Фото суреттер

Қазақстан Республикасының Тіл мерекесіне арналған 8-11 сыныптар арасында өткен “Полиглот” ойыны

“Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында Ыбырай Алтынсаин атындағы мұражайға саяхат. 9 “В” сынып оқушылары

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ел тарихы мен мәдениеті, тарихи тұлғалар туралы құнды ақпараттарды оқушыларға насихаттау мақсатында 2018 жылдың 6 ақпан күні 6 сынып оқушылары Ы.Алтынсарин атындағы мұражайға саяхатқа апарылды.

Қаңтар айында мектебімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  еңбек пәні мұғалмдері Оспанова Р.К., Рабаев С.Т. «Әке көрген оқ жонар, шеше тон пішер» атты шеберлік сабағы өткізілді. Аталған іс-шараға оқушылар мен ата-аналар қатысты. Аналары қыздарымен қазақтың ұлттық оюларын ойып, көрпешелер дайындаса, ұл балалар әкелерімен бірге ағаштан бұйымдар жасап үйренді. Аталған іс-шара соңында қатысқан ата-аналарға алғыс хат беріліп, үздік жұмыстар марапатталды.

16 қараша күні «Асыл әйел ғұмыры сыр шертеді» тақырыбында  қаламыздағы ақын-жазушылар, актер, қоғам қайраткерлерімен кездесу ұйымдастырылды.Аталған іс-шараға компазитор К.Деріпсалдин,  айтыскер ақын Жангабылов Абдулла , Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин атындағы мұражайдың директорының орынбасары Р.К.Куанова, қазақ драма театрының актирисасы Ш.Есенғұлова қатысты.

13 желтоқсан күні тарих пәні мұғалімдері Ержан А.М., Жансугуров С.А. «Алаш» партиясы көшбасшыларының Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы саяси және ағартушылық аспектісіндегі халыққа жасаған қызметтері» тақырыбында конференция өткізілді. Конференцияның басты мақсаты: болашақ ұрпаққа Алаш идеясын насихаттау болып табылады.Аталған іс-шараға тарих ғылымының кандидаты, доцент,Қостанай педагогикалық институтының аға оқытушысы Исенов Өтеген Ихсанұлы,А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың философия кафедрасының профессоры: Қалқаман Жақып Хасенұлы, тарих пән мұғалімі, зейнеткер Абилев Амангелді Хабдешович, облыстық шығармашылық орталық маманы, термеші Абзал Алпысов Нағашыбайұлы, қала мектептерінің тарих пәні мұғалімдері мен мектеп оқушылары қатысты. 

16 қазан күні 8 сынып оқушылары Ы.Алтынсарин атындағы  мұражайға экскурсияға апарылды. Экскурсия барысында оқушылар Ы.Алтынсарин туралы деректермен танысып, мол ақпарат алды. 

2017 жылдың қазан айының 25 жұлдызында  мектеп оқушылары қаламыздағы облыстық мұрағатқа саяхатқа барып, «Кейкі батыр» тарихымен танысып, батыр кесенесі туралы ақпараттар алып, бейне материалдармен танысты

Қалалық “Мәриям оқулары” сайысы

22 қыркүйек күні 8-11 сынып оқушыларына «Рухани жаңғыру» тақырыбында бейне ролик көрсетілді.