Оқушыларға

“Мамандық таңдау-адам өміріндегі маңызды қадам”

Қаңтар айында 9 сынып оқушыларымен мектеп педагог-психологы Ғалымқазы  Ә.Ғ 9 сынып оқушылары ата-аналарымен “Мамандық таңдау-адам өміріндегі маңызды қадам” тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында ата-аналарға балалардың мамандыққа бейімділікті анықтау тестілер нәтижесімен таныстырылып,психологиялық-педагогикалық кеңестер берілді.

ТИІМДІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАСАУҒА ҮЙРЕНЕЙІК!

Қарым-қатынастағы пайдалы бағдарлар:

1.      Ешқашан бірінші алған әсер бойынша қорытынды жасауға асықпа.

2.      Барлық адам бірдей емес екенін есте сақта. Әр адам өзінше ерекше. Өмірде адамдарды белгілі бір түрлер мен топтарға болмайды.

3.      Әр адамның өзгеруге бейімділігі бар екенін есте сақта.

4.      Ешқашан адамның тұлғалық ерекшеліктері мен өзін-өзі ұстау мәнерін шатастырма.

5.      Барлық адамды қалай бар, солай қабылдауға тырыс. 

Өз сезімдерінді қалай басқаруға болады?

1.      Сезімдер мен эмоциялардан толық құтылу мүмкін емес. Жаман немесе жақсы сезімдер болмайды.

2.      Джонатан Свифт былай дейді: «Ашуға берілу- біреудің кінәсі үшін өзіңді жазалаумен тең!». Осы сөзді назарға алсаң оптимист және сабырлы болуға мүмкіндік бар.

3.      Жақсы көңіл-күйге қажетті жағдай- адамдармен жақсы қарым-қатынаста болу.

4.      Сезімдерді ішінде басып қалуға тырыспа. Басылған сезімдер қандай да бір уақытта сыртқа щығады немесе аурудың себебі болуы мүмкін.

5.      Жақын адамдарынмен қарым-қатынаста қандай жағдай болмасын өз сезімдерінді ашық айтқан жөн. Жасандылық пен тұйықтықтан бұл әлдеқайда жақсы.

                                                                                   Педагог-психолог Ғалымқазы Ә.Ғ

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы»аясында ұлттық,адами құндылықтарға негізделген,жас ерекшеліктерін ескере отырып,адалдық ұғымын түсіндіру арқылы,шынайлыққа,адал болуға тәрбиелеу,адамгершілік құндылықтарды насихаттау,өзіне де,өзгеге де адал болуға,жат қасиеттерден аулақ болуға талпындыру мақсатында педагог-психолог Кантореева Р.Д.оқушыларлармен Қараша айындағы «Адалдық»айлық аясында «Адалдық-ардың ісі», «Кей кезде өтірік айту-қажеттілік пе?»тақырыбы шеңберінде, Адалдық ұғымы бойынша оқушылардың ақпараттық өріс аясын кеңейту мақсатында, Адалдық ұғымы жайында,адалдықтың тарихи тағылымы жайында мағлұмат берілді және адал болу,сенімді болу,шынайы болу,жанашыр болу секілді жақсы қасиеттердің қалыптасуына себеп болу мақсатында«Айсұлтанның адалдығы», «Алтын балта», «Адалдықтың өтемі», «Адалдық жолы» тақырыбында ғибратты әңгімелер айтылып,оқушылармен әр аталған әңгіме бойынша түсінгендерін айтып,бағалау,талдау жүргізу барысында белсенділік танытып,ғибаратты әңгімені тыңдаған сайын адалдық ұғымы жайында түсініктерінің кеңейгені жайында пікірлерімен бөлісті.

8-11жастағы балалардың креативті,сыни ойлау қабілеттерін, коммуникация, коллаборация, эмоционалды интеллектісін анықтау мақсатында”Qabilet”онлайн платформасы арқылы тест тапсыруда 4,3 сыныптың оқушылары жақсы нәтиже көрсетті.

       Мектебіміздің 8  сынып оқушыларымен “Буллинг,кибербуллинг қауіптілігі” тақырыбы бойынша психологиялық тренинг-семинар ұйымдастырылды. Кездесу барысында оқушыларға теориялық білімдер беріліп, практикалық жаттығулар ұйымдастырылды. Тренинг соңында видеоролик көрсетіліп, психологиялық кеңестер берілді, өзара ұсыныстар айтылып, қорытынды жасалды.

      Қыркүйек, қазан айларында 9,10 сынып оқушылары қалалық “Stop буллинг.Инструменты антибуллинга” жобасы аясында  психологиялық тренингтерге қатысты. Іс-шара барысында балалар буллинг тақырыбы бойынша өз білімдерін жетілдіріп, ойларын ортаға салды, басқа мектептің оқушыларының көзқарастарын тыңдады, өмірдегі тәжірибелерімен бөлісті.

