Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда Қазақстаннан жүздеген прокурор майданға өз еркімен аттанды. Олар жаумен шайқаста нағыз батырлықтың үлгісін көрсетті. Алайда прокуратура қызметкерлерінің жеңіске қосқан үлесі, олардың тылдағы қажырлы еңбегі туралы екінің бірі біле бермейді. Сол себепті көпшілікке беймәлім тарихи тақырыпты қозғауды жөн көрдік.
Соғыс жылдарында прокурорлар да Отан қорғау жолында жан аямай шайқасты. Қаһарман прокурорлар арасында Кеңес […]
