөспірімдердің тәрбиесіне айырықша көңіл бөлінуі қажеттілігі  анық болды.  Дөңгелек үстел барысында келген қонақтармен оқушылар да ой бөлісті. Біз сынып жетекшілері де қоғамдағы балалардың болашағына қауіп төндіретін түрлі қатерлерді болдырмауға бар күшіміз бен білімімізді жұмсаймыз деген ой түйіндедік.Бала тәрбиесіне енжар қарамау, әр баланың болашағын бағамдау-ұстаздардың да абыройлы ісі.Өз кезінде халқымыздың ақиық ақыны, Мұқағали Мақатаев былай деген екен:«Сүйікті балаларым менің! Ақылсыз болмаңдар! Өмір тола қауіп,  абай болыңдар! Өмір барда, жауыздық бар. Мейірбандықпен , жұмсақтықпен жауыздықты жеңуге болмайды.  Бір сөзбен айтқанда , сүйе де, жек көре де біліңдер,  бірақ әрқашан да адам қалыптарыңда қалыңдар! Әрдайым сақ болып, әрдайым өздеріңді қорғай біліңдер!»

         Әр адамға ой салар керемет ой-түйіндемелер.Балалардың балалық шақтары алаңсыз өтуіне үлкен жауапкершілікпен қарайық . Ендеше,  біздер де        қатыгездіктен, зорлық пен зомбылықтан сақ болайықшы!

«Күз-мереке, күз- береке» атты алтын күзге арналған мерекелік іс-шара өтті

       Сохранить и приумножить духовные и культурные ценности — вот основная цель работы педагога с обучающимися по программной статье  «Рухани жаңғыру».

    В свете направлений данного проекта  перед  нами определена цель: воспитание всесторонне развитой личности, способной к самореализации во взрослой жизни. 

     Совместный  проект с родителями  «Мои нравственные ценности»  посвящен проблеме выбора нравственных ценносте. Данная  проблема необычайно актуальна в настоящее время.  Для современной молодежи все большее значение приобретают ценности материально-бытового плана, преобладают личные жизненные мотивы и экономические цели.  С ребятами  обсуждены представления  о нравственных ценностях,   умение различать истинные и мнимые ценности, что  побуждает к самосовершенствованию, саморазвитию,  способствовует воспитанию ответственного отношения к своей жизни.  В завершении высказаны ответы  учащихся:

Рефлексия:

– Разговор о ценностях был очень полезным.

– Полезно было узнать, что главные ценности: совесть, доброта и милосердие.

– Полезно было задуматься о жизни, о том, на каких ценностях ее строить.

– Понял, что главное –  надо реализовать свои способности и возможности.

– Мало поставить цель, нужно все делать для ее осуществления. 

      Присутствовали родители следующих учащихся: Биркен Каламкас, Мухтар Алишера, Маликовой Жанель, Тулешовой Наргиз, Турумбаевой Дильназ.

Отбасылық әңгімелесу клубы отырысы

ХАТТАМА №1

Өткізілген күні:02.02.2017

Өткізілген орны: «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №20 орта мектебі»ММ АКТ залы

Тақырыбы: « Мейірімділіктің ошағы отбасы»

Қатысқандар:

-мектеп директоры: К.Б.Шинбулатова

-директор орынбасары: Исмайлова Ж.Б.,

-әлеуметтік педагог: М.Ш.Нүрке

-жантанушы:А.К.Кемельдинова

-тәлімгер: Е.М.Казыбаев

 

Қатысқан ата-аналар саны: 30

Оқушылар саны:12

Күн тәртібі:

Кіріспе сөз.

Мектеп директоры: К.Б.Шинбулатова

  1. Отбасылық әңгімелесу клубын құру туралы бұйрықпен таныстыру. Отбасылық әңгімелесу клубының төрайымын тағайындау / директор К.Б.Шинбулатова
  2. Отбасылық әңгімелесу клубының ережесімен таныстыру. Отбасылы әңгімелесу клубының жылдық жұмыс жоспарын талқылау/ДТІЖО Ж.Б.Исмайлова

Тыңдалды:

  1. Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры К.Б.Шинбулатова сөз сөйлеп, Отбасылық әңгімелесу клубын құру туралы қалалық, мектепішілік бұйрықпен таныстырып, аталған клубты құрудың маңыздылығына тоқталды. Клуб жұмысын ұйымдастыру , бақылау үшін клуб төрайымының қажеттілігіне тоқталып, ата-аналар арасынан клуб жетекшісін тағайындау керектігіне тоқталды. Ата-аналар арасынан Т.К.  Мухамбетова клуб жетекшісі болуға өзін ұсынды. Барлық ата-аналар бір ауыздан қолдап, Т.К.Мухамбетова төрайымы болып тағайындалды.
  2. Екінші мәселе бойынша сөз кезегі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Б.Исмайловаға берілді. Ж.Б.Исмайлова Отбасылық әңгімелесу клубының ережесімен тоқталып, клуб жұмысын ұйымдастырудағы мақсат міндеттерді таныстырды. Отбасылық әңгімелесу клубының жылдық жұмыс жоспарымен таныстырып, ата-аналардың ұсыныстары бойынша толықтырулар мен өзгертулер енгізілді.

Шешім:

1.Мектепішілік «Отбасылық әңгімелесу клубы» жоспар бойынша ай сайын ата-аналар мен оқушылар арасында тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырсын.

  1. Мектепішілік Отбасылық әңгімелесу клубының төрайымы болып Т.К. Мухамбетова тағайындалсын.

3.Аталған клуб жұмысына мектеп оқушылары мен ата-аналары белсене қатыстырылсын.

4.Айына бір рет клуб отырысы өткізіліп, ұйымдастырылған іс-шараларға қорытынды сараптама жасалынсын.