Қостанай  облысының әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің  М.Хакімжанова атындағы №20 жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологы Кантореева Р.Д.мектеп жанынан құрылған жазғы лагерге келген оқушылармен өз эмоцияларын бақылау,басқару дағдыларын қалыптастыру және басқалармен эмоционалды өзара әрекеттесуді дамытуға бағытталған «Эмоцияның жұбын табу», «Ассоциация» және т.б.тақырыптарда ойындар,жаттығулар,тренингтер жүргізді.Оқушылармен кері байланыс орнату барысында бойында тұрған эмоция көріністерін  білдіру,шығару,эмоция түрлерін атап беру,көрсету сәттерінің қызықты өткендерін айтып,көтеріңкі көңіл күйлерімен бөлісті.

Қостанай  облысының әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің  М.Хакімжанова атындағы №20 жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологы Кантореева Р.Д.«Психологиялық қолдау жазғы алаңы»жобасы шеңберінде «Мені қоршаған көңілді әлем»тақырыбы аясында,оқушылар  арасында өз эмоцияларын және басқа адамдардың эмоцияларын түсіну қабілеттерін дамытуға бағытталған «Интонация», «Бетті сызу» және т.б.тақырыптарда  ойындар,жаттығулар,тренингтер жүргізді.Кері байланыс орнату барысында айтылатын сөз тіркесін неше түрлі көңіл күйге,эмоцияларға салып айтып шығу қатысушыларға қызық болғанын айтып, өздерінің жағымды сезім,эмоция,әсерлерімен бөлісті.

Қостанай  облысының әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің  М.Хакімжанова атындағы №20 жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологы Кантореева Р.Д.«Психологиялық қолдау жазғы алаңы»жобасы аясында «Мені қоршаған көңілді әлем»тақырыбы аясында  оқушылар  арасында,топтағы қатысушылар арасында ынтымақтастықты дамытуға,төзімділікті,кедергілерді еңсеруге бағытталған  «Шеңбер құру», «Шаршы»тақырыбында  ойындар,жаттығулар,тренингтер жүргізілді.Кері байланыс орнату барысында,қатысушылар жаттығу барысында басқа топ қатысушысына көмектісі келегенін айтып,кедергілерді еңсеруге деген ерік жігердің пайда болғанын айтып өздерінің жағымды  әсерлерімен бөлісті.

Мектепте 10-11 сынып оқушыларға мамандық таңдауда психологиялық көмек берілді, алдағы емтихан алдында мазасыздықты азайту мақсатында психологиялық жаттығулар өткізілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, ашық диалог алаңы ұйымдастырылды.

Мектепте мектеп психологы 8-9 сынып оқушыларымен өзара ынтымақтасты, өзіне деген сенімділікті арттыратын психологиялық тренингтер өткізді. Сабақ барысында балалар бір-бірін  жақынырақ танып, толғандырып жүрген мәселелерін ортаға салды, ересектермен дұрыс қарым-қатынас орнату бойынша пайдалы кеңестер алды.

        Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығының “Оқушылардың эмоционалды интеллектісі.Балалардың үйлесімді дамуы үшін эмоционалды зияткерлік орта” облыстық жобаны іске асыру мақсатында 8 сынып оқушыларымен психологиялық тренинг  ұйымдастырылды.Тренинг барысында оқушылар мультфильм көріп,психологиялық жаттығулар орындады,теориялық білімдерін кеңейтті,өз білімдерін толықтырды.

       6 сынып оқушыларымен “Менің қауіпсіз ортам” тақырыбында кәмелеткетолмағандар арасында зорлық-зомбылықты алдын алу бойынша психологиялық тренинг өткізді. Мектеп психологы Ғалымқазы Ә.Ғ балаларға буллинг тақырыбында ақпарат берді, оқушылармен практикалық жаттығулар орындады, ұсыныстар берді.

       Мектепте 5,10 сынып оқушыларының бейімделу мәселесіне қатысты 5 сыныптармен “Мен және мектеп”, 10 сыныптармен “Мен және менің қоршаған ортам” тақырыптарында психологиялық тренингтер өтті. Тренингтер барысында балалардың өзара ынтымақтастығын арттыратын, мотивацияларын қалыптастыратын жаттығулар ұйымдастырылды.

       9-11 сынып оқушылары Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетіне «Психология және педагогика» мамандығы бойынша «Ащық есік» күніне барып, осы мамандықтың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерімен танысты. «Эмпатия» орталығының жетекшісі Молдахметова Г.М кездесіп, тренинг барысында жаттығулар орындады.

      Психолог күніне орай Қостанай  облысының әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің  М.Хакімжанова атындағы №20 жалпы білім беретін мектебінің»жантанушысы Кантореева Р.Д.,бастауыш сынып оқушыларының арасында танымдық,шығармашылық қабілетті,қиялды дамыту мақсатында«Менің ұшқыр қиялым»тақырыбында жарыс сипатында тренингтер жүргізілді.Кері байланыс орнату барысында танымдық бағыттағы жаттығуларды қызығушылықпен орындағандарын айтып,өз әсерлерімен бөлісті.

