Нормативтік құжаттар

№ исх: 03-08/135   от: 10.01.2018

№ вх: 150   от: 11.01.2018

Қазақстан Республикасының

білім беру ұйымдарындағы

Отбасылық әңгімелесу клубы туралы

ЕРЕЖЕСІ

І. Жалпы ережелер

  1. Отбасылық әңгімелесу клубы отбасы мен білім беру ұйымының әлеуметтік әріптестігін жандандыру үшін құрылады.

Отбасылық әңгімелесу клубы – бала тұлғасын қалыптастыру үдерісінде ата-аналар мен ұстаздардың өзара әрекеттесуінің тиімді дәстүрлі емес нысаны.

Отбасылық әңгімелесу клубтары (бұдан әрі – ОК) барлық үлгідегі білім беру ұйымдарында ашылады.

ОК құру маңыздылығы:

Білім беру ұйымы мен отбасының әлеуметтік әріптестігі – «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру аясында орта, кәсіптік және техникалық білім беру жүйесінің мазмұнын жаңартудың, оқушылардың отбасылармен тәрбиелік жұмыс жүргізудің ажырамас бөлігі.

Ата-аналар мен мұғалімдердің өзара сауатты әрекеттесуі өте маңызды болып табылады.

Отбасы – балаға әлеуметтік-тарихи тәжірибесін, эмоционалдық және іскерлік өзара қарым-қатынастар тәжірибесін берудің маңызды буыны.

Ата-аналар тұлғаның қалыптасу процесіне отбасының қандай үлес қосатынын, білім беру ұйымы оқушының білімділік, тәрбиелік деңгейіне қоятын талаптары қандай екенін түсінуі тиіс.

  1. ОК құру негіздемесі. ОК қызметі білім беру, отбасы мен неке саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады:
  2. Бала құқықтары туралы тұжырымдама;
  3. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы;
  4. «Неке және отбасы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы № 321-І Заңы;
  5. Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері (ҚР БҒМ 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығы);
  6. «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы.

ОК қатысушылары:

  • ата-аналар (заңды өкілдер) және олардың балалары;
  • ұстаздар, аға тәлімгер, психологтар және т.б.;
  • әлеуметтік педагогтар, балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі инспекторлар.

ОК қатысушылары отбасы проблемаларымен айналысуға дайын қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің, ҮЕҰ, БАҚ мүшелері де бола алады.

ІІ. Қызметтің мақсаты, міндеттері, қағидаттары

  1. ОК қызметінің мақсаты: қазақстандық қоғамда дәстүрлі отбасылық құндылықтарын сақтау, отбасыға табынуды қалыптастыру, жас ұрпақ арасында отбасыны құруға және жауапты ата-ана болуға конструктивтік қарым-қатынасын қалыптастыру.
  2. ОК қызметінің міндеттері:

1) ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға ықпал ету;

2) ата-аналардың психологиялық-педагогикалық және құқықтық білімі, отбасылардағы кәсіби бағдарлау жұмысы;

3) тәжірибе алмасу, балалардың тәрбиесінде туындаған проблемалар;

4) бос уақытты бірге өткізуді ұйымдастыру.

  1. ОК қызметінің қағидаттары: еркінділік, құзыреттілік, жеке тіл табысу, кері байланыс, әдеп нормаларын сақтау.

ІІІ. Құқықтары мен міндеттері

  1. ОК мүшелері – ата-аналар (заңды өкілдер):

1) баланы тәрбиелеу, оқушыны тәрбиелеу мен оқыту, бейімдеу проблемалары бойынша білікті консультативтік көмек алуға;

2) үйде баламен сабақтарды ұйымдастыруда практикалық көмек алуға;

3) өз пікірін білдіруге және балаларды тәрбиелеу тәжірибесімен алмасуға; отбасылық саясатын нығайту және дәстүрлі отбасылық құндылықтарды насихаттау бойынша жұмысын жақсарту туралы өз ұсыныстарын енгізуге;

4) ОК қызметіне әртүрлі мүдделі қоғамдық ұйымдар мен жеке тұлғаларды жұмысқа тартуға құқылы.

  1. Отбасылық клубы:

1) отбасылық тәрбиенің оң тәжірибесін зерделеуге және таратуға;

2) туындаған проблемаларға, ата-аналардың мүдделері мен сұрауларына қарамастан ОК жұмыс жоспарына түзетулер енгізуге құқылы.

  1. Отбасылық клубы:

1) білім беру ұйымының жоспарына сәйкес және ата-аналардың қажеттіліктерін ескере отырып ОК жұмысын ұйымдастыруға;

2) ата-аналарға білікті консультативтік және практикалық көмек көрсетуге міндетті

  1. Қызметті ұйымдастыру
  2. ОК жұмыс нысандары:

дамыту ойындары шеберлік сабақтары, ойын сауық бағдарламалар, экскурсиялар, бірлескен мерекелер, дөңгелек үстелдер, психологиялық тренингтер, практикумдар, педагогикалық жағдаяттарды шешу, отбасылық тәрбиені талқылау, бейне көрсетілімдер, кеңестер, сұхбаттар, шағын дәрістер және т.б.

Клубтың отырыстарына және іс-шараларына жоғары білікті мұғалімдер, тәжірибелі психологтар шақырылады.

ОК қорытынды отырысында жұмыстың нәтижелері мен тиімділігі талқыланады.

ОК отырыстары айына 1 рет өткізіледі.

ОК отырыстары жыл бойы тақырыптық болып табылады.

ОК тегін негізде жұмыс істейді.

  1. ОК құжаттамасы мәтіндік (немесе жазба) үлгісінде:

1) ОК жұмыс жоспары, білім беру ұйымының басшысы бекітеді;

2) ОК отырыстарының хаттамалары.

  1. ОК қызметінің негізгі бағыттары:

1) «Отбасы университеті» – оқушылардың, ата-аналардың және мұғалімдердің психологиялық-педагогикалық, сабақтан тыс қызметін ұйымдастыру, қазақстандық отбасы, отбасылық құқық, проблемалық және қабылдаушы отбасылардың әлеуметтік оңалту;

2) отбасы шығармашылығы – отбасылық бос уақытты, отбасылық жобалық қызметін, отбасы шығармашылығын ұйымдастырудағы технологияларды дәріптеу;

3) отбасылық туризм – туған өлке бойынша саяхаттар мен экскурсиялар;

4) ұрпақтар естелігі – аға ұрпақтың өмірінен жауынгерлік және еңбек тәжірибесін кейінгі ұрпаққа беру бойынша ардагерлік ұйымдармен, қоғамдық ұйымдармен, қозғалыстар мен бірлестіктермен өзара қарым-қатынасы.

5) отбасылық бастама – аулаларды абаттандыру, отбасылық мәдени бос уақытын өткізуге, дене шынықтыру мен сауықтыруға жағдайлар жасау бойынша жобаларға қатысу.

6) «Отбасы туралы сөз» – БАҚ-пен өзара қарым-қатынас, баспа материалдарын жариялау, отбасылық құндылықтарын насихаттау бойынша бейнефильмдер шығару.

  1. ОК негізгі іс-шаралары:

1) отбасы заңнамасын түсіндіру бойынша іс-шаралар;

2) отбасылық оқуларды насихаттау бойынша іс-шаралар;

3) жанжалды жағдайлар мен дауларды шешу;

4) дәстүрлі танымдық, тақырыптық, ойын-сауық, спорттық іс-шараларын өткізуге қатысу;

5) «Жыл отбасы», «Полиязычная семья», «Шығармашыл отбасы», «Спортивная и здоровая семья», «Музыкалық отбасы», «Интеллектуалдық отбасы», «Читающая семья», «Саяхатшы отбасы» және т.б. конкурстарды өткізуге көмек көрсету.

  1. ОК іс-шараларын өткізу форматы:

 

1) дәстүрлі: кездесулер, дәрістер, ата-аналарды жаппай оқыту, сауалнама, кеңестер, танымдық және іскерлік ойындар және т.б.;

2) онлайн (қашықтық);

3) «coworking».

Игілікті, айқын және іскерлік сұхбатқа ерекше ыңғайлану, еркін жағдай, пікірлермен, тәжірибелермен алмасу, білім беру ұйымының өміріне белсенді қатысу.