Іс-тәжірибе тарату

2023-2024 оқу жылы

Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының

І қалалық кезеңінің қорытындысы

Қатысушының аты-жөні

Пәні

Нәтижесі

1

Косанова Айжан Умиткалиевна

Биология

1-орын

2

Бейсенова Жанат Таупкеловна

География

2-орын

3

Купеев Ермек Сексенбекович

Көркем еңбек

2-орын

4

Қадырбек Ақсұңқар Батырғалиқызы

Бастауыш сынып

3-орын

Ұстаздарымызды жүлделі орындарымен құттықтаймыз және алдағы уақытқа сәттілік тілейміз!!!

Көркем еңбек пәнінің мұғалімі  Купеев Ермек Сексенбекұлының іс-тәжірибе таратуы

Күні: 16.03.2022 ж.

Тақырыбы: Музыкалық аспапты құрастыру.

Мақсаты:

5.2.3.1-Өлшем мен белгілеу негізінде орындалған бұйым дайындау үшін материалдарды қол құралдарымен өңдеу

5.2.3.2-Түрлі конструкциялық, табиғи және жасанды материалдардан қарапайым бұйым дайындау

– Қауіпсіздік техникасын қадағалап оның маңыздылығын сезініп материалдарды қолдану.

– Өзінің және өзгенің жұмыстарын жетілдіру және адаптациялау бойынша ұсыныстар білдіру.

Жұмыс барысы:

Жаңартылған білім бағдарламасына сәйкес, пәндерді оқыту, функционалдық сауаттылыққа негізделген. Пәндік тақырып мазмұнын, ой елегінен өткізіп, ақпараттық технологиялардың әртүрлі үлгідегі тәсілдерін пайдаланып, талдап ұғындыру. Оқушыларды сурет қиындылары арқылы үш топқа бөлу.

Оқушылардың өткен тақырыптарды интерактивті тақтада флепчат, слайттар, видеороликтер арқылы «Түрлі түсті сұрақтар» тапсырмаларды орындау, үрмелі, ұрмалы және ішекті аспаптарға сәйкестендәру және «Жасырын әуенді тап» айдары бойынша ойнаған музыкалық аспаптың үнін оқушылар жақсы орындады.

Жаңа тақырып видеоролик арқылы түсіндірілді. Сазсырнай жасау кезеңдерін оқушылар видеодан корип өз беттерімен қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып жасады.

Жұмыс нәтижесінде Оқушылар сазсырнайдың сыртқы көлемін жасайды, оң жақ бетін тесу арқылы үнін шырара алады және әртүрлі нотада дыбыстар шығару жұмыстарын орындады. Жұмыс соңында сазсырнайды безендіру жұмыстарымен аяқтады.

Қорытынды: Сабақты қорытындылау «quizziz» бағдарламасын қолданып өз телефондары арқылы берілген код арқылы 15 сұраққа жауап беру жұмыстарын жасады. Сабақты бағалау «quizziz» бағдарламасының қорытындысымен жасалды.

Мектебіміздің жантанушысы Ғалымқазы Ә.Ғ Қостанай қаласындағы Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтының студенттерімен кездесуінде болып, өз тәжірибесімен бөлісті, болашақ психолог мамандығының қоғамдағы алатын орны, маңыздылығы туралы өзара диалог құрылды. Кездесу соңында өзара жақсы тілектер айтылды.

География пәнінің мұғалімі Бейсенова Жанат Таупкеловнаның іс-тәжірибе таратуы