      «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитеті» РММ-нің 2021 жылғы 23 қарашадағы № 9725 және «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ-нің 2021 жылғы 02 қарашадағы № 02-08/4430 хаттары негізінде 2022 жылы  қарашада Қостанай қаласының мектептерінде «Қостанай Дарыны» РМО әдіскерлері «Qabilet» қызметі арқылы жалпы білім беретін мектеп оқушыларының зияткерлік және тұлғалық әлеуетін өлшеу бағдарламасы шеңберінде мектебіміздің 10-11 жастағы балаларға диагностика жүргізді. Шыққан нәтижені ата-аналар немесе балалар өз жеке кабинеттеріне кіріп қарады, өз нәтижелерімен танысты.

       Мектебімізде қазан-қараша айларында жантанушы Ғалымқазы Ә.Ғ. 10 сынып оқушыларымен өзара ынтымақтастықты арттыру, жаңа ортаға бейімделу кезіндегі қиыншылықтарды алдын алу мақсатында психологиялық тренингттер ұйымдастырды.Тренинг барысында балалар өз ойларын ортаға салып,тиімді қарым-қатынас жасауға үйренді.

«МЕН ҚОРҒАНУ ЖОЛДАРЫН БІЛЕМІН!»

«Бес ереже мүмкін емес»

  1. Бөтен адамдармен сөйлесуге немесе үйге кіргізуге болмайды
  2. Олармен подъезге және лифтке кіруге
  3. Бөтен машинаға отыруға болмайды
  4. Бөтен адамдардан сыйлық алуға және олардың үйіне немесе басқа жерге олармен баруға болмайды
  5. Қараңғы түскен кезде далада жалғыз болуға болмайды

                                          «Есіңде сақта!»

  • Қайда баратынының туралы ата-анаңа ескерт
  • Әрқашан достарынмен серуенде
  • Түнде адам жүрмейтін жерлерге барма
  • Бөтен адамдардан сыйлық алм
  • Қорықсаң адамдарға жүгір
  • Өзінің мәселелеріңді қоршаған ортаңдағы сенімсіз,бөтен адамдарға айтпа 
  • Ешкімге есікті ашпа және есік арқылы ешкімнің сұрағына жауап берме
  • Егер біреу пәтерге кіруге тырысса, полицияға қоңырау шал,содан кейін терезені ашып көмекке шақыр.
  •  Егер автокөліктегі адамдар сенен жол сұраса оларға жақын барма, олармен жүруге келіспе
  • Ешкімнің саған тиісуге құқығы жоқ.
  • Егер біреу сені қорқытса, көп адамдар арасына қауіпсіздік орынға бар
  • Егер сені біреу шақырса әрқашан ата-анаңның рұқсатымен бар
  • Өзіңнің менкен-жайың мен телефон номеріңді жатқа біл (қала кодымен бірге), телефон 102. 
  • Ата-анаңнын жұмыс телефонының тізімін өзіңмен бірге алып жүр
  • Құпия паролді есте сақта, оны білетін адамдармен ғана  баруға келіс
  • Ешқашан біреудің саған жақындауға рұқсат берме. Егер осындай жағдай болып қалса үлкендерге айт
  • Ата-анаңа керексің, сені жақсы көреді, шындықты айтқаның үшін жазаламайды

                                         «Ескергенің жөн!»

  • ҮЙДЕН ҚАШПА! Үйдегі өмір қиын болса мұғаліммен немесе сыйлайтын,сенетін адаммен сөйлес. Үйден қашқан кезде сен есірткі саудасы, жағымсыз,заңсыз іспен айналысатын адамдардың қолына түсуің мүмкін.
  • Өзінің достығын ұсынатын бөтен,танымайтын  адамдардан сақ бол. Есте сақта сен өзіңді жалғыз сезінетін кезде жаман адамдар үшін сен жәй мақсатсың, олар сені қақпанына түсіру үшін саған өтірік қамқорлық жасауы мүмкін. 
  • Тұрғын емес немесе белгісіз жерлерге шақыруды ешқашан қабыл алма. Сізге жақсы жұмыс ұсынатын таныс емес,бөтен адамдардан абай бол.
  • Таныс емес адамдарға сені фотаға түсіруге рұқсат берме, сені атақты етуге уәде берсе де.
  • Ешқашан таныс емес автомобильге отырма.
  • Жалғыз жүрме,топпен немесе жолдасыңмен серуенде
  • Әрқашан ата-анаңа достарыңмен қайда болатындарың туралы хабарлап айтып қой,егер  жоспарың өзгеріп жатса ескертуді ұмытпа.
  • Сенің рұқсатыңсыз саған ешкімнің  қол тигізуге құқығы жоқ.
  • Егер сен қорықсан,күдіктенсең осыған себеп бар, ішкі сезіміңе сен.


Уақытша қашықтықтан оқытудағы оқушыларға ұсыныстар: